Біліп жүр

Наполеон Хилл: «Ойлан және байы» кітабының құпиясы

Наполеон Хилл анықтаған құпия

Наполеон Хилл «Ойлан және байы» кітабы, шын мәнісінде, бизнес-әдебиеттің классикалық кітабы. Бизнес туралы кітаптардың шыққан тегін яғни ата-бабасы бар делік. Мұндай жағдайда Наполеон Хилл жазған «Ойлан және байы» кітабы сөзсіз әулеттің түп-тамыры. 

«Ойлан және байы» кітабы әлем оқырмандарының оң бағасын алған бестселлер туынды. Хиллдың айтуынша, сіздің қандай үйде, қандай жағдайда өмір сүргіңіздің келетіні, атақ пен даңқтың келуі маңызды емес. Ең басты фактор – арманыңыздың биіктігі. Кітапта автор жетістікке жетудің нақты құпиясын айтпайды. Тек бұл құпияны табу жолдарын және құпияны тапқан адамдардың өмірлерінен бірнеше мысалдар келтіреді. Сонымен Наполеон Хиллдың айтып кеткен құпиясы қандай?

Не ойласаң, соны аласың…

Ральф Эмерсон бұл туралы: «Құпия — бұрын болған, қазір болып жатқан және болашақта болатын нәрсе», — дейді. Сен қалағаның мен болашақта алатының әрқашан сәйкес келеді. Әрине, бұл үшін ойың мен санаңды тек жақсы жаққа бұруың керек. Сіздің қазіргі болмысыңыз бұған дейінгі істелінген және ойлаған нәрселердің жемісі. Яғни эмоция әрекетті тудырады. Ал эмоция пайда болуы үшін ой қажет. Ой-Эмоция-Әрекет-Шындық. Демек, сіздің ойыңыз шындыққа алып келетінін ұмытпаңыз. Әлемде адам ойына тең келер күш жоқ. Физикалық күш-қуат сіздің ойыңызды тек іске асырушы ғана.

Ал ойдың күші – сізге адамдар мен оқиғаларды, жағдайлар мен мүмкіндіктерді тартушы магнит.

Сіздің жаныңыздағы достарыңыз бен сіз жақсы көретін адамдар сіздің ойыңызға сәйкес келеді. Бір адам шылым шегіп, өзін дұрыс ұстамай тұр делік. Көр де тұрыңыз, оның жанына міндетті түрде өзі секілді жандар жиналады. Демек ой адамдарды тартады. Сол үшін өзіңіздің ойыңыз бен санаңызды басқарыңыз.

Наполеон Хилл айтып кеткен керемет құпия

«Егер бір нәрсені қатты қаласаңыз, ойынға тартылыс күші де қосылады», — дейді Эндрю Карнеги. Ойыңыз бен зейініңіз неге шоғырланса, соны аласыз.

Кітаптың құпиясы – тартылыс заңы. Наполеон Хиллдың айтуы бойынша, уақытыңыздың басым көпшілігінде нені ойласаңыз, соған айналасыз. Егер бір нәрсені қаласаңыз, соған қол жеткізгендей ойлаңыз. Осы арқылы өзіңіздің болашағыңызды жарқын етесіз. Қашан екені белгісіз, бірақ ол міндетті түрде өмірге айналады.

Ойлау арқылы іске асырасыз

Эндрю Карнеги және өзге де жетістікке жеткен жандардың өмірлік құпиясын зерттей келе, Наполеон осындай шешімге келеді. Бұған ол бірнеше дәлел келтіреді. Мысалы, әйгілі өнертапқыш Томас Эдисонның серіктесі Барнс өз қызмет жолын Эдисонның жұмысшысы ретінде бастаған. Бірақ ол қалай серіктеске айналды? Автор бұл сұрақтың жауабын Барнстың ойы дейді. Эдисонға келер жолда Барнс өзін оның серіктесі ретінде елестетіп, сөйлесу үшін бірнеше жоспар құрады. Нәтижесінде Барнс Эдисонның өнертабысын сату арқылы серіктесіне айналады. «Сәттілік сәттілікті ойлаған жанға ғана келеді». Сол үшін ойлаудан жалықпаңыз.

«Сіздің ойыңыз бен зейініңіз сізді іс-әрекетке алып келеді». Бұл Наполеон Хиллдің көз жеткізген құпиясы.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!