Біліп жүр

Киберспорт: ойын арқылы байыған жастар

Киберспорт тарихы

Киберспорт – компьютерлік және видео ойындарға негізделген командалық не жекелей бақ сынайтын спорт түрі. Тарихы 70-жылдардан бастау алатын компьютер ойындары бүгінде әлемнің бірнеше елдерінде ресми спорт түрі деп танылып, әлемдік жарыстар өтіледі. Киберспорттың әлемдік аудиториясы 230 миллионнан асады. Киберспорт жарысында команда құрамында ойын түріне қарай бір адамнан он бес адамға дейін бола алады.

Егер қаржылық көрсеткіштер туралы айтатын болсақ, онда Newzoo аналитикалық компаниясының болжамына сәйкес, 2017 жылы киберспорттан түсетін кірістер 41,3 пайызға өсіп, 696 миллион долларды құрады. Оның ішінде 517 миллион доллар жарнама, демеушілік және іс-шараны тікелей эфирден тарату құқығына, 63 миллион  іс-шаралар мен брендтік өнімдерге билеттер сатудан түскен түсімдер арқылы жиналды.

Киберспорттың дамуы

1970 – жылдар

Стэнфорд университетіндегі әлемдегі алғашқы компьютерлік ойындар сайысы «Интергалактикалық олимпиада» деп аталады. 1972 жылы студенттер Spacewar атыс ойынында Rolling Stone журналына жыл сайынғы жазылу үшін жарысты.

1980- жылдар

8 жылдан кейін сол кездегі Space Invaders ойынындағы атқыштардың ең үлкен чемпионаты өтті. Оған Американың түкпір-түкпірінен 10000 адам қатысты. Бұл бәсекелестіктің жаңа түріне деген сұранысты көрсетті.

80-жылдардың ортасында приставкалы видео ойындардың арқасында компьютер ойындары жаңа бағыт алды. Мысалы, Nintendo Entertainment System (NES) компаниясы Pac-Man, Legend of Zelda, Super Mario Bros және Donkey Kong сияқты ойындармен танымал болды.

1990 – жылдар

90-жылдары Интернет пайда болып, киберспорт қозғалысына жол ашты. Енді ойыншылар онлайн режимінде бәсекелесе алды. Ойын турнирлері, кәсіби лигалар пайда бола бастады, федерациялар құрылды. Ал үздік командалар жүздеген мың доллар көлеміндегі сыйлықтарға ие болды.

2000 – жылдар

2000 жылдардың басында Оңтүстік Корея киберспортқа үлкен серпін берді. Жастар сауда орталықтары мен футбол стадиондарына баруды қойып, компьютерлік клубтарда кездесуді бастады. 1998 жылы Starcraft нақты уақыттағы стратегияны шығарды және теледидарда киберспортқа жол ашты. Арнайы ойын кабельдік арналары StarCraft және Warcraft III жарыстарын үнемі өткізіп тұрады. Ал олардың 2007 жылғы кірісі 200 миллион доллардан асты.

2010-нан бастап

SuperData Research мәліметтері бойынша, 2018 жылы әлемдік киберспорт нарығының кірісі 1,5 миллиард долларды құрады. Болжам бойынша 2022 жылы ол 2,3 миллиард долларға дейін өсу мүмкін.

Әлемдегі ең бай ойыншылар

Самаил Хассан Сайед

Қазір жасы 21-де. Dota 2 кәсіби ойыншысы. Ол Dotа ойынын 7 жасынан бастап бастаған.  Самаил $ 1,000,000 ұтып алған ең жас кибер спортшылардың бірі, Samail жылына $ 1 630,000 табады. Ол америкалық басылымдардың пікірінше, ең ықпалды жасөспірімдердің қатарына кіреді.

Клинтон Лумиз

FearDarkness ретінде белгілі. 1988 жылдың 19 ақпанында дүниеге келген.   DotA 2 үздік ойыншыларының бірі, 2015 жылғы әлем чемпионы. Клинтонның жылдық табысы — 1 730 000 доллар.

Кертес Линг

Aui ретінде белгілі. 1992 жылдың 2 қазанында дүниеге келген. Канадалық киберспортшы. Кертистің мансабында бірнеше қиындықтар кездескен. Оны бірнеше рет командадан шығарып тастады. Бірақ соңында ол ең бай киберспортшылардың біріне айналды. Ал 2018 жылы Кертис Линг ойын мансабын аяқтап, Dota 2 жаттықтырушысы болып жұмыс істей бастады. Кертистің жылдық кірісі — 1870 АҚШ долларын құрайды.

Питер Дагер

PPD ретінде белгілі. 1991 жылдың 2 қарашасында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң ойындарға қатты қызығушылық таныта бастады.  Басқа ойыншылардан айырмашылығы ол мансабын Heroes of Newerth ойынынан бастаған, бірақ кейінірек DotA 2-ке ауысты. 2017 жылы Питер Дагер тобындағы өз функциясын аяқтап, командасының бас директоры болды. Табысы 1 957 000 доллар.

Саахил Арора

UNiVeRSe атымен танымал. 1989 жылдың 11 қазанында дүниеге келген. Ол жыл сайынғы табысы 2 000 000 доллардан асатын әлемдегі ең бай киберспортшы болып саналады. Саахил Dota-ның үздік ойыншыларының бірі және оның әлемде жанкүйерлері өте көп.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!