Біліп жүрКітап

Кітап жазу мен оны басып шығару жолдары

Еңбегіңізді жарыққа шығарам десеңіз...

Кітападам жанының рухани азығы. Ал кітап жазу мен басып шығару – ең күрделі жұмыстардың бірі. Оны ойға алып жүргендер көп. Balbal.kz мотивациялық сайты бұл процесті жүзеге асырудың жолдарын ұсынады.

Кітап жазуды жоспарлап жүрген адамдар жиі қоятын сұрақтар:

Кітап қалай жазылады?

Қанша уақытты қажет етеді?

Қалай басып шығару керек?

Бір кітапты жазу арқылы қанша ақша табуға болады?

Кітап қалай жазылады?

Сізге ол кітапты жазу не үшін қажет екенін түсіну маңызды. Себебі көп жазушылар бастаған ісін аяқсыз қалдырады.

Кітаптың құрылымын жасау. Үстелге отырып,қағазды қолыңызға ала сала кітап жазу — үлкен қателік. Егер сізде жоспар болмаса, сапалы дүние жасалмайды. «Оқырманға кітап қаншалықты пайдалы болады?» Әуелі осы сұраққа жауап табыңыз. Сосын кітаптың бөлімдерін жазып шығыңыз.

Әр бөлімге тезистер, кілтсөздер дайындаңыз.

Бөлімдерді рет ретімен жазып шығу маңызды емес. Сізге қалай ыңғайлы, ойыңызға қандай идеялар келеді. Сол бойынша орналастыра беріңіз. Мәселен, 23 бөлімнен тұратын болса, алдымен 1, сосын 2, кейіннен тіпті 17-бөлімдерге аргументтерді, тезистерді енгізе беріңіз. Соңынан бір пысықтап шығасыз.

Копирайтер немесе журналистің назарын аудару. Кітабыңыздың сапасы жоғары болуы үшін мәтінді өңдейтін, алып-қосатын адамдардың болғаны дұрыс. Сізден кеткен қатені басқасы байқап қалуы, өзгертуі әбден мүмкін. Жаңа мысалдар енгізіп, оқырманның қызығушылығын туғызатындай дүние жасауға болады.

Материалды оқып шығу. Кітабыңызды қанша адам өңдесе де, толықтырса да тексеріп шығуыңыз керек. Кез келген адам қателесуі мүмкін. Ол үшін бәрін аяқтаған соң бір көз жүгіртіп шығыңыз.

Кітап жазу қанша уақытты қажет етеді?

Егер оны босқа уақыт кетіру деп ойласаңыз, сіз оны ешқашан жаза алмайсыз.Сол үшін күн тәртібіңіздегі жоспарды, жұмысыңызды кейінге қалдырып, бар уақытыңызды осы процеске арнаңыз.

1-күн: кітаптың құрылымын дайындаңыз

2-күннен бастап жазуға арнаңыз. Негізі алдымен сіздің және оқырманның көкейінде жүрген сұрақтар тізімін дайындаңыз. Сосын ізденістің нәтижесінде бар жауапты жинақтап, жақсы туынды жазып шығыңыз. Кейін журналист немесе копирайтердің көмегіне жүгініңіз.

Қалай басып шығарамын?

Атақты және кеңінен танымал баспаханалардың көмегіне жүгініңіз. Бірлесе отырып логотип жасаңыздар.

Бірақ міндетті түрде қиындықтар орын алады. Дайын болыңыз. Мәселен, шектеулер, кітапты өз ақшаңызға сатып алу, сатылымның әлсіз болуы.

Егер сізде бұл жағдайда тәжірибе болмаса, баспаханалармен жұмыс істеуге мүмкіндік аз.

Серіктестеріңіздің сізге қызметі:

1.мәтін корректурасы (қателерді тексеру)

2.мұқабасының дизайны

3.өз компанияларында кітап жарнамасын жасайды, сайтқа жариялайды

4.баспаханаларда кітапты басып шығарады.

Бір кітапты жазу арқылы қанша ақша табуға болады?

Кіріс 2-ге бөлінеді. Тікелей және қосымша табыс. Тікелей табыс сатылымнан түскен қаржы. Қосыша түрі клиент жинаумен анықталады. Сапалы кітап сіздің қызметіңіздің құнын арттырады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!