Біліп жүр

Мидың мүмкіндігі: Нейролингвистер оқуға ұсынатын кітаптар

Мидың жұмысын жақсартатын кітаптар

Мидың мүмкіндігі көп. Ал жүйке жүйесі тікелей мимен байланысты. Мидың жұмысын жақсарту үшін есеп шығарып, кітап оқыған дұрыс. Назарыңыға психологтар мен нейролингвистер ұсынатын оқуға қажетті кітаптар топтамасын ұсынамыз.

«Ми мен жан», Кристофер Фрит (Making up the mind)

Белгілі британиялық Крис Фрит психологиядағы үлкен және кішігірім мәселелерді зерттеген. Мысалы, аутизм, психикалық әрекет пен қоғамдық әрекет.  Біз өмірді қалай қабылдасақ, солай әрекет етеміз. Таңдау жасап, сезінеміз, есте сақтаймыз.

«Балаңыздың миының құпиялары», Сандра Амодт пен Сэм Вонг (Welcome to Your Child’s Brain)

Кітап мидың қалыптасуы жайлы қызықты әрі таңқаларлық деректерге толы. Онда мидың жатыр ішінде пайда болуынан, ересек кезге дейінгі дамуы айтылады. Балаға туылмай жатып миына әсер етуді үйренесіз. Темпераменттің неліктен ұрпақ қуалайтынын, баланың тәтті жақсы көру себебін біле аласыз. Жасөспірімнің тәртібі  секілді балаға қатысты қызықты деректерді оқып білесіз.

«Ми айтады. Бізді нелер адам қылады?», Вилейанур Рамачандран(The Tall-Tale Brain)

Түрлі жұмбақтардың (Адам өз қолын қалай кеседі? Аутизмге шалдыққан баланың суреті неліктен Леонардоның суреттеріне қарағанда жақсы?) шешімдерін бұл кітаптан оқып біле аласыз. Кітапта В.С.Рамачандранның тәжірибе нәтижелері де келтірілген.

«Ақырын ойла… Тез шешім қабылда», Даниэль Канеман (Thinking, Fast and Slow)

Нобель сыйлығының лауреаты Даниэл Канеман неліктен бұрыс шешім қабылдайтынымыз жайлы айтады. «Асықпай» ойлану есеп шығарғанда, дүкеннен тауар таңдағанда іске қосылады. Бұлай ойлау арқылы біз жағдайды бақылаймыз деп есептейміз. Алайда біздің ойымызда тез шешім қабылдау, еркімізден тыс шешім қабылдау секілді «жылдам» әрекеттердің барын ұмытамыз.

«Сана миға қарсы», Роберт Бертон (Mind VS Brain)

Біз өзімізді саналы тіршілік иелері деп есептейміз. Ғалымның айтуы бойынша біз сананың шешімін толығымен табуға жақын қалдық. Нейробиологиядағы жетекші маман Роберт Бертон ғылымның бұл мәселені шеше алатынына күмән келтіреді.

«Үлкен жад жайлы кішкентай кітап», Александр Лурия (Маленькая книжка о большой памяти)

Бұл кітапша шектеулі жадқа ие бір адамға арналған. Оның дамуы жеке тұлғаның ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Кітап авторы бұл «табиғат тәжірибесінің» ұзақ мерзімін толығымен сипаттауға талпынады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!