Журналистика – қыр-сыры көп әмбебап мамандық. Ол сала өздігінен бірнеше түрге бөлінеді. Balbal.kz мотивациялық сайты назарларыңызға журналистика саласының жіктемесін ұсынады.
Журналистика жанрлары
Журналистика жанрлары бірнеше түрге бөлінеді. Негізгі үш түрі бар: көркем публицистикалық, аналитикалық және ақпараттық.
Ақпараттық жанр
Ақпараттық жанр объективті түрде қоғамда орын алған оқиғаларды баяндайды. Ақпараттың егжей-тегжей тексерілуі маңызды. Ақпараттық жанр:
- Некролог
- Есеп
- Репортаж
- Хроника
- Заметка
- Кейде оқиғаға қатысты сұхбат
Аналитикалық жанр
Аналитикалық жанр анализдеу қызметін атқарады. Критикалық баға береді. Аналитикалық жанр:
- Шолу
- Мемуар
- Рейтинг
- Рецензия
- Әңгіме-дүкен
- Хат
- Мақала
- Пікір
Көркем публицистикалық
Мұнда журналист өз шығармашылығын толық көрсете алады. Өз пікірін жеткізуге болады.
- фельетон
- памфлет
- пасквиль
- очерк
- эссе
- суреттеу
Ал әйгілі әдебиетші әрі педагог Лев Кройчик журналистикалық мәтіндерді келесідей бөледі:
- Зерттеуге негізделген (эссе, фельетон)
- Зерттеу жаңалықтары (пікір, корреспонденция, шолу)
- Зерттеу (хат және мақала)
- Жедел зерттеу (сұхбат, репортаж, есеп)
- Жедел ақпараттық (заметка)
Ал Ресей сатиригі Семен Гуревич былай жіктейді:
- Сатиралық жанр
- Көркем публицистикалық
- Эпистолярлық
- Аналитикалық жағдаят
- Диалог
- Ақпараттық жаңалықтар
Журналистика типологиясы
Типология қоғамдық нормаға сай жіктеледі. Тақырыбына байланысты бөлеміз. Журналистика типологиясы:
- Діни
- Экономикалық
- Азаматтық (кәсіби емес журналистер)
- Мультимедиалық
- Мейрамхана ісі
- Ғылыми
- Спорт журналистикасы
- Музыкалық
- Бульварлық (сары басылым)
- Корпоративті
- Іскерлік
- Халықаралық
- Саяси
- Саяхат және гонзо
Журналистиканың кез келген типінде әдістер қолданамыз. Себебі қай тақырыпта болмасын журналистің міндеті – ақиқатқа жету. Көтерілген мәселенің шешімін табу керек. Осы ақиқатқа жету үшін мынадай әдістер қолданылады:
- Диалог. Мәселе талқыланады
- Дискуссия. Әр түрлі пікірге салу, салыстыру. Екі жақты қарау
- Күмәндану. Шындықты ашуға көмектесетін аргументтер
- Критика
- Проблематизация. Мәселенің шешімі
Журналистика бағыты
Журналистканың бағыты ақпаратты қалай жеткізгеніне байланысты бөлінеді. Негізгі бес бағыт бар.
Фотожурналистика
Фотожурналистика ақпаратты фото арқылы жеткізеді. Маңыздысы – фотода оқиға түсінікті көрсетілу керек. Хронология мен оқиға түсірдірмесі болады.
Тележурналистика
Ең мықты БАҚ құралы ретінде саналады. Бейнемен қатар, аудио және бейнеэффектілері қолданылады. Автордың пікірін ортаға алады. Музыкалық әсемдеу жүреді. Аудиторияны тарту мүмкіндігі зор.
Радиожурналистика
Радио арқылы ақпарат таратады. Басты құралы – дыбыс. Оперативті яғни жедел ақпарат таратуымен ерекшеленеді.
Баспа
Журналистиканың ең көне түрі. Ол қоғам пікіріне әсер ету функциясын атқарады.
Интернет-журналистика
Жиырма жылдан бері таныла бастаған жаңа бағыт. Мұндағы ерекшелік — реcми де, бейресми де болады. Дәстүрлі атрибуттарды ұстану міндеттелмейді. Жылдам әрі қысқа болғаны шарт. Халыққа қолжетімді болу жағын қарастырады.