Біліп жүр

Мэнни Пакьяо: Басты мақсатыңа назар аудар

Мэнни Пакьяо және оның кеңестері

Мэнни Пакьяо (Эммануэль Дапидран Пакьяо) – бокстан 8 салмақта әлем чемпионы атанған жер бетіндегі жалғыз адам. Назарыңызға Мэнни Пакьяоны бокс әлемінің биік шыңына шығарған өмірлік қағидаларын ұсынамыз.

Спортқа аяқ басуы

Пакьяо филиппиндік кедей отбасыда дүниеге келген. Спортпен кәсіби айналысуға ешқандай мүмкіндігі болмаған. Спорттағы жолын көшеде ақша үшін төбелесуден бастаған. АҚШ-қа арман қуалап барған кезде де ешқандай жаттықтырушы оны өз қарамағына алғысы келмеген. Оның алғашқы жаттықтырушысы Фредди Роуч болды. Ол әуесқой боск рингінде 60 кездесу өткізген. Ал кәсіпқой боксқа 1996 жылы аяқ басты.

Өмір Пакьяоның алдына қандай сынақ қойса да, өзінің қайсар мінезі мен өмірлік қағидалары арқылы ештеңеге мойымай, жеңіске жетіп келеді. Бүгінде Мэнни Пакьяо – бұған дейін ешкімнің қолынан келмеген жетістіктердің иесі. Оның жекпе-жегі болатын күні Филиппин көшелерінде қозғалыс тоқтап, қылмыс 0% дейін төмейдейді.

Мэнни Пакьяоның өмірлік көзқарасы

Осы өмірде еркек жануарлардың бір-бірімен қосылғанын көрдіңіздер ме? Бұл тұрғыда төрт аяқты достарымыз бізден жақсырақ. Олар ешқашан екінші жартысының жынысын шатастырмайды.

Мен өмір бойы күресумен келемін. Тіпті балалық шағымда бір тілім нан табу үшін жанымды салатынмын.

Менің жекпе-жектерім жанкүйерлеріме ұнағанын қалаймын. Олардың қалағанын бергім келеді. Бокстағы жетістіктеріме ризамын. Бірақ әлі де Мейвезермен жекпе-жек болғанын қалаймын. Себебі менің жанкүйерлерім бұл жекпе-жекті көргісі келеді.

Егер жекпе-жек ешқандай боқтаусыз, сыйластықпен өтсе, бұл балалар тәрбиесі үшін жақсы. Себебі олар боксшыларды құдайдай көріп, әрбір қылығынан үлгі алады. Өмірімдегі үздік жарнама Шейн Мослмен өткен жекпе-жекте болды. Өйткені біз жақын достармыз.

Егер жекпе-жек алдында артық әңгіме, боқтық сөздер айтылмаса мен қатты қуанамын.

Мен нокаут жасауға ұмтылмаймын. Менің мақсатым – жеңіске жету. Сол үшін қолымнан келгенді жасаймын. Егер қарсыласымды нокаутқа түсірсем жақсы. Ал егер болмаса, ештеңе етпейді.

Қарсыласымды төмен түсіріп, жаман заттар айту арқылы мықты көрінетініме күмәнданамын. Мұндай ойға сенбегенмін де.

Музыка тыңдасам барлық күйзелісім кетеді. Өзімді мықтырақ сезінемін.

Айналамдағы адамдар – менің жетістігімнің көпірі. Сондықтан олардың әрқайсысы мен үшін маңызды.

Биікте болсам да, маған Құдайдың көмегі керек. Себебі ол болмаса, біз ешкім емеспіз.

Отанына сүйіспеншілігі

Менің ең басты мақсатым – елімдегі кедейлікті жойып, халқымды бірлікке шақыру. Адамдарға бірігіп жұмыс істесек қана көмектесе аламыз.

Мен елім үшін өзімше күрестім. Жеңістерім арқылы әлемге филиппиндіктердің өз мақсаттарына жететін мықты ұлт екенін таныттым.

Қазіргі таңда бүкіл әлемге батыр керек. Менің өмірімдегі  қиын жекпе-жек – бокста емес, елімдегі кедейілікпен күресу.

Мэнни Пакьяо берген кеңестер

Аз сөйлеп, көп жақсылық жасау керек. Сонда бәрі оңай болады.

Егер барынша беріліп жаттығатын болсаң, кез келген жекпе-жектен жеңімпаз болып шығасың.

Ең басты мақсатыңа ғана назар аудар.

Өмір алдыңа келген сынақтарды жеңу үшін беріледі. Себебі сол арқылы біз дамып, өсе береміз.

Аузыңа келгенді айтып, жаман қылықтарды көрсетпей-ақ танымал болуға болады.

Дайындаған: Досбол Атажан

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!