Кітап
Марк Мэнсон: «Нонсенстің ерекше өнері» кітабындағы басты ойлар
Марк Мэнсонның «Нонсенстің ерекше өнері» кітабындағы негізгі идеялар
Марк Мэнсон – америкалық жазушы, блогер және кәсіпкер. Оның «Нонсенстің ерекше өнері» (The Subtle Art of Not Giving a F*ck) кітабы «New York Times» бестселлерлер тізімінде 6 орын алып, 2018 жылдың өзінде 2 миллионға жуық көшірмесі сатылады. Balbal.kz мотивациялық сайты Марк Мэнсонның «Нонсенстің ерекше өнері» кітабындағы басты ойларды назарыңызға ұсынады.
Өзгелерге назар аударма
Қазіргі нарықтық қоғам мен әлеуметтік желілер уайымдау, қорқу, өкіну секілді сезімдерді дұрыс емес санайтын буынды тәрбиелеуде. «Facebook» парақшаларына сенсең, бәрі шалқып өмір сүреді. Осы аптаның ішінде ғана 8 адам үйленіп, бір қыз туған күніне Ferrari алды. Ал тағы бір бала дәретхана қағазын жеткізіп туратын қосымшама жасап, 2 миллиард доллар ақша тапты. Ал сіз болсаңыз үйде дым істемей жатырсыз. Осыны көргеннен кейін сіздің басыңызға өміріңіз қаншалықты мағынасыз әрі жаман екендігі жайлы ойлар келеді.
Мұндай ойлар шешілмейтін түйінге айналып, бүкіл әлемде миллиондаған адамды күйзеліске түсіруде. Ал бұрыңғы кезді қарайық. Атамыз көңілі түссе: «Өзімді жаман сезініп тұрмын. Бірақ бұл өмір. Барып егін орайын» дейді де, әрі қарай өмір сүре береді. Қазір ше?
Бір минуттың ішінде таныстарыңыздың барлығы армансыз шалқып жүрген 350 сурет келіп тұрады. Содан кейін сіз өзіңізді бір нәрседен қалып қойған секілді сезінесіз. Сондықтан басқаларға назар аудармай өмір сүру керек. Бұл тәсіл сізді артық ойлардан құтқарады. Тек өмірде қиындықтың әрқашан және барлығында болатынын түсінсеңіз болды. Уайым-қайғы бәрімізде бар. Бұл – қалыпты нәрсе.
Даму жолы
Егер менің мүмкіндігім болса, көңіл қалдырушы панда жасап шығатын едім. Ол панда әркімнің үйіне барып ең ащы шындықты айтып жүретін болады. Оны адамдар тыңдағысы келмесе де, тек шындықты айтады. Себебі адамдар шындықты мойындаған кезде ғана дамиды. Сол секілді өмірде уайым-қайғы даму үшін керек.
Бірнәрсе жетіспеген кезде адамдар оған қол жеткізу үшін орнынан қозғалып, барын салады. Ал ауру мен қиындықтар адамды күшейтеді. Мысалы, аяғымды орындыққа ұрып алдым делік. Осы кезде сезінген аурудың арқасында келесі жолы абайлап жүретін боламын. Иә, біз ауруды жек көреміз. Бірақ ол пайдалы. Ауру мен қиындықтар бізге ненің жақсы, ненің зиян екенін көрсетеді.
Тәннен бөлек адам жанының рухани ауруы болады. Ол да біздің шектен шықпауымыз үшін керек. Бұл ауру бізге қатені қайталамауды үйретеді. Сондықтан ауру мен уайым-қайғыны өмірдің бөлшегі ретінде қабылдаған дұрысү
Ешкім ерекше емес
Мен үздікпін. Ал басқалар менен төмен. Сондықтан маған ерекше көңіл бөлу керек. Мен жаманмын. Ал өзгелер менен жоғары. Сондықтан да маған ерекше көңіл бөлу керек. Бұлар түрлі ұғым секілді көрінгенімен, екеуі де бір эгоистік сезімнен пайда болған ойлар. Өзін «ерекше» сезінетін адамдда мұндай ойлар кезек-кезек әрі жиі пайда болады.
Өзіңді бағалауда «ерекше» деген сөзге жол бермеу керек. Себебі бір адамда ғана болатын ерекше қиындықтар жоқ. Тура сіздегі қиындықтармен сізден бұрын миллиондаған адамдар өмір сүрген және сізден кейін миллиондаған адамдар өмір сүреді. Марк Мэнсон «Мен ерекше емеспін» деген ойды қабылдау керектігін ұсынады. Сонда сізде туындаған мәселе алынбайтын жартас секілді болып көрінбейді. Кез келген уайым-қайғыдан өту жеңілдей түседі.