Ми – ақыл-ой, білімнің деңгейіне, ағзадағы барлық қызметтің жүзеге асуына жауап беретін мүше. Ми жұмысы жақсарған сайын есте сақтау қабілеті, ойлау қызметі арта түседі. Ал сол ми қызметі жақсы болуы үшін еңбектену керек. Ендеше Balbal.kz мотивациялық сайты ми қызметін жақсартудың тиімді әдістерімен бөлісетін болады.
Сурет салу
Сурет салу мидың оң жақ бөлігінің қызметін жақсартады, шығармашылық қабілетті шыңдайды. Суретті әдемі сала алмасаңыз да тоқтатпаңыз, себебі сіз суретшілер көрмесі үшін емес, өз потенциалыңызды арттыру үшін саласыз. Сурет салу барысында ұқыптылыққа үйренесіз.
Күнделік арнау
Күнделік арнап, кез келген ойыңызды қағаз бетіне түсіруге тырысыңыз. Жаза-жаза сіздің критикалық ойлау қабілетіңіз шыңдалып, аналитикалық сараптама жасай бастайсыз. Жүйелі ойлап, жүйелі сөйлейсіз.
Физикалық жаттығулар
Физикалық жаттығулар ағзаға оң әсер беретінін білеміз. Соның ішінде ми жұмысына пайдасы көп. Жаттығу кезінде миға ауа тезірек барады.
Ми толқынын жақсарту
Ми қызметін жақсарту үшін дыбысты немесе бейнені белгілі бір жиілікте қолдану.
Өз-өзіне жасалған гипноз
Гипноз – өз-өзін белгілі бір жағдайға сендіретін, жаңа күйге ендіретін ең эффективті әдіс. Гипноз мидағы қысымды басып, ойлау жүйесін жақсартады.
Ми шабуылы
Ми шабуылы техникасы шығармашылық қабілетті дамытады, жаңа идеялардың пайда болуына әсер етеді. Бұл миыңыздағы продуктивті іс-әрекеттердің орындалуына көмектеседі.
Кроссвордтар
Кроссворд шешу – ми қызметін дамытатын тиімді әдіс. Критикалық ойлау жүйесі мен есте сақтау қабілетінің дамуына әсер етеді. Оны бір рет шешіп қою жеткіліксіз, күнделікті әдетіңізге айналдырыңыз. Сол кезде өзгерісті байқайсыз.
Шахмат ойнау
Шахмат ойыны әлемдегі ең ақылды ойын түрі деп саналады. Шахмат ойнау арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Зейін қоя білу, концентрацияны жақсартады, табандылық қасиетін қалыптастырады.
Пікір таластыру
Пікір таластыру кезінде сіз өз позицияңызды қорғап шығу үшін қатты ойланып, көп фактілерді есіңізге түсіре бастайсыз. Қарсылық айту үшін өз аргументіңізді ұсынасыз. Аналитикалық және критикалық ойлау дамиды.
Позитивті ой
Позитивті ойлау бақыт гормонын бөледі. Мұндай жақсы гормондар ойлау процесін жақсартады, ал негативті пікірлер керісінше оны тежейді. Армандау кездің өзінде де ми жақсы өмірді елестету барысында ойланады.
Медитация
Медитация IQ-дің өсуіне көмектеседі. Мидағы «префронтальді қабықтың» қызметін арттырады. Соның арқасында ойлау және соны орындау қызметінің жылдамдығы артады.
Терең тыныс алу
Терең тыныс алу қандағы оттегінің қызметін арттырады. Сол арқылы мидың клеткаларына ауа тез барып, жақсырақ жұмыс істеуіне әкеледі. Күніне 10-15 минут терең тыныс алатын болсаңыз, жақын арада өзгерісті байқайтын боласыз.
Күлкі
Күлкі – барлық дертке дауа. Күлу кезінде мидағы эндорфиндер шығарылып отырады. Эндорфин – ауырсынуды сездіріп, ми қызметін тежейтін химиялық зат. Күлкі сонымен бірге стресстің әсерін де азайтады.
Өзгеріс енгізу
Айналаңызға өзгеріс енгізу арқылы миға жаңа әсер бересіз. Ол оның ойлауына әкеледі. Мысалы, үй мен жұмыс арасында бару жолдарын ауыстырып отырыңыз, үйдің ішінде жиһаздардың орнын өзгертіңіз, т.б. Жаңа нәрсені тану арқылы мидағы клеткалар арасында жаңа байланыс орнай бастайды. Нәтижесінде жаңа қабілеттер танылады.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова