Біліп жүр

Сұхбаттасу кезінде жиі қойылатын 5 сұрақ

Сұхбаттасу барысында сақ болыңыз!

Сұхбаттасу жұмысқа орналасушылардың алдынан шығатын кішігірім кедергі болуы мүмкін. Бұл кезде жұмыс беруші сізге бірнеше сұрақ қояды. Сіздің қызығушылығыңыз бен жұмысқа деген икемділігіңізді байқайды. Сұхбаттасу кезінде сұраққа дұрыс жауап беру жұмысқа орналасуыңыздың кепіліне айналады.

Өзіңіз жайлы айтып беріңіз

Жұмыс беруші сіздің өміріңізде және жұмыста ненің маңызды екендігін білгісі келеді. Бұл сұраққа жауап беру барысында өмірбаяныңыз, кәсіби жетістіктеріңіз жайлы қысқа айтып өтіңіз. Жылдарды ретімен айту да маңызды. Өзіңізді болашақта қалай жетілдіретініңізді де айтып өткен жөн. Жауаптарыңыз келесі қойылатын сұраққа тікелей қатысты екендігін ұмытпаңыз.

Өзіңізді ешқандай дәлелсіз мақтаудың қажеті шамалы. Балалық шағыңыз жайлы егжей-тегжейлі баяндау қажет емес.

Сіз неге дәл осы мамандықты/ оқу орынын таңдадыңыз?

Дәл осы сұрақ арқылы сіздің мамандыққа деген қызығушылығыңызды біле алады. Сонымен бірге таңдауыңызға көңіліңіздің толу, толмауын да анықтайды. Бұл сұраққа жауап беру барысында таңдауға әсер еткен жағдайларды айтып өтіңіз.Таңдау дұрыс болмағанымен еш өкінбейтініңізді айтыңыз. Сұхбат барысында таңдауыңыздың дұрыс еместігі жайында немесе көңіліңіздің толмайтындығын айтудың қажеті жоқ. Бұл сізді жұмыс орнынан айырады.

Өзіңізді 5 жылдан соң қалай елестетесіз?

Сұхбат алушы сіздің жұмыс орнында ұзақ қалу, қалмауыңызды білгісі келеді. Бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ. Тек сіздің ойыңызды ғана білгісі келеді. Жұмыс берушіге өзіңіздің жарты жылдан соң жұмыстан шығып кетпейтініңізге сендіріңіз. Жоғарыдан көрінетініңізді де айтқан дұрыс. Бірақ 5 жылдан соң миллионер атанып, Балиде демалатыныңыз жайлы айтудың қажеті жоқ.

Неліктен дәл біздің компания?

Жұмыс беруші компания жайлы ақпаратқа ие екендігіңізді анықтағысы келеді. Сұхбатқа келмес бұрын компания жайлы ақпарат жинаңыз. Компания жұмысшылары жайлы пікірлерді қарап өтіңіз. Бұл жауап беру кезінде сенімділік береді. Сіздің компаниядағы жұмысыңыз сізге және жұмыс берушілерге қандай пайда алып келетінін ашып айтыңыз.

Сонымен бірге компания емес, жалақының маңызды екендігін айтпаңыз. Егер қаржы мәселесі қызықтырса, «Болашақта жалақымның өсуі мүмкін бе?» деген сұрақ қойыңыз.

Неге дәл сізді бұл жұмысқа алуым керек?

Сіздің артықшылығыңызды білгісі келеді. Сұраққа жауап беру барысында өз әлсіздігіңіз бен күшті жақтарыңыз жайлы айтып беріңіз. Жауапты «бутерброд» тәсілімен берген жөн: әлсіз-күшті-әлсіз-күшті. Өзіңіздің нақты қандай нәтижеге жете алатыныңызды айтыңыз. Тым мақтанудың қажеті шамалы.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!