«Менің есте сақтау қабілетім нашар» деген сөзді ақпаратты есте сақтаудың тиімді тәсілдерін білмейтін адамдар айтады. Әлемде 75% адамдар есте сақтаудың классикалық түрлерін қолданады. Олар: кітапты жастықтың астына қою, көзіміз қызарғанша оқу және сұрақтың жауабы жазылған стикерлерді қабырғаға жабыстыру. Осындай пайдасыз тәсілдер сіздің уақытыңызды алып жатыр. Біз сізге ұмытшақтықпен күресудің әдіс-тәсілі мен есте сақтау процесінің жеті құпиясын ұсынамыз.
1.Хат жазыңыз
Бұл әдіс 2008 жылы Киото университетінде зерттеліп, оң нәтиже көрсетті. Дипломдық жұмысқа, диссертация қорғауға дайындалмастан бұрын қалам, қағазыңызды алып өзіңізге хат жазыңыз. Жиырма минут уақытыңызды алғанымен жиырма сөйлемді бірден еске түсіруге көмектеседі.
Соңғы бір аптада өміріңізде орын алған жайсыз жағдайлар мен айтылған негатив пікірлерді есіңізге түсіріңіз.
Әдетте, адамның ми шеңбері жағымсыз жағдайларды жадында жақсы сақтайды. Көңіл-күйіңізге кері әсерін тигізсе де нәтижесі сізді қуантады.
2. Табиғатпен байланыс
АҚШ-тағы Мичиган университетінің студенттері емтиханға дайындалу үшін арнайы саяжайларды паналайды.
Мичиган университетінің психологтары табиғат аясы адамның ойлау қабілеті мен танымдық қызметін 20% -ға арттыратынын дәлелдеді.
Алайда саябақтарға барып, саяжайларды паналау міндетті емес. Он минут көз алмай табиғаттың әсем көрінісі бейнеленген суретке қарасаңыз да жеткілікті.
3. Сөзді қимылға айналдырыңыз
Өзге елдің тілін үйрену барысында қолданатын әдіс түрі: сөздерді іс-қимылмен алмастыру. «Jump-секіру» сөзі кездесті ме демек секіріңіз. Диалог пен оқылуы қиын фразалар кезінде шағын қойылым ұйымдастырыңыз.
4.Спортпен шұғылданыңыз
Спорт – кез-келген іске шабыт беретін процесс. Есте сақтау қабілетіне спорттың пайдасы туралы көптеген зерттеулер жүргізілсе де барлығы бір методты ұсынады: аэробты жаттығулар.
Аэробты жаттығулар мидың қан айналымымен қоса, жад жұмысын жақсартады.
Кітап оқуға кіріспес бұрын Fit-bo-мен айналысыңыз.
5. Бір әріпті анықтама
Үлкен көлемді мәтіндерді жаттау үшін барлық мәтінді ақ қағазға көшіріп алыңыз. Көшірген мәтініңізді үш рет оқып, келесі ақ параққа әр сөздің бірінші әрпін ғана жазып қайта көшіріңіз. Бастапқыда көз қырыңыз толық мәтінге түсіп кете беретіні белгілі. Барлық сөйлемді бір әріптің көмегімен жаттау қиынға соғады. Бірақ нәтижесі көңіл көншітеді.
6.Өзіңізді тыңдаңыз
Әдісті жүзеге асыратын құрал-диктофон. Дауысыңызды диктофонға жазып ұйықтар алдында қосып қойыңыз.
7. Декорацияны өзгертіңіз
Сізге бір күнде екі емтиханға дайындалу керек. Дайындықты екі түрлі бөлмеде орындаңыз. Бұл тәсіл миымыздағы ақпараттардың шатасуына жол бермейді.
Дайындаған: Інжу Өмірзақ