Біліп жүр

Тэрри Фокс және оның «Үміт марафоны»

Атақты спортшының өмірі мен ерлігі

Тэрри Фокс – канадалық батыр, қатерлі ісікпен ауратын жандарға қолдау көрсеткен. Тэрри Фокстың «Үміт марафоны» әлемге әйгілі. Ол осы марафонды ұйымдастырушы адам ретінде танымал. Balbal.kz мотивациялық сайты Тэрри Фоктың ерлігін материал ретінде дайындады.

Өмірбаяны

Терринс Стэнли Фокс 1958 жылы 28 шілдеде Канаданың Виннипег қаласында теміржол коммутаторының отбасында дүниеге келді. Сегіз жасында отбасымен Суррейге, одан кейін Колумбияда орналасқан Порт-Кукитламға көшті.

Бала кезінен Фокс спортқа жақын болды. Орта мектепте ол бейсбол, регби және футбол ойнады.

Оның басты арманы — баскетбол командасына кіру болатын. Бірақ оның бойы аласа әрі баскетболға икемі келмейтін.

Мектеп жаттықтырушысы Боб МакГилл Терридің бойындағы еңбексүйгіштік пен табандылықты байқаған. Бәрінен бұрын ол жеңілгенді жек көретін. Кейін жаттықтырушысының ұсынысымен жүгірумен айналысты.

Спорт саласындағы қадамы

Тэрри еңбегінің арқасында баскетбол командасының мүшесі атанды. Мектептің ең үздік спортшысы атағын иеленді. Мектеп бітірген соң ол өзінің спорттық мансабын жалғастырғысы келді. Кинезологияны зерттеп, Симон Фрейзер университетіне құжаттарын тапсырған. Өзін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде көрген. Алайда оның жоспары орындалмады.

Аурумен күресі

1976 жылдың қарашасында Фокс жол апатына ұшырайды, бірақ айтарлықтай жарақат алмаған.

Оны мазалаған жалғыз нәрсе – оң жақ тізенің ауырсынуы. Бірақ ол кезде университеттегі баскетбол ойындары қызу жүріп жатқандықтан, дәрігерге баруды кейінге қалдырып жүре берген.

Ауырсынуы күшейіп, толыққанды жаттығуға кедергі келтірді. Төрт айдан кейін Тэрри медициналық тексеруден өтіп, оның остеогенді саркома — сүйек тінінің қатерлі ісігі болғанын анықтады. Жазылып кету ықтималдылығы 15% болған. Тіпті қиын жағдайда да, ол өзінің жігерлілігін көрсетті.

«Ал, жаттықтырушы, сіз маған не болғанын білесіз. Мен ауруды жеңуге тырысамын. Сіз менімен біргемісіз? » — деп МакГиллке айтқан сөздері бар. Ол 16 айлық химиотерапия курсынан өтетін болды.

Күннен-күнге нашарлап, ақыры тізеден 15 см жоғары аяғын кестіріп, протез салды.

Жаңа аяққа үйрену оңай болған жоқ, бірақ Тэрри мойымады. Өзіне сеніп, үш аптадан кейін жүре алды. Біртіндеп спортшы жаттығуды бастады, тіпті сүйікті ойынына қайта оралды. Тағы бір аты аңызға айналған канадалық болашақ үш дүркін Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Рик Хансеннің шақыруымен ол арбада отыратын мүгедектердің баскетбол командасына қосылды. Химиотерапияның алып, денсаулығы нашарлағанына қарамастан, Фокс керемет нәтиже көрсетті. Параалимпиада ойындарында үш рет чемпион атанды.

«Үміт марафоны» немесе қайырымдылық

Ауруханада жатқанда Фокс қатерлі ісік ауруын емдеуге қаражат жетіспейтінін байқады. Ол осы мәселені көтергісі келді. Ол кезде Канадада шамамен 24 миллион адам бар. Тэрри егер бәрі бір доллардан берсе – қомақты қаржы жинай аламыз деп ойлады. Адамдарды қайырымдылық жасауға итермелеу үшін ол марафон өткізуді шешті.

Фокс онкология бөліміне хат жолдады, онда ол қатерлі ісікпен күресу үшін ақша жинағысы келетінін айтты. Көбісі ол идеяға күмәнмен қарады, бірақ ол кейбір демеушілердің қолдауына жүгінген соң, оның жобасы қабылданды.

Марафон идеясы — бүкіл Канаданы шығыстан батысқа дейін жүгіріп шығу еді. Марафон 1980 жылы сәуір айында Сент-Джонстың жанында басталды.

Ол өзімен екі бөтелке ғана алды. Бірін сувенир ретінде қалдырып, екіншісін марафонның соңғы нүктесі — Тынық мұхитына құйғысы келді.

Басында қиын болды. Ауа райының қолайсыздығы жүгірісті қиындатты, ал жарнама болмағандықтан адамдар қызығушылық танытпады. Алайда 10 000 халқы бар Порт-о-Баск қаласында ол 10 000 доллар жинады. Бұл оны қатты шабыттандырды.

Күн сайын ол 42 шақырым қашықтықтан жүгіретін болды.
Тэрри 22 маусымда Монреальға жетті. Ол кезде жиналған сома 200 000 АҚШ долларын құрады. Онда оны қонақ үй желісін құрушы және иесі Исидор Шарп байқады. Оның сол кезде ұлы меланомадан қайтыс болған. Фоксты Ол әр мильге 2 доллардан астам садақа төлеуге уәде беріп, тағы 1000 корпорацияны солай етуге көндірді.

Жас жүгірушінің даңқы мен оның жобасы өсті. Онтарио қаласында оны үрмелі аспаптар тобы қарсы алды, ал Оттавада оған генерал-губернатор және премьер-министр келді.

Алайда мұндай жүгіріс оның денсаулығына кері әсер етті. Аяғы ауырып, өкпесінде ақау пайда болды. 1 қыркүйекте ол ауруханаға жатқызылды, келесі баспасөз мәслихатында ол онкология оның өкпесінде асқыну тудырғанын, сондықтан ол 143 күн мен 5373 шақырымнан кейін марафонды тоқтатуға мәжбүр болғанын хабарлады. Осы кезде 1,7 миллион доллар жиналды.

Марафонды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы Фокс өз мақсатына жетті. Жоспарлағандай 24 миллион долларға жуық қаржы жинады.
Химиотерапия курсынан өткеніне қарамастан, Терри ауруды жеңе алмады. 1981 жылы 28 маусымда қайтыс болды.

Марафон жалғасы

Қазір Тэрри Фокстың марафоны жыл сайын өтеді. Оның географиясы Канада шекарасынан әлдеқайда асып кетті. Қашықтық 5-тен 15 км-ге дейін. Ешқандай жарнамалық материалдар, жазулары бар футболка және т.б. жоқ. Бұл қозғалыстың жалғастырушысы Тэрриге көмектескен Исидор Шарп болды.

 

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!