Біліп жүр

Паркинсон заңдары

Сирил Паркинсонның қағидалары туралы

Паркинсон заңдары өткен ғасырда жарық көрген Сирил Норткот Паркинсонның эссесі негізінде жасалынған. Паркинсон өзінің бұл шығармасында адамдардың жұмыс уақыты мен билікті қалай пайдаланатыны туралы жазады. Осыдан туындаған заңдар шынайы өмірдің заңдылықтарын дәл көрсетті.

Паркинсон заңдарының мәні неде?

Сирил Паркинсон – журналист, жазушы, тарихшы және драматург. Ол ұзақ уақыт бойы Британияның әкімшілік қызметін бақылаған. Осы бақылаудың нәтижесінде Паркинсонға атақ алып келген заңдар дүниеге келді.

Бастапқы уақытта оның шығармасы мемлекеттік қызметкерлерді мазақ ету үшін ғана жазылды деп есептелінді. Барлығы мұнда тек бюрократиялық аппаратының істері, әділеттік пен билік жайлы айтылды деп есептеді. Алайда «Паркинсон заңдары» бизнес пен жетістік туралы айтылған дұрыс пікір. Бұл жиынтық мынадай заңдардан құралады:

Паркинсонның бірінші заңы

Уақыт өткен сайын жұмыс көлемі де өсе береді. Мысалы, студентке дипломдық жұмысты жазуға бір ай берілді дедік. Жұмыс уақыты осы бір айды толық қамтиды, себебі жұмысты аяқтауға кедергі болатын сылтаулар туындап отырады.

Жұмыс процессіне келетін болсақ, жұмысшы бекітілген кесте бойынша жұмыс істеп, жалақы алады делік. Ол тапсырылған жұмысты ертерек бітіріп, келесі тапсырма алуға асықпайды. Өйткені өзін артық қинағысы келмейді. Паркинсон бюрократиялық аппаратты бақылау кезінде, жұмысшылар санының жыл сайын артатынын байқаған. Дегенмен бұл жұмыс процессінің жылдамдауына еш әсер етпеген.

Паркинсонның екінші заңы

Шығын көлемі кіріс көлеміне пропорционалды түрде көбейеді. Бұл дегеніміз адам кірісінің қаншалықты көбейгенін байқаса, соншалықты шығын мөлшерін де арттырады. Мұның әсерінен адамға салынатын салық көлемі де артады.

Паркинсонның үшінші заңы

Кез келген даму қиындықтарға жол ашады. Бұл заңдылыққа тура қараудың қажеті жоқ. Философиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, дамудың әсерінен құлдырау орын алады немесе мүлде жойылып кетеді. Есімізге барлық дамыған өркениеттерді түсірейік.

Егер сіз бір жобаны аяқтасаңыз, келесісін қолға алыңыз. Сонда құлдыраудың алдын аласыз. Паркинсон өз заңдарының нәтижесіне назар аудармайды. Ол адамдардың осы заңдарды жеңіп, «олардан биік» болуын қалайтынын айтады.

Паркинсонның өзге заңдары

Сирил Паркинсон бұл үш заңнан бөлек, адам өмірін сипаттайтын өзге де кішкентай заңдарды жасаған.

  • Кешіктіру заңы. Бас тартудың ең сенімді нұсқасы – кейінге қалдырып отыру немесе уақытын ұзарту;
  • Мың заңы. Құрамында 1 000 жұмысшысы бар кез келген мекеме өзін толық қамтамасыз ете алады. Оған сырт әлеммен қарым-қатынас орнатудың қажеті болмай қалады.
  • Ғылыми зерттеулер заңы. Барлық сәтті ғылыми зерттеулер қаржыландырудың әсерінен орын алған.
  • Ақпарат заңы. Ақпарат көбейген сайын, жинақтаушыда бос орын қалмайды. Осының әсерінен не құрылғы жаңарады не жинақтаушының жад көлемі өседі. Бұл технологияның дамуына әкеп соғады.
  • Миссис Паркинсон заңы. Паркинсонның әйелі де өзінің заңын ойлап тапқан. Мұның мәні, отбасыдағы жылулық өсіп, адамды толықтырады. Ал бұл жылулық тек салқынқанды адамдарға ғана беріле алады.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!