Біліп жүр

Nomad Club – «Air Astana»-ның өз клиенттеріне тартуы

Nomad Club жобасының ережесі және артықшылықтары

Nomad Club – «Air Astana» әуе компаниясы ұсынған арнайы жоба. Клубтың мүшесі атану үшін сізге веб-сайтқа өтіп, онлайн режимінде тіркелу қажет. Balbal.kz «Nomad Club» жобасына шолу дайындап, назарыңызға ұсынады.

         Жоба қалай жұмыс істейді?

Сайт арқылы тіркелген соң сіз балл жинайсыз. Ал клуб картасы клубтың мүшесі ретінде алғаш рет ұшқан соң электронды поштаңызға жіберіледі. Балл әрбір «Эйс Астана» компаниясы арқылы іске асқан рейстер бойынша жинақталады. Рейстің халықаралық не ішкі болуы маңызды емес.

Неғұрлым көп саяхаттасаңыз, балл соғұрлым көп беріледі. Бастапқы уақытта базалық – көк карта иегері атанасыз. Балл жинала түскен сайын, «күміс» және «алтын» карталардың иесі бола аласыз. Бұл жобаның элиталы деңгейі болып саналады. Элиталы деңгейдің мүшесі бірнеше артықшылықтарға ие: тіркеу кезіндегі артықшылықтар, бонустар, қосымша жүк алып кіру және арнайы күту залына рұқсат (тек «алтын» карта иегері үшін)

Бүгінгі таңда «Nomad Club» «Эйр Астана» және өзге де серіктес компаниялар арқылы жүзеге асатын рейстер үшін бонус береді. Болашақта мұндай компаниялар саны көбейіп, қонақ үй, көлікті жалға алу, мейрамханалар мен дүкендер арқылы да бонус аударуды жоспарлап отыр.

Жобаның ережелері мен талаптары

Компанияның сайтында жазылғандай, жобаға екі жастан астан барлық азаматтар қатыса алады. Кәмелеттік жасқа толмаған қатысушының өтінішіне ата-анасының біреуі қол қоюы шарт. Сонымен қатар жобаға қатысу тек бір адамға ғана арналады. Отбасылық немесе топтық, ұжымдық, трест пен департамент басшылығы, агенттіктер үшін қарастырылмаған.

Клубқа кез келген елдің азаматы мүше бола алады. Тек барлық құжаттарды толтырып, өтініш берсе болғаны. Әрі сіз кез келген уақытта өзіңіз еңгізген мәліметті клиенттерді қолдау қызметіне хабарласып не болмаса сайттағы жеке кабинетіңіз арқылы өзгерте аласыз. Есіңізде болсын, электронды пошта мекен-жайы және өзге де мәліметтерді енгізу барысында ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз. Себебі қате пошта және ақпарат сіздің бонусты алуыңызға кедергі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда компания жауапкершілікті өз мойнына алмайды.

«Nomad Club» жобасына тіркелген әр қатысушы тек бір ғана жеке шотқа иелік етеді. Екі немесе одан да көп жеке кабинет ашуға рұқсат берілмейді. Сонымен қатар екі адамның бір шотты басқаруына болмайды. Сіз кез келген уақытта жазбаша өтініш жазып, клубқа мүшелігіңізді тоқтата аласыз. Бірақ жиналған бонустар өшіп қалады.

         Жинақталған балл 36 ай көлемінде сақталады. Уақыты өткен балл бірден өшіріліп отырады.

Карта түрлері

Клубтық картаның негізгі 4 түрі бар: көк, күміс, алтын, гауһар. Карталар берілетін мүмкіндіктер, бонустар мен артықшылықтарына қарай ерекшеленеді. Көк картаны тіркелген соң бірден ала аласыз. Ал күміс және алтын карта иегеру атану үшін клубтың тұрақты мүшесі болып, жүзеге асатын операция саны да көп болуы шарт.

«Эйр Астана» компаниясының серіктестері «Сбербанк» және «АльфаБанк» та «Nomad Club»-тың дебюттік карталарын ұсынып отыр. Картаны алу үшін банк сайтына өтініш қалдыруыңыз қажет. Өзге кредиттік картадан айырмашылығы – бонус белгілі жаратылған соммаға қарай беріледі («Сбербанкте» әр 190 теңге үшін 1 бонус аласыз). Сонымен қатар көлікті жалған алған кезде пайыздық бонус есепшотыңызға түседі. Картаның өзге де мүмкіндіктері мен ережесі жайлы банк сайтынан оқи аласыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!