Біліп жүр

Үрлемелі сағыздардың тарихы мен құрамы

Сағыздар қалай пайда болды?

Үрлемелі сағыз – жеуге келмейтін, әртүрлі хош иістендіргіш пен қоспалардан тұратын аспаздық өнім. Тамақтанып болған соң аузымыздан түспейтін осы өнімнің тарихы, құрамы, ондағы өзгерістер жайлы біле бермейміз. Balbal.kz сайты сағызға байланысты жаңа ақпараттармен бөліседі.

Сағыздың тарихы

23 қыркүйек — сағыз пайда болған күн. 1848 жылы Мэн штатының тұрғыны Джон Кертис қолдан сағыз жасап, сата бастады. Бірақ оның тарихы ертеден басталған еді.

Археологтар ежелгі адамдардың қонысынан шайырдың аз ғана бөлігін тауып алады. Бұл алғашқы сағыз болып саналған. Көне Греция мен Таяу Шығыста ағаштардан алынған шайырды тіс тазалау үшін пайдаланған деседі. 1000 жылдан астам майя руынан шыққан үндістер дәл осы мақсатта гевея шырынын қолданды. Ал Оңтүстік Шығыс Азияда бетель жапырақтарын қажетіне жаратты.

Ағайынды Куртистер

Сағыз өндіру 19-ғасырдың ортасынан басталды. Ағайынды Куртистер балауыз араласқан қарағай шайырының бөліктерін сатумен айналысады. Бұл процесс үлкен табыс әкелгендіктен, олар өндірісті кеңейтуге шешім қабылдайды. Сағыз құрамына түрлі парафин хош иістерін қосып, жаңа дәм жасайды. Ағайындылар осы тәсіл арқылы төрт марканы қалыптастырды: «Америка жалауы», «Шырша», « Қарағай», «Янки қарағай»

«Black Jack» сағызы

Резеңке сағыздың пайда болуымен бұл маркалардың танымалдылығы күрт төмендеді. Резеңкеден сағыз өндіру патентін Огайо штатынан Уильям Финли иемденді. Бірақ ісі өрге баспады. Кейін бұл іспен Нью Йорк штатының тұрғыны Томас Адамс айналысты. Ол арзан бағада резеңке сатып алып, оның аз ғана бөліктерін үйінде қайнатып көрді. Нәтижесінде сағыз жасап шығарды.

Алғашқы өнім тез сатылғандықтан, Адамс үлкен өндіріс орнын ашуды жөн санады. 1871 жылы автоматты машинаны патенттеген соң, Америкаға танымал сағыздарды кең көлемде шығара бастады. Кейін сағыз құрамына мия қосу арқылы дәмге өзгеріс енгізді. Көп ұзамай Адамс «Black Jack» деген атау беріп, жаңа формада жасады.

Сағыз жарнамалайтын компания

1906 жылы Уильям Ригли сағыз жарнамалайтын алғашқы компанияны ашты. Жарнама үш қалада қатар жүргізілді: Буффало, Рочестер, Сиракьюс. Wrigley фирмасының қыздары арнайы киімде көшеде сағыз таратты.

«Dubble Bubble» сағызы

Жаңа ғасыр басында кәсіпкерлер жаппай сағыз шығарумен айналыса бастады. 1906 жылы Флирмен ойлап тауып, бухгалтер Уолтер Димермен жетілдірілген жаңа үрлемелі сағыздарға сұраныс артты. Олардың ішіне мұз салынғандықтан, «Dubble Bubble» атауын иеленген еді. Сол кезеңдері бұл алкогольдің иісін азайтатын сағыздар ретінде танылды. Бұл өнімнің негізгі компоненті Орталық Америкадағы өсімдіктерден тұрады: саподилла ағашының шырыны мен қылқан жапырақты өсімдіктердің шайыры. Сонымен қатар құрамына жылбыз бен ментол сияқты сергітетін заттар қосылды. Тағы тіс бұзылуынан сақтайтын глюкоза мен сорбит бар.

Бұл сағыздар уайым мен стресттен арылтты. Сол себепті Екінші Дүниежүзілік соғыста солдаттарға берілетін.

«Beemans» сағызы

Кейіннен авиациялық ұшқыштар арасында арнайы сағыздар қолданылды. Ол құлақтың бітелуінен сақтады. Ал құрамындағы пепсин асқазанның жұмысын қалыпқа келтіретін. «Beemans сағызы сәтілік әкелетін талисман ретінде саналды.

«Quench Gum» сағызы

1975 жылы баскетболист әрі химик Курт Мюллер спорттық «Quench Gum» сағызын ойлап тапты.

1911 жылы Корольдік әуе күштерінің ұшқыштары үшін сағыз құтқарушы құралға айналды. Олар қозғалтқыштағы тесікті жамауға пайдаланылды.

«Аmgum» интернет-дүкені

2012 жылы Ресейде сағыз сататын ең үлкен интернет-магазин Amgum ашылды. Бұл дүкеннен Америка, Япония, Германия, Финляндия, Турцияда өндірілетін сағыз түрлерін тапсырыспен алуға болады.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!