Біліп жүр
SEO-сараптама: Бәсекелесіңізді зерттеуге арналған нұсқаулық
Seo арқылы сайт жұмысын жақсарту
SEO-сараптама арқылы өзіңіздің немесе өзгелердің сайтын толық зерттей аласыз. Күніне қанша адам осы сайтқа қолданатынын білесіз. Алайда есіңізде болсын: алынған мәліметтер барлық уақытта дәл болмауы мүмкін. Назарыңызға бәсекелестеріңізге SEO-сараптама жасаудың қарапайым нұсқаулығын ұсынамыз.
Іс-әрекеттер легін ойластырып алу
Сараптама жасауды бастамас бұрын бәсекелесіңіз жайлы нені білгіңіз келетінін анықтап алыңыз. Бәсекелесіңіздің стратегиясындағы қандай сәтті бөлігін өзіңізге алғыңыз келеді? Бәсекелесіңіз нені өз стратегиясында қолданбайды? Осы секілді сұрақтарды қою арқылы жасалынатын іс-әрекеттер легін ойластырып алғаныңыз абзал.
Стратегияның сәтті болуы дегеніміз – жобаның дамуына мүмкіндік бере отырып, іздеу жүйесінің талаптарына сәйкес келу.
Бәсекелестің сайтын анықтау
Тауарды немесе қызмет түрін кілт сөз арқылы іздеу жүйесінен іздеңіз. Сізге осы саладағы барлық сайттарды көрсетеді. Құрылымы ұқсас сайттарды іріктеп алыңыз.
«Serpstat.com» сайты арқылы бәсекелесіңізді зерттеңіз. Кілт сөздер мен қаралымы көп болса, бұл сіздің бәсекелесіңіз болмақ. Сайттың қаралымының көп болуы стартегияның дұрыс екендігін көрсетеді. Егер сіздің сайтыңыз жас болса, «Serpstat.com» сайтындағы «Бәсекелестер» (Конкуренты) бөлімі көмектеспейді. Себебі статистика шықпайды немесе әлсіз бәсекелес сайттарды көрсетеді.
Доменнің жасын анықтау
Зерттеліп отқан доменнің жасын анықтап алған дұрыс. Бұл үшін «Whois»-ты қолданыңыз. «Whois» сервисі арқылы доменнің бос немесе бос емес екендігі, иесі жайлы ақпарат алуыңызға болады.
Қаралымын анықтау
Сайтты қанша адам қолданатындығы жайлы ақпаратты «SimilarWeb»-тен көре аласыз. Ол сайттың жалпы трафигін көруге мүмкіндік береді. Бұл сараптаманы жүргізген соң қай бәсекелесіңізде трафиктің көп екенін, ненің көмегімен трафикті көбейткенін біле аласыз.
Индекстегі бет санын білу
Индекстегі бет санын «site» операторы арқылы білуге болады. «Google» және «Яндекстің» іздеу жолына «site:», одан кейін бәсекелесіңіздің мекен-жайын жазыңыз. Шыққан нәтиже екі жүйеде екі түрлі болуы сайтта қажетсіз беттердің көп екендігін білдіреді. Осының әсерінен сайт іздеу жүйелерінде дұрыс көрінбейді.
Сайттың мобильді нұсқасының болуы
Мобильді қосымшаның болуы артықшылық емес, қажеттілікке айналып кетті. Бұл мобильді қолданушылар аудиториясын кеңейту үшін керек. Осы арқылы қай бәсекелесіңіздің мобильді аудиториясы кең екенін біле аласыз.
Өзге тілде жұмыс істеу мүмкіндігі
Бәсекелесіңізде өзге тілдік және аймақтық нұсқаның болуын анықтаңыз. Сайттың өзге аймақтық нұсқасының болуы кілт сөздердің кең қамтылуына әсер етеді.
Кәсіптің артықшылықтарын білу
Клиент не себепті бәсекелестің сайтын таңдауы мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын алу үшін оның артықшылықтарына сараптама жасаңыз. Жиі кездесетін нұсқалар:
- Баға төмен;
- Таңдау көп;
- Бонус, жинақ картасы, акция мен жеңілдік, тегін жеткізу, бөліп төлеу секілді артықшылықтар;
- Клиенттер қалдырған пікірлер көп;
- Сайтта жылдам байланысқа шығатын онлайн-кеңесші бар.