Біліп жүр

Startup Pill ұсынған тамақ өнеркәсібіндегі үздік стартаптар

2021 жылы табысқа жетуі мүмкін стартаптар

Startup Pill – стартап және бизнес жайлы халықаралық платформа. Сайт күн сайын әлемнің әр бұрышындағы табысты әрі қызықты стартаптар жайлы материалдарды жариялап отырады. Платформа 2021 жылы табысқа жетуі мүмкін тамақ өнеркәсібіндегі үздік бизнес-идеялар тізімін жариялаған.

         Стартапты іріктеу кезіндегі қойылған талаптар

Startup Pill тізімге қосылған стартаптарды бірнеше талаптар негізінде таңдаған. Олар:

  • Инновация: идея, өнімнің жаңашылдығы, нарыққа шығуға жасалған қадам;
  • Өсім: компания өсімі мен стратегиялық жоғарылау;
  • Басқару және қоғамға әсері.

HakkoBako

HakkoBako – аспаздарға арналған ақылды құрылғы. Камераның ішінде тағамдарды ашыту және ірітуге болады. Стартап Гонконгта жасалған. Негізін салушы – Томми Люн.

         Qummy

«Qummy» 2 шаршы метр аумақта ешқандай аспазсыз және ас үйсіз кафе ашуға мүмкіндік береді. Стартап Ресей Федерациясының Краснодар қаласында іске қосылған. Кәсіп иелері бірнеше қонақ үй, спа және коворкинг орталықтарымен келісім жасаған.

«Qummy»-дің көмегімен арнайы технология арқылы 55 түрлі тағамды жасауға болады.

         The Tiny Chef Show

Америкалық стартап анимация және бейнероликтің көмегімен балаларға тағам дайындауды үйретеді. Видеоның басты кейіпкері ретінде бойы 20 см құрайтын кішкентай аспаз алынған. Сонымен қатар балаларды қызықтыра түсу үшін түрлі оқиғаларды айтып, ойын да ойнайды.

         Defiant Food Group

Defiant Food Group – зиянсыз, жоғары сапалы протеин өндіруші компания. Стартап АҚШ азаматы Бенджамин Пастернакқа тиесілі.

         Digiplay

Стартап «Facebook» арқылы онлайн-дүкенді дамыту, басқаруға мүмкіндік береді. Бір ғана қосымша көмегімен дүкенге қатысты барлық ақпаратты білуге болады. Тапсырыстарды қабылдап, жарнама жасауға да мүмкіндік аласыз. Қызмет құны бірнеше тарифтерге бөлінген және құны да әр түрлі.

         THUCPHAM.COM

Стартап ас үй құрылғылары, тоңазытқыштар мен пештерді тасымалдау, орнату және сатуға бағытталған. Негізін салушы – Хиеу Нгуен Чонг. Вьетнамдық компания өз өнімдерін әлемнің барлық нүктесіне жеткізе алады.

         NutriSense

«NutriSense»-тің көмегімен өзіңізге арналған тамақтану жүйесін, арнайы рецептілер мен қажетті өнімдер тізімін жасай аласыз. Бұл уақытты үнемдеп, дұрыс тамақтануға жол ашады.

BoAPI B.V.

BoAPI B.V. – сіз енгізген мәлімет негізінде тағамның ингредиентін алмастыруға арналған әлемдегі алғашқы алгоритм. Жүйеның көмегімен диета, аллергия және тамақты жасау тәсіліне қарай құрамындағы өнімдерді алмастыра аласыз.

         Souledout

Стартаптың бағыты – тағам тасымалы. Онлайн-сервис арқылы тамақ жасауға арналған дайын жинақтамаға тапсырыс беруге болады. Рецепт және сервис жеткізген өнімдердің көмегімен қалаған тағамыңызды жасайсыз.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!