Махатма Ганди – Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. Ол кісіні егжей-тегжейлі таныстырудың қажеті жоқ.1947 жылы өз еліне қантөгіссіз тәуелсіздік алып берген Махатма Ганди бүкіл әлем біледі. Назарларыңызға аңыз адамның өміріңізді жақсы жағына өзгертуге септігін тигізетін 10 кеңесін ұсынамыз.
Өзіңізді өзгертіңіз
«Егер сіз әлемнің өзгергенін қаласаңыз, онда өзіңіз сол өзгеріске айналыңыз».
Ойларыңызды өзгерту арқылы сіздің сезімдеріңіз бен әрекеттеріңіз де өзгереді. Осының арқасында айналаңыздағы әлем өзгереді. Жан дүниеңізде болатын ішкі өзгерістер сіздің бұрынғы әрекеттеріңізге сүйене отырып, істемеген нәрсені істеуге мүмкіндік береді.
Өзіңізді бақылауға алыңыз
«Менің келісімімсіз маған ешкім зиян келтіре алмайды».
Сіздің бір нәрсені қалай қабылдағаныңыз әрқашан сізге байланысты. Әр түрлі жағдайлардағы «типтік» мінез-құлық болуы мүмкін, бірақ көп жағдайда сіз нені ойлап, не таңдайтыныңызды өзіңіз шеше аласыз. Бұл бірден болмауы мүмкін. Өзіңізді қолға алыңыз.
Кешіріңіз және ұмытыңыз
«Әлсіздер ешқашан кешірмейді. Кешіру тек мықтылардың қолынан келеді».
Қатыгездікті қатыгездікпен жеңе алмайсыз. Егер сіз кешірмесеңіз, өткеніңізге және адамдарға өз сезімдеріңізді басқаруға мүмкіндік беріңіз. Кешірімді болу арқылы назарыңызды басқа нәрсеге аударып, жеңілдейсіз.
Іс-әрекет жасамай еш нәрсеге жете алмайсыз
«Кішкентай ғана өз тәжірибеңіз өзгенің таудай үйретуінен артық».
Әрекетсіз жетістікке жете алмайсыз. Өз-өзіңізді алдамай қимылдаңыз. Сол кезде ғана нақтылы нәтижеге қол жеткізесіз. Аспаннан ештеңе жайдан-жай салбырап түспейді.
Бүгінмен өмір сүріңіз
«Болашақты болжағым келмейді, себебі мені қазіргі жағдай қызықтырады. Құдай маған енді болатын оқиғаларды басқара алатын мүмкіндік берген жоқ».
Ішкі қарсыласуды жеңудің ең жақсы тәсілі — бүгінмен өмір сүру. Неге? Егер сіз қазіргі уақытпен өмір сүрсеңіз, бұдан кейін не болатыны туралы алаңдамайсыз, өйткені оны бәрібір де басқара алмайсыз. Сол себепті бүгінгі жағдайды ойлап, алға жылжыңыз.
Біз жай ғана адамбыз
«Мен кез-келген адам сияқты қателесемін. Алайда мен қателіктерімді мойындай аламын».
Осы қағиданы ұмытпау керек. Өз қателіктеріңізбен жұмыс істей біліңіз. Әр адам қателесуге құқылы, себебі жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Бастысы сол қателіктерді жеңуге, қайталамауға ұмтылыңыз. Мінсіз болуға талпынбаңыз.
Табанды болыңыз
«Алдымен олар сені байқамайды, сосын күледі, сосын сенімен күреседі, содан кейін сен жеңесің».
Табанды болыңыз. Уақыт өте келе айналаңыздағы елемеу азаяды, содан кейін толығымен жойылады. Өзіңіздің нені ұнататыныңызды анықтаңыз. Бұл сіздегі мотивацияны оятып, алға қадам жасауыңызға ықпал етеді.
Дайындаған: Диана Асанова