PR – қоғаммен байланыс орнату, әлеуметтік-экономикалық және саяси бағытта жүзеге асатын қарым-қатынас технологиясы. Қай уақытта болмасын, PR дамып, қолданыс аясы да кеңейіп келеді. Ол бизнесте де қолданылып, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Balbal.kz кәсіпкерлердің PR жайлы білдірген ойларын назарыңызға ұсынады.
Яна Ганник, «Точка» банкын құрушылардың бірі
PR бірнеше міндетті атқарады. Біріншіден, аудиторияға өзіңіздің мақсатыңыз бен кәсібилігіңіз жайлы айта аласыз. Бұл халық тарапынан сенімді арттырады. Екіншіден, сұранысты қалыптастырып, өнім жайлы ақпарат береді. Үшіншіден, ол өзге де марктеингтік құралдармен бірге қолданылады. Оның көмегімен видеоның қаралымын арттырып, қызығушылықты оятуға болады.
Әрине, PR бизнестегі барлық мәселенің шешімін таба алмайды.Сонымен қатар сатылым деңгейін де бірден көтермейді. Ол арқылы халықтың компания жайлы ойын, пікірлерін білеміз.
Нелли Недре, «NNedre» брендінің негізін салушы
Журналистерді жаңа өнімің арқылы қызықтыра алмайсың. Оларға ерекше сюжет пен өзгеше жаңалық керек. Мысалы, үш жыл бұрын коллекция шығарып, шетелде оның түсірілімін өткіздік. Біз жайлы барлық БАҚ жазды. Дегенмен сатылым деңгейі еш өзгеріссіз қалды. Жарты жылдан кейін өңделген пластиктен дайындалған қапшықтар мен сөмкелер жасадық. БАҚ арқылы атағымыз шығып, әлеуметтік желідегі белсенділік артты. Адамдар біздің сөмкемізді сатып алу үшін кезекке тұрды.
Барлығы тақырып пен трендке байланысты. Халық қызығып отырған өнімді шығарсаңыз, міндетті түрде барлығы сізден сатып алады.
Анатолий Шарифуллин, «AppFollow» компаниясын құрушылардың бірі
PR барлық компанияға керек. Кәсіп енді құрылған сәтте пиар қызметін басшылардың өздері атқарады. Өйткені компания өзінен артық ешкім білмейді. Дамып, бизнестің ауқымы кеңейген соң, PR-мамандарды жұмысқа алған жөн.
Кәсіп жайлы БАҚ бетінде жазылмауы кері әсерін тигізеді. Сондықтан барынша назарда болған дұрыс. Сонымен қатар PR атақ пен абырой жинаудағы ең тиімді әдістердің бірі.
Олег Агейчев, «Mozga» студиясының негізін салушы
Компанияларға жарнама мен БАҚ бетінде жариялану өте қажет. Бұл – бизнестің дамуына әсер ететін негізгі факторлар. Кейде біз жасап шыққан кейстер мен жаңа өнімдер елеусіз қалады. Осы кезде тек PR ғана көмектесе алады. Компаниямыз шағын, бірақ тиімді жоспармен жұмыс істейміз. Жарияланатын мақаланың сапасы және санына қараймыз. Мұнымен қоса мақала жарық көретін БАҚ-тың саны да өте аз. Өйткені тек сенімділерімен ғана келісім жасаймыз.