Біліп жүр

Миллиардерлер немесе 40 жасқа толмаған 13 ауқатты азамат

Миллиардерлер тізіміндегі жастар

Миллиардерлер тізімі немесе ең ауқатты адамдар рейтингісін барын білесіздер. Америкалықтар ол тізімге 400 адам кіргізген. Ең қызығы, ондағы 13 миллиардер қырықтың қырқасына жетпеген азаматтар. Он үштің төртеуі ғана мол байлыққа мұрагерлік жолмен кенелген. Ал қалған тоғызы өз сандық компаниясын құру арқылы миллиардерлер санатына кірген.

Марк Цукерберг. 35 жас. 69,6 миллиард доллар

40 жасқа дейінгі миллиардерлер көшін бастап тұрған Фейсбуктің 35 жастағы басшысы. 2004 жылы Марк Цукерберг Гарвардтағы студенттер жатақханасында Facebook-ті ашты. Бір айдан кейін Стэнфорд, Йель және Колумбия университеттерінің студенттері аталмыш әлеуметтік желіні қолдана бастады. 2004 жылдың аяғында Facebook қолданушыларының саны 1 миллионнан асқан. Марк Цукерберг Гарвардтағы оқуын тастағанына қарамастан, 2017 жылы Гарвард университетінен «Құрметті доктор» атағын алды.

Оған АҚШ Феральдық сауда комиссиясы (FTC) Facebook қолданушысының деректерінің таралуына байланысты рекордтық $ 5 млрд айыппұл салған еді. Бірақ соған қарамастан оның байлығы өсуін тоқтатпады. Дәл сол күні әлеуметтік желіден екінші тоқсанның қаржылық есебі жарияланды. Дерек бойынша Facebook-тің кірісі 28%-ға артқан, ал Интернет-гигант акцияларының құны 15% артты.

Шон Паркер. 39 жас. 2,7 миллиард доллар

19 жасында Шон Паркер «Napster» музыкалық бөлісудің тегін платформасын құрды, кейіннен авторлық құқықты бұзғаны үшін бірнеше рет сотқа тартылды. 2004 жылы ол Марк Цукербергпен кездесіп, 24 жасында Facebook-тің алғашқы президенті болды. Шон Паркер компанияда аз уақыт болса да, көп ұзамай Spotify-тің алғашқы инвесторларының бірі болып, кірісі тез жанданды. Сөйтіп миллиардерлер тізіміне енді.

Дастин Московиц. 35 жас. 11,6 миллиард доллар

Гарвард университетінде оқып жүргенде Дастин Московиц Марк Цукербергпен бір бөлмеде тұрған. Ол Facebook негізін қалаушылардың бірі және әлеуметтік желінің алғашқы техникалық директоры атанды. 2008 жылы ол Facebook-тен Asana мобильді жобаларды басқаруға арналған қосымшасын құру үшін кетіп қалды.  Қазір шамамен ол қосымша 1,5 миллиард долларға бағаланады.

Эрнест Гарсиа ІІІ. 37 жас. 2,3 миллиард доллар

2012 жылы ол интернет арқылы ескі көліктерді сатуды ұйғарып, Carvana компаниясын құрғысы келеді. Алғашында ол әкесі және тікелей бастығы Эрнест Гарсия II-нің «DriveTime» авторейтлерінің еншілес компаниясы ретінде дамығысы келеді. Алайда әкесі кәсіпорынның сәттілігіне күмәнданды. Эрнест Гарсия III өзінің ісін әкесіне дәлелдей алды. Бүгінгі таңда Carvana акциялары биржада саудаланады, ал компанияның сатылым көлемі шамамен 2 млрд долларды құрайды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап онлайн-платформаның акциялары екі есе өсті.

Джо Геббиа. 38 жас. 4,2 миллиард доллар

Джо Геббиа Род-Айлендтің беделді дизайн мектебінде графикалық және өнеркәсіптік дизайн бакалавр дәрежесін алып, ұзақ уақыт жұмыс таба алмады. Екі жылдан кейін ол Airbnb сервисінің негізін қалаушылардың бірі болды. Қазір ол компанияның стратегиялық директоры лауазымын атқарып жүр.

Осы жылы олар компаниядағы үлесін жеке инвесторларға сатты, нәтижесінде Airbnb компаниясының нарықтық құны $ 35 млрд.-қа жетті.

Натан Блечарджик. 36 жас. 4,2 миллиард доллар

Мектеп кезінен бастап Натан Блечаржик 20-дан астам елдегі клиенттерге бағдарламалық жасақтама сатумен айналысады. Кейін ол Джо Геббиямен бірге пәтер жалдап, оған Airbnb-дың алғашқы сайтын жасауға көмектесті. Қазіргі уақытта Натан Блечаржик компанияның стратегиялық даму жөніндегі директоры және Airbnb China директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын атқарады.

Брайан Чески. 38 жас. 4,2 миллиард доллар

Әріптесі Джо Геббиа сияқты Брайан Чески Род-Айленд дизайн мектебін бітірді. 2007 жылы оған көп мөлшерде ақша қажет болды, сондықтан Сан-Франциско конференциясының бірнеше қатысушыларын өз пәтерлеріне аз төлеммен қабылдады. Кейіннен достары Airbnb сервисін ойлап тапты.

Линдси Снайдер. 37 жас. 3,6 миллиард доллар

Орта мектепте Линси Снайдер Калифорния штатындағы Реддингтегі асхана желілерінің бірінде кассир болып жұмыс істеді. Асханада салат жапырақтарын бөліп отыру негізгі жұмысы еді. 18 жасында ол отбасылық In-N-Out Burger мейрамханасының саудамен айналысатын бөлімінде жұмыс істей бастады. Әкесі мен ағасы қайтыс болғаннан кейін 2010 жылы Линси  компанияның президенті атанады. Кейін ол басқа жерлерде мейрамханаларды ашып, Техас пен Орегонда In-N-Out Burger желілерін қосады.

Скотт Дункан. 36 жас. 6,3 миллиард доллар

Скотт Дункан әкесінің «Enterprise Product Partners» мұнай және газ компаниясындағы үлесін оның 50 жастан асқан үш қарындасымен бөліп алды. Ол қазіргі таңда отбасылық кәсіппен айналыспайды. Компанияның директорлар кеңесінің төрағасы — оның әпкесі Ранда Дункан Уильямс.

Хулио Марио Санте Доминго ІІІ. 34 жас. 2,1 миллиард доллар

Оның атасы 2005 жылы SABMiller колумбиялық сыра қайнату кәсіпорнының үлесін сатып алған. Қазір ол Нью-Йорктегі Sheik ‘N’ Beik тобында диджей болып істесе де, әлемдегі ең ірі сыра өндірушісінің үлесіне ие.

Лукас Уолтон. 33 жас. 18,1 миллиард доллар

Лукас Уолтон -Walmart-тың АҚШ-тағы ең ірі супермаркеттер желісінің негізін қалаушысы Сэм Уолтонның немересі. Ол компаниядағы үлесін 2005 жылы әкесі ұшақ апатынан қайтыс болғаннан кейін алды. Колорадо университетінде ол экологиялық тұрақты даму принциптерін ескере отырып, бизнесті қалай жүргізуге болатындығын зерттеді.

Эван Шпигель 29 жас. 3,6 миллиард доллар

Орта мектепте Эван Шпигель Red Bull-да тәжірибеден өтті. Ол Snap Inc.-тің дамуына көп уақыт бөлу үшін Стэнфорд университетінен кетті. 2018 жылы миллиардер бакалавр дәрежесін алу үшін өзінің университетіне қайта оралды.

Бобби Мерфи 31 жас. 3,7 миллиард доллар

2011 жылы Бобби Мерфи Snapchat-пен танымал фотосурет және бейне хабарламалар қосымшасын жасады. Қазіргі уақытта ол Snap Inc. компаниясының техникалық директоры лауазымын атқарады. Компанияда бірқатар басшылардың кетуіне және техникалық ақауларға байланысты акция бағасы күрт төмендеген еді. Осы кезде Бобби Мерфи акция бағаларының қайта қалпына келуіне көмектесті. Осы жылы Snap Inc. компаниясының позициясы түбегейлі өзгеріп, Snapchat пайдаланушыларының саны және компанияның акцияларының бағасы қайтадан тез өсті.

Дайындаған: Скендирова Қырмызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!