Бұл – XIX ғасырда Солтүстік Американы мекен еткен үндіс тайпаларының көсемдері айтқан даналық сөздер.
- Білімге емес, даналыққа ұмтыл. Білім деген өткен күннің елесі, даналық деген рауандап атқалы тұрған ертеңгі күн.
- Шіркеуге жанымыз қас. Олар бізді Құдай туралы дауласуға шақырады.
- «Ала ғой» деген сөзің «мен береміннен» екі есе артық.
- Қара қылды қақ жару үшін көп сөздің қажеті жоқ.
- Жақсы адамның жақсыға ғана көзі түседі.
- Үндемес мылжыңға қарағанда екі есе көп біледі.
- Аяқ киіміңнің ізіне қарап ал, сосын ғана біреудің мінін айт.
- Ессіз ғашық болмас бұрын қар үстінде із қалдырмай жүруді үйрен.
- Өлім деген жоқ. Тек бір әлемнен екінші әлемге саяхат шегу бар.
- Итті құшақтап жататындар ертесіне бүргемен оянады.
- Ақ нәсілділердің сөзге шешендігі сондай, шынды өтіріктей, өтірікті шындай етіп көрсете алады.
- Менің балам ешқашан егінші болмайды. Себебі егіншілер түс көрмейді, ал даналық болса бізге түс арқылы келеді.
- Өмір деген не? Ол түндегі жарқырауықтың жарығы. Ол бизонның қыстыгүнгі демі. Ол таңда шөпке түсіп, кешке ғайып болатын көлеңке.
- Соңғы ағаш отынға айналып, соңғы өзен ластанып, соңғы құс торға түскен күні сіздер ақшаның тамақ болмайтынын түсінесіздер.
- Ұлы Рух мінсіз емес. Оның жарқын да, көлеңкелі де тұстары бар. Кейде көлеңкелі тұсының үйретері көбірек.
- Білім кез келген нәрседе жасырынып тұр. Мына әлем кезінде кітапхана болған.
- Өз-өзіңді есту үшін тіс жармайтын күндер қажет.
- Өзіңді түсіну үшін таудағы таспен тілдес…
- Мінгенің өлі ат екенін байқасаң, аттан түс.
- Ұлы Рух жаңа күнді сыйлағанда оны бәріне тарту етеді.