Біліп жүр

Заңгер кеңесі: Стартаперлерге заң қызметкерлері қандай кеңес береді

Кәсіпкерлерге арналған заңгер кеңесі

Заңгер кеңесі қандай салада болмасын қажет. Бұл сіздің заң тұрғысынан дұрыс шешім қабылдап, қателік жібермеуіңізге көмектеседі. Қазіргі таңда бизнес саласындағы кез келген мәселе заңгер көмегінсіз шешілмейді. Пайдасын тигізіп, болашақ қатерлерден сақтайтан кеңестер сізге де артықтық етпейді.

         Зияткерлік меншікті қорғау мәселесі

Жақсы стартаптың артында идея мен жаңа тауар не қызмет тұрады. «Зияткерлік ұрлықтың» нысанына айналғыңыз келмесе, заңды қолданыңыз. Заңгерлер тың идеяңыз бен нарыққа енгізер жаңа тауарыңыз болса, патенттеуді кеңес етеді. Кез келген бренд, атау, идеяны патенттеуге құқылысыз.

Патентті тіркеу ұзақ уақытты алуы мүмкін. Егер сіздің идеяңыз қорғауды қажет етсе ғана бұл жайлы ойлануға болады. Ойыңызды іске асырып, жарыққа әкелемін десеңіз, Ұлттық зияткерлік меншік Институтына өтініш білдіріңіз. Сонымен қатар Институт сайтынан жиі қойылатын сұрақтар мен қажетті байланыс нөмірлерін де таба аласыз.

         Авторлық құқық мәселелері

Авторлық құқықпен тек кәсіпкерлер ғана емес, кез келген адам соқтығысуы мүмкін. Өзгенің тауарын не фотосуретін иемдену, мәтінді көшіріп басу, фирмалық стилін көшіру – авторлық құқықтағы негізгі заң бұзушылықтар. Алайда, егер арыз түсіп, іс сотқа дейін барса, көп жағдайда авторлық құқықтың иесі жеңіске жетеді. Сол себепті мұндай мәселенің алдын алу үшін келсімшарт жасағаныңыз абзал.

         Құрылтай құжаттары төңірегіндегі мәселелер

Құрылтай құжаттары кез келген заңды тұлға жұмысының негізі болады. Сондықтан өргеріс енгізу барысында басқа құжаттар мен келісімшарттар қажет болады. Керекті құжаттар тізімін салық органынан не болмаса заңгерден білуге болады.

Стартаперлерге кеңес: іскерлік құжаттармен жұмыс барысында өте абай болыңыз. Себебі дұрыс рәсімделмеген құжат кесірінен болашақта үлкен мәселелер туындауы мүмкін.

         Контрагенттермен (серіктес, клиент, мердігер) жасалған келіссөзді рәсімдеу

«Ақша төленді, бірақ жұмыс жасалмады». Осындай мәселенің негізгі екі себебі бар: біріншісі – келісім шарт дұрыс рәсімделмеген не болмаса сіздің құқығыңызды қорғамайды, екінші – келісім шартсыз, ауызша жүргізілген келіссөз.

Шарт жасасу барысында келісімнің негізгі бөлімдерін айқындап өтіңіз: келісім себебі, шарты, құқықтар мен міндеттер. Жұмыс уақыты, төлем түрін дәл көрсеткен абзал.

Заңгер кеңесі және жақсы құрылған келісім шарт сізді әділетсіз контрагенттерден қорғайды.

         Кәсіпкерлік істі жүргізу кезіндегі мәселелер

Кәсіпкерліктің мақсаты – жүйелі түрде табыс табу. Заңды тіркеусіз интернет-дүкенін ашып, жеке қызмет көрсетудің қажеті жоқ. Себебі заңды бұзу жауапкершілікке алып келетінін ұмытпаңыз.

Заңгер кеңесі: заңсыз кәсіпке салынатын айыппұл көлемі өте көп емес. Дегенмен заңды бизнес пен лицензия кәсібіңіздің алға жылжуына әсерін тигізеді. Бұл үшін заңгермен ақылдасыңыз не болмаса №214  «ҚР Лицензиялау туралы» заңын оқып шығыңыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!