- Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
- Бүркіттің сайрағаны – өлгені.
- Қырандарын қинаған – даласын да сыйламас, ұландарын қинаған – данасын да сыйламас.
- Түлкі алмас қыран жоқ, құсбегісі кезіксе, жақсы болмас жігіт жоқ, ақылшысы кездессе.
- Жеріне қарай бұланы, тауына қарай қыраны.
- Қыран ұясының ауызынан жем іздемес, қоян інінің аузындағы шөбін жемес.
- Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады.
- Кәрі қыран – аңшының бастаушысы.
- Ақиық қыран қартайса, жас жағалтайдан тепкі көреді.
- Сыншы сырын айтпайды, бүркітші шынын айтпайды.
- Алса – құсым, алмаса – желпуішім.
- Ажалды қарға бүркітпен ойнар.
- Саятшы бапшыл болса, бүркітке бақ.
- Құс тұзаққа жем үшін түседі.
- Бүркіт аш болса алады, тазы тоқ болса алады.
- Бүркіт бабына келгенде қасқыр алады, қаршыға бабына келгенде түлкі алады.
- Бүркітін мақтағанның ұясын сұра, жігітін мақтағанның нағашыын сұра.
- Құстың алғанынан салғаны қызық.
- Қыран құс – ер жолдасы.
- Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
- Алжыған бүркіт тышқаншыл.
- Сонаршыға із керек, із танырға көз керек.
- Қыран құсты баптау қиын, тәтті тағамды сақтау қиын.