Біліп жүр

Жаңа әдет қалыптастырудың 7 кезеңі

Жаңа әдет қалыптастырудағы Брайан Трейси ұсынған 7 қадам

Жаңа әдет қалыптастыру бірнеше секундтан бастап ондаған жылдарға дейін созылуы мүмкін. Мұның басты себебі – шешім қабылдай алмау. Жаңа әдеттің қажет екенін біле тұра, бірден әрекет етпейміз. Осындай мәселеге кезікпеу үшін назарыңызға Брайан Трейси ұсынған 7 қадамды ұсынамыз.

Шешім қабылдау

Қай бағытта әрекет етіп, немен айналысатыныңызды анықтап алыңыз. Мәселен, ұйқыдан ерте оянып, таңғы жаттығу жасағыңыз келсе, оятқышыңызды белгіленген уақытқа қойыңыз. Қоңырауды ести салысымен, бірден тұрып, спорттық киіміңізді киіңіз. Сыртта не үйде жаттығуларды жасаңыз.

Сылтау мен шектеулерден аулақ болыңыз

Жаңа әдет қалыптастыру кезінде сылтаулар мен шектеулерден бас тартыңыз. Өзіңізді ақтап алатын мысалдарды іздемеңіз. Босаңсып кетуден аулақ болған жөн. Таңғы 6-да ұйқыдан тұрамын деп шешсеңіз, дәл сол уақытта ояныңыз. Бұл сіздің әдетіңізге айналып, өз еркіңізден тыс орындалатындай жағдайға жету керек.

Бұл жайлы таныстарыңызға айтыңыз

Өміріңізді өзгертіп, жаңа әдет қалыптастыруға бел байлағаныңызды өзгелерге де айтыңыз. Басқа адамдар сізді бақылаған кезде, бойыңызда ерік-жігер еселене түседі.

Ойша образ жасаңыз

Қабылдаған шешім бойынша әрекет етіп, жетістікке жеткеніңізді елестетіңіз. Нәтиже мен жаңа әдетті қаншалықты жиі ойласаңыз, санаңыз да мұны жылдам қабылдайды.

Өз жетістігіңізді қайталаңыз

Күнделікті ішіңізден қабылдаған шешімді қайталап отырыңыз. Тіпті керемет нәтижеге жеткендей ой қалыптастырыңыз. Мұндай қайталаулар жаңа әдеттің жылдам қалыптасуына әсер етеді. Мысалы, «Мен таңғы 6:00-де оянамын және 1 минутқа да кешікпеймін!», — деп ұйықтар алдында қайталаңыз. Бұл таңертең қоңырауға жылдам оянуға көмектеседі. Уақыт өте оятқыштың да қажеті болмай қалады.

Шешіміңізден ауытқымаңыз

Жаңа әдет бойыңызда автоматты түрде орындалғанша, қайталай беріңіз. Бұл күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналуы тиіс. Егер мұны жасамасаңыз, өзіңізді жайсыз сезінетіндей болуы тиіс.

Өзіңізге сый-сияпат беруді ұмытпаңыз

Талпыныстарыңыз бен әрекеттеріңіз үшін өзіңізді марапттап қойыңыз. Осылайша қабылданған шешім мен жаңа әдеттің дұрыс екендігіне көзіңіз жетеді. Санаңыз да бойыңыздағы жаңа әдетті рахаттану сезімімен байланыстыратын болады.  Нәтижеге жету барысында өзіңізге жақсы жағдай жасайсыз.

Жаңа әдет дамытуды өміріңіздің бір бөлшегіне айналдырыңыз. Ай сайын 1 жаңа әдетті игеру арқылы 1 жылда 12 әдет қалыптастырасыз. Бұл сіздің жұмыста және күнделікті өмірде мол табысқа жетуіңізге көмектеседі.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!