КітапПсихология

Эрик Берн «Адамдар ойнайтын ойын. Ойын ойнайтын адамдар» кітабы

Эрик Берннің психологиялық талдауы

Эрик Берн – америкалық әйгілі психолог. Ол кітабында адам психикасы мен әр адамның психикалық ерекшелігін түсіндіреді. Оның айтуынша, әр адам өмірде үш рөлдің біреуін сомдайды: ата-ана, ересек немесе бала. «Адамдар ойнайтын ойын. Ойын ойнайтын адамдар» (Games People Play) кітабының қысқаша мазмұнын ұсынамыз.

Автор туралы

Эрик Леннард Берн — әйгілі америкалық психиатр және психолог. Ол өмірінің көп бөлігін психоанализ, психикалық және жүйке ауруларын емдеу әдістерін зерттеу мен жетілдіруге арнады.

Кітаптың қысқаша мазмұны

Кітап төрт бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысында бірнеше тараулар бар.

Бірінші бөлім «Жалпы ойлар». Ол құрылымдық және транзакциялық талдау принциптерін ашуға, сонымен қатар сценарийді қалыптастыру тетіктерін қарастыруға арналған.

Екінші бөлім «Ата-аналық бағдарламалау». Эрик Берн адамның эго күйі мен оның тағдыры және өмірлік жоспарлары арасындағы байланысты айтады. Ата-баба, отбасылық мәдениет және басқа да аспектілер балалық шақта тұлғаның дамуына қалай әсер ететіні қарастырылады.

Үшінші бөлім «Әрекеттегі сценарий». Адамдар ойнайтын ойындардың әр түрлі сценарийлерін егжей-тегжей зерделеуге арналған. Сол рөлдер қоғамға қалай әсер ететінін талдайды.

Төртінші бөлім «Сценарийлер теориясына ғылыми көзқарас». Сценарий теориясын руханият, философия, психология, рационализм, эмпирицизм және әртүрлі ілімдер тұрғысынан қарастыратын мамандардың пікірін қамтиды. Автор кітаптың соңғы тарауларында сценарийді талдау тұжырымдамасын практикада қолданудың әдіснамасы мен ықтимал нұсқаларын сипаттайды.

Транзакциялық талдау

Транзакциялық талдау — Эрик Берннің соңғы концепциясы. Осы тұжырымдама бойынша әр жеке тұлғаның үш эго-күйі немесе «Мен»-нің үш күйі болады. Осы эго кейпі адамның мінез-құлқын және оның басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтайды. Транзакциялық талдау әр күйді зерттеуге, оларды өзгертудің әдістерін сипаттауға негізделген.

Автор кітабында үш түрлі күйді сипаттайды:

Ата-ана. Бұл ұстаным ата-аналардың мінез-құлқына негізделген. Мұндай эго күйінде адам ата-анасы сияқты ойлайды, сондай әрекет етеді.

Ересек. Ересек жағдайында адам өзінің өмірлік тәжірибесін ескере отырып, өте парасатты және объективті әрекет етеді. Мұндай эго адам өз іс-әрекеттерін толық бағалауға ​​және сол үшін жауапкершілік алуға мүмкіндік береді.

Бала. Бұл позицияда адам өзін кішкентай бала сияқты сезінеді және балаша ойлап әрекет етеді. Ол өзінің балалық шағындағы нәрселерді қайталайды. Өзін тәрбие беру және жақсы көру объектісі ретінде сезіну мүмкін.

Айналасындағы әлемді дұрыс қабылдап, эмоционалды жайлылық сезіну және күйзеліске ұшырамау үшін әр адам эго күйлері арасындағы тепе-теңдікке ұмтылу керек. Ол үшін Ересек эгоны нығайтыңыз.

Сценарийді талдау

Бұл тұжырымдама бойынша адамның тағдыры мектеп жасына дейін қалыптасады.

Сценарий деп бала кезде құрған жоспарларды айтады. Уақыт өте келе бала ата-анасының мінез-құлқына сүйене отырып, өзіне және айналасындағыларға қатысты белгілі бір көзқарастар, пікірлер қалыптастырады. Бұдан өз позициясы және жеке сценарийі құрылады. Осы бастамамен барлық өмірі жалғаса береді.

Сюжет таңдау және сценарий құру механизмі

Сюжетті таңдауға, әдетте баланың ата-анасы әсер етеді. Көбінесе сюжет дегеніміз ересектер айтып беретін оқиға. Кейіпкерледің бірінен бала өзін таниды.

Эрик Берн өзінің тұжырымдамасында балалар әдетте таңдайтын сценарийлердің типтік «қаңқаларын» береді:

  • Ұқсағыңыз келетін кейіпкер
  • Қылығын ақтап алуға болатын залым
  • Үлгілі жан
  • Белгілі бір оқиғаның әсерінен өзгерген адам
  • Мотивация беретін бірнеше кейіпкерлер
  • Этикетті бұзбайтын тұлға. Өз эмоцияларын тізгіндейді.

Автордың пікірінше, егер баланың айналасындағы жағдайлар сценарийдің сюжетіне сәйкес келсе, онда адамның өмір жолы дәл солай дамиды.

Эрик Берн сценарий қалыптастыратын үш бағытты көрсеткен:

  • жеңімпаз
  • жеңімпаз емес
  • сәтсіз адам

Сценарийдің қалай жұмыс істейтінін түсініп, оны өзгерту жолын табу үшін әрқайсысына ортақ элементтерді білу керек. Эрик Берн мына элементтерді көрсетеді:

Сценарийдің соңы

Сценарийдің негізі

Сценарийлік арандату

Моральдық өсиеттер немесе догмалар

Ата-аналардың үлгілері

Сценарий импульсі

Антисценарий

Алғашқы үш элемент барлық сценарийді басқарады. Олар бала алты жасқа толғанға дейін қалыптасады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!