Біліп жүр

Стив Джобс өмірінің соңында айтқан нақыл сөздер

Стив Джобс неге өкінді?

Стив Джобс американдық өнертапқыш. «Apple» брендімен күллі әлемге танымал болған жан. Ол 2011 жылы 56 жасында ұйқы безінің қатерлі ісігінен дүниеден озды. Өмірінің соңында Стив Джобс өмір туралы ойларымен бөліскен. Balbal.kz мотивациялық сайты Стив Джобстің өмірге қатысты философиялық ойларын жинақтады.

Өмірдің мәні туралы ой

«Мен іскерлік әлемдегі жетістіктің шыңына жеттім. Менің жеткен белестерім өзгелерге үлгі. Алайда ол менің бақытты екенімді дәлелдемейді. Байлық – өмірдің бір фактісі ғана».

«Төсек тартып ауырып қалған кезде өз-өзіме есеп бердім. Атақ та, байлық та өлімнің алдында дәрменсіз екенін ұғындым».

«Сіз ақшаға автокөлігіңізді айдайтын адамды да, сіздің орныңызға жұмыс істейтін қызметшіні де жалдай аласыз. Бірақ бар қаражатыңызды құйсаңыз да, сіздің орныңызға ауырып жан кешетін адамды таппайсыз».

«Кез келген материалдық затты тауып, сатып алуға болады. Бірақ жоғалтып алсаңыз, қайта орнына келмейтін бір нәрсе бар.  Ол – өмір».

«Өзіңізге жағдай жасаңыз, өзгелерге сыйластық көрсетіңіз».

«Жасымыз өскен сайын бізге ақыл кіре бастайды. Менің түсінгенім – 30 доллар тұратын сағат та, 300 долларға алынған сағат та бір уақытты көрсетеді».

«Біз 30 доллар тұратын әмиянды алсақ та, 300 доллар тұратын әмиянды қолдансақ та екеуіне бірдей ақша сияды».

«150 000 доллар тұратын көлікпен жүрсек те, 30 000 доллар тұратын көлікті айдасақ та баратын жол мен қашықтық өзгермейді. Біз қайсысымен барсақ та, жететін жеріміз – бір».

«300 доллар тұратын бөтелке  немесе 10 доллар тұратын шарап ішсек, сезінетін рахатымыз бірдей…»

«Сіз тұратын үйдің ауданы 300 шаршы немесе 3000 шаршы метр болса да, сіз – жалғызсыз».

«Сіздің шынайы ішкі бақытыңыз осы дүниенің материалдық құндылығынан туындамайды».

«Сіз бірінші класс немесе эконом класспен ұшсаңыз да, егер ұшақ құлап кетсе, онда сіз де бірге құлайсыз».

«Сіздің нағыз досыңыз немесе еркін сөйлесе алатын сырласыңыз болса, оның өзі – үлкен бақыт»

Бес дәлелді факт

  1. Балаңызды бай бол деп өсірмеңіз.. Оларды бақытты болуға үйретіңіз. Сол кезде олар кез-келген нәрсенің бағасын емес, құнын білетін болады.
  2. Тамақты дәрі ретінде талдап жеңіз. Әйтпесе дәріні тамақ сияқты тұтынуыңызға тура келеді.
  3. Сізді шын жақсы көретін адам сізді ешқашан тастамайды. Тіпті сізден бас тартуға 100 себеп болса да, сізбен бірге болуға 1 себеп табады. Жақсы көретін адамыңыздан ешқашан бас тартпаңыз.
  4. Адам болу мен адамилықты ұстану екі түрлі дүние екенін ұмытпаңыз.
  5. Егер тез жеткің келсе, жалғыз жүр!

Егер алысқа барғың келсе, бірге жүр!

Әлемдегі ең үздік алты дәрігер

  1. Күн сәулесі;
  2. Демалыс;
  3. Спорт жаттығулары;
  4. Диета;
  5. Өзіңізге деген сенімділік;
  6. Достар мен жақындарыңыз.

Өмір бойы осы алты дәрігерді естен шығармай, салауатты өмір салтын ұстансаңыз, бақытты әрі ұзақ өмір сүресіз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!