Біліп жүр

Мобильді қосымша: Өмірді жеңілдететін жобалар жайлы

Мобильді қосымша түрлері

Мобильді қосымша бүгінгі таңда адамға көптеген мүмкіндік береді. Бірі ғаламтор арқылы қаржыны басқарса, енді бірі салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі. Мобильді қосымша көмегімен жұмыстың жартысын аяқтап үлгереміз. Олардың саны көп. Бірақ көпшілігі білмейтін қосымшалар жеткілікті. Бұл қосымшалар өмірдің барлық жағдайына қажетті. Пайдасы да көп.

Wi-Fi Map Pro

Ғаламтор әлемнің барлық жерінде қажет. Бірақ барлық уақытта қолжетімді бола бермейді. «Wi-Fi»-ды құпия сөзге байланысты пайдалану мүмкіндігі шектеледі. Алайда «Wi-Fi Map Pro» қосымшасы бұл мәселенің шешімін тапты. Бұл қосымшада барлығы «Wi-Fi» құпия сөздерімен бөліседі. Желіге баптаулар арқылы қосылған жөн. Қосымша арқылы өзіңізге қолжетімді «Wi-Fi»-дың құпия сөзін тауып, жазсаңыз жеткілікті.

iBattery

Қуат күшінің азаюы гаджет пайдаланушысының алаңдаушылығын тудырады.«iBattery» қосымшасы смартфондағы қуат көзін бақылауда ұстайды. Смартфондағы қажетсіз қосымшаларды өшіру арқылы қуатты үнемдейді. «iBattery» қосымшасын пайдалану смартфоныңыздың жұмыс уақытын бірнеше күнге дейін ұзарта алады. Қосымша кез келген жұмыс жүйелеріне жарайды.

Fyuse

Смартфондардың суретке түсіру қабілеті жылдан жылға арту үстінде. Бірақ 3D форматындағы суретті жасау қарапайым смартфон камерасы үшін мүмкін емес. «Fyuse» қосымшасы суретті 4 нүкте арқылы бекітеді. Осылайша 3D форматындағы сурет жасалады. Егер сурет сапалы шықса, бірнеше бағыттан тамашалай аласыз.

Stocard

Дисконт карталары барлық дүкенде бар. Олар сізге үлкен жеңілдікпен сауда жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен карталардың көптігі сізге бірнеше ыңғайсыздық алып келуі ықтимал. «Stocard» мобильді қосымшасы арқылы осындай дисконт карталарын смартфонға енгізуге болады. Барлық карта бір жерде орналасады. Картаны сақтау үлкен қиындық алып келмейді. Сауда жасау да біршама жеңілдетілген.

Cluise

Шкафтағы киімдер арасынан киім таңдау қиындық тудыруы мүмкін. Қазіргі уақытта смартфоныңызды киім шкафына айналдыруға да болады. «Cluise» қосымшасы арқылы киімдеріңізді суретке түсіріңіз. Қосымша сіздің киіну стиліңізге қарай күнделікті киім үлігісін дайындап береді. Сонымен қатар «Cluise» арқылы шкафыңыздағы артық киімдерді анықтауға болады. Сіздің топтамаңызға керекті киім үлгісін де көрсете алады.

Отголодали? Что поесть?

Кейде кешкі асқа не дайындау керектігін білмей жатамыз. Үйдегі бар азық-түлікпен қандай тамақ жасауға болатынын анықтайтын «Отголодали? Что поесть?» қосымшасы осындай кезде көмекшіге айналады. Әрине, аз азық-түлікпен тамақ жасай алмайсыз. Қосымша сізге дүкенге баруға кеңес береді.

App in the Air

App in the Air – саяхаттаушыларға арналған көмекші. Ол рейстің уақыты, кешігуі, онлайн-тіркеудің басталғандығын есіңізге салып отырады. Таныс емес әуежайда бағыт ұстауға көмектеседі. Сонымен қатар қосымша кезекті бақылап, тіркеуге қанша уақыт кететін есептеп береді. Саяхатшы үшін таптырмас көмекші.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!