Кітап

Андрей Курпатов: «Красная таблетка» немесе біз мидың қуыршағымыз

Андрей Курпатов ми туралы не дейді

Андрей Курпатов әйгілі психотерапевт, Жоғары әдістеме мектебінің президенті, «Игры разума» интеллектуалды кластерінің негізін қалаушы. Оның «Красная таблетка» кітабы соңғы 10 жыл бойы жасаған зертеуінің  жемісі 2017 жылдың соңында жарық көрді.  Кітаптың атауы  Вачовскийлердің (апалы-сіңлілі) «Матрица» атты культтік фильмінен туындаған.

Фильм желісі бойынша Морфей Неодан қызыл немесе көк таблетканы ішуді сұрйды. Көк таблетканы ішсе, қазіргі сәті тек түсі болып шығады. Ал қызыл таблетканы ішсе, ғажайып әлемге тап болады.

Морфейдің ізімен Курпатов оқырмандарына шындықты осылай түсіндіру керектігін айтады.  Автор өміріміздегі  барлық процестерге  жауап беретін, көзқарасымызды қалыптастыратын адамның миы жайлы барлық мифтерді жоймақшы.

Ми және жеке тұлға

Қызыл таблетка – адамның миының қалай жұмыс істейтіндігіне сипаттама беретін, нейрофизиологиядағы негізгі жаңалықтардың бірі.  Курпатовтың әр жаңалығы мидың белгілі бір функциясы адамның іс-әрекетіне қалай әсер ететіндігін шынайы мысалдармен баяндайды. Кітаптың негізгі ойы – адам миының қуыршағы екендігінде.

Ғылыми зерттеулерге сәйкес адам өміріндегі барлық шешімді оның миы қабылдайтындығы анықталған.

Шешім қабылдаған соң ғана бірнеше секундтан кейін  бір нәрсе істеу керек деген ой туындайды. Сонымен қатар барлық идеялардың негізгі генераторы өзіміз яғни біздің жеке тұлғамыз екендігімізге кәміл сенеміз. Алайда Курпатовтың айтуы бойынша бізде жеке тұлға жоқ. Жағдайға байланысты біз өзімізді әр қилы ұстаймыз: отбасымен еркін болсақ, жұмыста жинақы дегендей. Әрбір жағдайда ми қажетті «жеке тұлғаны» ауыстырып отырады екен.

Атақты психолог және философ Уильям Джеймс жазғандай, «адамның бойында қанша тұлға болса, сонша жеке тұлға оны танып, ол туралы түсінікке ие болады».

Сонымен, біз дегеніміз – өзіміздің миымыз екен. Ал біздің санамыз – эволюция арқылы өзіміздің жайлылығымыз үшін қалыптасқан ойыншық. Бұл жағдайды көптеген отбасыларда болатын мысалмен келтірген. Күйеуі өзін отбасының басшысы деп және жалғыз өзі шешім қабылдайтындығына сенеді, әйтсе де әйелі бәрін әлдеқашан шешіп, тек күйеуіне не істеу керектігін білдіртпей нұсқау беріп отырады .

Мидың мүмкіндіктері

Ми табиғаттың керемет жаратылысы. Оның ғажайып мүмкіндіктері шексіз деген пікір кеңінен таралған. Мысалы, ми есте сақтай алатындай ешбір компьютер есте сақтай алмайды. «Красная таблетканың» авторы мидың шамадан тыс гиппрофияға ұшырағанын, жалпы адамзат миымен мақтануға нақты себептері жоқ деп жазады. Біз тек табиғаттың бергенін қолданып жатырмыз.

Сіз данышпандар, көрнекті ойшылдар, өнертапқыштар туралы не айтар едіңіз? Курпатов бұл сұраққа да жауап дайындады. Кез келген данышпан, талант 10 мың сағаттық тәжірибе арқылы танылған.

Кітаптан мысал:

Ондаған жылдар бұрын неміс психологы Андрей Эриксон және оның әріптестері Берлин музыка академиясының түлектеріне қызықты зерттеу жүргізді. Скрипкада ойнайтын оқушыларды үш топқа бөлді: 1) әлемдік деңгейдегі потенциалды солистер, 2) «үміт күттіретін музыканттар» және 3) егер бұл қызметтен мүлдем бас тартпаса, мектеп музыкасы мұғалімі мансабына ие болатындар.

Содан кейін психологтар әр топ өкілдері музыкалық шеберлікке қанша сағат дайындалатынын есептей бастады. Нәтижесінде, әлемдік мәдени қоғамдастықты таң қалдырды. Бірінші топтың өкілдері осы уақытқа дейін 10 мың сағат, екіншісі 8 мың, ал үшіншісі  4 мыңдай сағат ойнаған екен.

Бақыт туралы

Егер адамзат ми туралы көптеген мәлімет жинақтаған болса, онда мүмкін кейбір ғалымдар адамды қалай бақытты етуге болатынын анықтаған да шығар. Көпшілік үшін бақыт дегеніміз – жеткілікті ресурсты жинап, ештеңемен айналыспай, тек өмірден ләззат алу. Осыны жұмақ деп біледі екен.

Америкалық ғалымдардың бірі егеуқұйрықтарға арналған «жұмақты» құрды. Ол арнайы сыйымдылықта бірнеше мың егеуқұйрықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасады. Содан кейін сыйымдылықтың ішіне төрт егеуқұйрықты салып, кеміргіштердің бақытты өмір сүрулерін бақылады. Алғашында барлығы жоспар бойынша болды. Құйрықты аңдар қоректеніп, көбейіп жатты. Бақыт шыңына жетіп, егеуқұйрықтар жұмағы тозаққа ұқсай бастады. Ұрғашылар еркектерден бас тарта бастады, еркектер ұрғашыға деген қызығушылықты жоғалтты. Тәжірибе басталғаннан кейін үш жыл өткен соң бірде бір егеуқұйрық тірі қалмады.

Ғалымдар тірі организмдердің негізгі қажеттіліктерінің бірі – тіршілік ету деген тұжырымға келді. Өмір үшін күресу процесінде ғана бақыттың өткінші сәттерін бастан кешіруге болады. Алайда, жалпы алғанда, өмір бақыттан емес, үнемі даму және қиындықтарды жеңуден тұрады.

Кітап түсінікті тілде жазылған. Андрей Курпатов кез келген ойды, дәлелдеп, мысалмен түсіндіруге тырысады.

Егер сіз ми туралы біліміңізді тереңдетіп, сана, ойлау жұмысына қатысты көптеген мифтерді жойғыңыз келсе немесе когнитивті  оқып түсіну қиындық турдырмаса, онда Андрей Курпатов жазған «қызыл таблетка» сізге арналған кітап. Егер сіз иллюзияны басшылыққа алып өмір сүруді жалғастырғыңыз келсе, онда сіздің таңдауыңыз – «көк таблетка».

Дайындаған: Медина Дүкенбаева

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!