Камала Харрис – 1964 жылы Калифорнияның Окленд қаласында дүниеге келген АҚШ-тың 49-шы вице-президенті. Ол Америка тарихындағы алғашқы қара нәсілді саясаткер әйел.
Балалық шағы
Камаланың анасы – үндістандық Шьямала Гопален. Медициналық зерттеумен айналысады. Әкесі – ямайкалық Дональд Харрис. Экономика саласының профессоры. Екеуі де кезінде Америкаға қоныс аударған азаматтар.
Камала 1981 жылы Канаданың Монреаль қаласындағы орта мектепті тәмәмдайды. Сосын Вашингтондағы Говард университетіне оқуға түседі. Ол жақта саясат және экономика саласы бойынша білім алады. Кейін Калифорния университетінде доктор дәрежесін қорғайды.
Мансап жолы
Прокурор
1990 жылы Алмида қаласында Камила Харрис прокурор көмекшісі қызметін атқарады.Төрт жылдан соң прокурор атанады. 2003 жылы Сан-Францискоға ауысып, 2010 жылға дейін прокурорлық қызмет атқарады. 2010 жылы Калифорнияның бас прокурор қызметіне тағайындалады.
Саясаткер
2016 жылы Камала Харрис Калифорния штатының атынан сенатор қызметіне сайланады. Бір жылдан кейін қауіпсіздік және құқық комитетінің мүшесі атанады.
Үміткер
2019 жылы Демократиялық партия атынан президенттік сайлауға қатысады. Дебат кезіндегі вице-президент Джо Байденді сынайды. Оның ақ және қара нәсілді балалардың бірге оқуына қарсы болғандығын айта кетеді.
2019 жылдың желтоқсан айында Камала үміткерлер қатарынан шығады. Себебі белгісіз.
2020 жылдың наурызында Байденнің кандидатурасын қолдайды. Осы уақытқа дейін сәтсіздікке ұшырап жүрген Байден көшбасшы ретінде алдыға шығады.
Вице-президент
2020 жылы ол вице-президенттікке үміткер болады. 19 тамызда оның кандидаты мақұлданады.Дауыс санына сәйкес Байден-Харрис 306, ал Трамп-Пенс 232 дауысқа ие болды. 2021 жылдың 7 қаңтарында ресми түрде Джо Байден мен Камала Харристің жеңіске жеткені хабарланады.
Жеке өмірі
2014 жылы Камала Дага Эмхофф есімді заңгерге тұрмысқа шығады. Эмхоффтың алдыңғы некеден 2 баласы бар.
Дайындаған: Гауһар Бердібек