Біліп жүр

Snickers шоколадының брендке айналу құпиясы

«Сен аш болсаң, өз-өзіңе ұқсамайсың! Тоқтама, сникерс же»

Snickers — қуырылған жержаңғысы бар карамель және нуга қосылған шоколадты маркасы. Ол шоколад әлемнің бірнеше елдерінде танымал. Бренд Mars корпорациясына тиесілі. Balbal.kz мотивациялық сайты шоколадтың брендке айналу жолы туралы материал дайындады.

Тарихы

Сникерсты алғаш 1923 жылы АҚШ кондитері Франклин Марс жасаған. Бірақ ол 1930 жылдан бастап шықты. Себебі 1929 жылдың қараша айында ғана Чикагода шоколад зауыты салынды.
Шоколад бағасы сол кезде қымбат болды, 20 центті құрайтын. 1992 жылы сникерс кеңестік елде пайда болды.
2009 жылы Ұлыбританияда Сникерс шоколадының массасын 7,5% -ға төмендетті, ал баға өзгеріссіз қалды. Өндірушілер мұны азаматтардың денсаулығына зиян келтірмеу үшін деп түсіндірді.
Қазіргі таңда Snickers сатылымының жылдық айналымы шамамен 2 миллиард долларды құрайды. Чикаго фабрикасы минутына 590 шоколад шығарады.

Snickers атауының сыры

Бір қызығы, 1990 жылға дейін Ұлыбритания мен Ирландияда шоколад «Марафон» деп аталды. Кейін барлық жерде бірдей Сникерске айналды.
Шоколад атауы Франклин Марстың үйіндегі жылқының атына байланысты пайда болған. Ол шоколад шығарардың алдында жылқысынан айырылады . Яғни snicker «дыбыссыз күлу, тыныш қуану» деген мағынаны білдіреді.

Оқи отырыңыз: ««Рахат» фабрикасы. Шоколадтың қазақ брендіне айналуы»

Танымал болу жолы

Snickers танылу үшін демеушілікпен айналысатын болған. 1949 жылы америкалық танымал Howdy Doody телешоуының демеушісі болды.
1984 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қаражат бөлген. 1994 жылы АҚШ-та өткізілген FIFA Әлем кубогына үлесін қосты. Одан кейін Ұлыбританияда өткен Еуропа футбол чемпионатының демеушісіне айналды.
Алайда оны танымал қылған ерекше образы еді. Себебі шоколадтар бұрын-соңды сыйлық, қуанышпен байланысты еді. Ал Сникерсті тойымды шоколады ретінде жарнамалады. 100 грамм шоколад 513 ккал немесе 2144 кДж құрайды. Жоғары калориялы болуына байланысты тіскебасар ретінде ұсынылды. Барлық жарнамалық коммуникациялар бұл идеяны тұтынушыларға жеткізіп, берік позицияны қалыптастырды. «Сен аш болсаң, өз-өзіңе ұқсамайсың! Тоқтама, сникерс же» деген тіркес көпшіліктің жадында сақталды. «Сникерсни» неологизмі жұрттың сөздік қорына енді.

Шоколад жайлы қызықты фактілер

Алғашқы Парсы соғысының сарбаздарына «Алғыс айту» күнінде  шоколадтар беретін болған.
Шешен сарбаздары да қарны ашпас үшін Сникерс жеген. Күнделікті тағамдары екі шоколад және бір бөтелке судан тұрды.
Америкада Сникерлер салатын жасап көре аласыз. Оның рецепті шіркеулік кітаптарға енген.
Сондай-ақ Snickers брендінің балмұздақ пен шоколад пастасы бар.
Шотландия мен Уэльсте фритюрада қуырылған Сникерс шоколадтарын таба аласыз. Ол олардың жергілікті тағамы болып саналады.

Оқи отырыңыз: «Mars компаниясы: Құпияға толы кәсіптің құрылу тарихы»

Шоколад құрамы

Шоколадты дайындау үшін жержаңғақ және жаңғақтың 16 түрі қолданылады. Одан бөлек глюкоза сиропы, қант, пальма майы, майсыз сүтті ұнтақ, тұз, жұмыртқаның ағы, ванилин, какао, лактоза, соя лецитині, теңіз шырғанақ сиропы керек.
Жарамдылық мерзімі: өндірілген күннен бастап шамамен 7 ай.

 

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!