Тіл табысуға бәріміз тырысамыз. Себебі адам үшін әлеуметтік қарым-қатынасқа түсу маңызды. Кей адамдар үшін өзгелермен қарым-қатынас орнату қарапайым дүние болса, кейбірінің адамдармен табысып кетуі қиын. Ендеше Balbal.kz мотивациялық сайты өзге адамдармен тіл табысуға көмектесетін тәсілдермен бөлісетін болады.
ШӨТ тәсілін қолданыңыз
Жиындар не жиналыстарға барған кезде екі адамды біріктіретін ортақ әңгіме. Сол себепті ШӨТ тәсілі арқылы адамды тануға тырысыңыз.
Ш – шынайылық,
Ө – өзара байланыс,
Т – сіздің қандай адам екеніңізді айқындайтын тақырып;
Осы үш тәсілге байланысты сұрақтар қойсаңыз болады. Мысалы:
«Бұл жиын туралы не ойлайсыз?», «Мына адамның дәрісінен не күтесіз?», «Сіз бір танымал адамға ұқсайсыз, бірақ есімін ұмытып тұрмын, сіздің хабарыңыз жоқ па?» және т.с.с.
«Сағаттық жаңартулар» шеңберінен шығыңыз
Көп адамдар осы тақырыптарды қозғау барысында «сағаттық шеңберде» жүреді. Ол қызықсыз. Мысалы, кептеліс, ауа-райы, спорт, саясат, т.б. Бұндай әдістермен қарым-қатынас орнатамsy деп үміттенбеңіз. Егер адамның өзі қызығатын болса не бұрыннан танитын жан болса, бұл тақырыптармен бөлісуге болады, алайда жаңадан көрген адаммен бұндай тақырыптарды қозғау қисынсыз.
Айналадағы жағдайды бақылап, сол ситуацияға еніңіз
Сөйлемес бұрын бақылаңыз. Қабырғадағы портреттер, өзгеше технология, отбасылық сурет, т.б. ерекше заттарды байқау арқылы сол туралы сұрақ қойыңыз. Сіздің байқампаздығыңыз өзгелерді таң қалдырады. Бұл терең эмоциялы әңгіменің бастауына үлкен себеп болуы мүмкін.
Жаңалықпен бөлісіңіз
Өзіңізге қатысты кез-келген жаңалықпен бөлісіңіз. Адамды өзгенің өмірі қызықтырады. Егер сіз оған өміріңіздегі оқиғалар, жаңа болған нәрселер туралы айтсаңыз, ол өзін ерекше сезініп, өзара байланыс жасайды. Алайда шынайы болыңыз, таң қалдыру үшін өтірік әңгіме құрастырудың қажеті жоқ.
Бірінші бастаңыз
Көпшілік алдында қойғыңыз келген сұрақты ұялмай қойыңыз. Әйтпесе ол сұрақты басқа біреу қояды. Нәтижесінде сіз көзге түспейсіз, мыңның бірі болып қаласыз. Пысықтар сұрақтарын қойып, танысып, бірге кофе ішіп, жақсы танысқа айналып кетеді. Осындай кезде жалғызсырауыңыз мүмкін.
Вербальды қарым-қатынас
Сөйлесу кезінде сіздің не айтып тұрғаныңыз ғана емес, қалай айтып тұрғаныңыз маңызды. Яғни дауыс ырғағы, көзқарас, өзіңізді ұстауыңызға көңіл бөледі. Сол себепті сөйлесушінің көзіне қараңыз. Тіпті телефонмен сөйлессеңіз де күлімсіреңіз. Сол кезде сіздің сөзіңіз жылы естіліп, тез жақындаса аласыз.
Өзекті әңгімеге көшу
Әлеуметтік қарым-қатынас өзекті мәселелер туындағанда жаңа деңгейге көшеді. Белгілі бір оқиғаға қатысты ойыңызды, көзқарасыңызды білдіру арқылы біліміңізді, сенімділігіңізді көрсете аласыз. Адамдар да сіз туралы бағасын бере алады.
Интроверт адамдар үшін қарым-қатынасты орнату оңайға түспейді. Бірақ қобалжымаңыз. Әңгімеге көшердің алдында терең дем алыңыз. Ең бастысы – шынайы болыңыз. Адамдардың психологиясы бірдей. Жағынған адамнан өзгелер бойын аулақ ұстайды.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова