Біліп жүр

Вакуум заңы және оның санамызға тигізер әсері

Вакуум заңының мәні мен маңызы

Вакуум заңы – Рэнди Гейдж ұсынған «Дамудың 7 заңдылығының» бірі. Вакуум заңының мәні: ескіні тастап, жаңаға орын босату. Біз толы ыдысқа су құя алмаймыз. Өміріміз де дәл солай. Егер өзгергіңіз келсе, ескіден арылыңыз. Balbal.kz Рэнди Гейдждің «Вакуум заңын» назарыңызға ұсынады. Оқи отырыңыз: Рэнди Гейджтің жеті заңдылығы

Вакуум заңын қолдану

Аталмыш заңды кез келген ортада қолдануға болады. Мысалы, жаңа кимі алғыңыз келсе, ескілерін тастаңыз не мұқтаж жандарға таратып беріңіз. Жаңа жұмысты қаласаңыз, бұрынғы жұмысыңыздан шығыңыз. Жаңа ұялы телефон сатып аламын десеңіз, ескі телефонды сатыңыз не қоқысқа тастаңыз. Жаңаша ойлағыңыз келсе, ескі сенімдеріңізді жойыңыз.

Вакуум заңы эмоционалды, менталды және физикалық тұрғыда да қолданылады. Жаңа нәтижеге қол жеткізу ескі өмір салтынан арылуды қажет етеді.

         Рэнди Гейдж: «Ғалам бос орынның барлығын толтырады. Сол себепті өміріңізді ескі дүниелерден босатқанда, орыны ойсырап қалады деп ойламаңыз. Мысалы, жағалаудағы құмда ізіңіз қалды делік. Бірақ келесі толқын сіздің ізіңізді құммен толтырып кетеді. Өмір де дәл солай…»

Бос заттар сіздің энергияңызды алады

Қажет болады деп кейінге қалдырған заттар, әрбір артық киім сіздің мотивацияңыз бен энергияңызды алады. Осылайша өзіңізді бір орында тежейсіз. Бұлай жасау «Болашақта өзімді қамтамасыз ете алмаймын» деп айтумен бірдей.

Сіз дамып, көп табысқа жеткіңіз келеді. Кітаптар оқып, алдыға мақсат қоясыз. Дегенмен ескі әдеттер, ескі заттар, бұрынғы көзқарастарыңыз бен араласатын ортаңыз дамуға бөгет болады.

Өзіңізге ұнамайтын нәрседен саналы түрде арылу

Көптеген адамдарда өз өміріндегі кей бөліктері ұнамайды: аз табыс, денсаулықтың нашарлауы және т.б. Бірақ парадокс – олардың осыны қалайтынында. Дәл осы жағдайда бірнеше жыл өмір сүріп, өзгеруге әрекет жасамайды.

Егер өзіңе ұнамаса, одан бас тарт. Жаңа нәрселерге жол аш, орын босату керек. Мысалы, бір адам артық салмақтан арылғысы келеді. Түрлі диеталарды ұстанады. Алайда нәтиже жоқ. Себебі ол өзінің бұрынғы әдеттерінен бас тартпады, тек барлығы жаңаша болғанын қалайды.

Ескіден арылу жаңа нәрсеге қарай әрекет етуге итермелейді

Ескі киімді лақтырып, оған өзіңіздің энергияңызды беруді тоқтатасыз. Жаңа киімдерді сатып алуға әрекет жасайсыз. Бұрынғы көзқарастырыңызды жойып, жаңаша көзқарас қалыптастырасыз. Санаңызды қажетсіз дүниеден босатасыз.

Өміріңізді қажетсіз заттардан босату арқылы жаңалықтарға жол ашасыз. Сіздің санаңыз бен денеңіз бос орындарды толтыру үшін өздері әрекет жасайды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!