Ньютон әдісі — ақпаратты тез әрі ұзақ есте сақтау техникасы. Техниканы атақты физик Исаак Ньютон ойлап тапқан. Осы арқылы ол кітапты тез меңгеріп, жаңа нәрсені үйренуге бейім болған. Balbal.kz мотивациялық сайты Ньютон әдісін қолдану туралы материал дайындады.
Ньютон туралы
Исаак Ньютон 1666 жылы басына алма түскен адам ретінде танымал. Физикада оның тартылыс күші, Ньютон заңдары оқытылады. Ньютон физикадан бөлек, астрономия және математика ғылымдарын зерттеді. Одан бөлек алхимия, нумизматика, философия және басқа ғылымға қатысты кітаптар оқыды. Оккультизм мен магияға қызығушылық танытты. «Табиғи философияның математикалық принциптері» кітабы бар.
Кітап оқу ерекшелігі
Алайда Ньютон өзінің есте сақтау техникасымен бөліспеген. Лондон корольдік қоғамы ғана оның бір әдетін байқаған. Ол маңызды парақтардың бұрыштарын майыстырды.
Кітапхананың басқарушы директоры Руперт Бейкер қалжыңдап Ньютонды кітап беттерін бүлдіретін рецидивист зиянкес деп атады.
Осы әдісті зерттеу үшін Бейкер 1978 жылы Джон Харрисон шығарған «Исаак Ньютон кітапханасы» кітабына жүгінді.
Ньютон әдісі
Төменде сипатталған барлық ережелер электронды кітаптарға қатысты емес. Кітаптан немесе қағаздан оқитын жандарға арналған.
Кітапқа белгі қойыңыз
Кітапхана меңгерушісі Ньютонның барлық кітаптары әртүрлі бетбелгілермен жоғары және төмен қарай жазылғанын айтады. Ғалым кітаптағы ойды белгілеп қана қоймай, өзінің ойын жазады. Парақтағы бос орынға өз ойларын жазып, оқылған материал бойынша мазмұндама жасаған.
Кітап бетін қайыру
Қазір көптеген оқырман қай жерден тоқтағанын білу үшін парақты қайырады. Ал Ньютон оны басқа мақсат үшін бүккен. Ол парақтың бүгілген бұрышымен өзіне ұнаған белгілі бір сөйлем немесе сөзге нұсқады.
Кітап мазмұнын құраңыз
Бұрынғы кітаптарға мазмұн болмаған. Сол үшін нақты бір ақпараттың қай бетте орналасқанын есте сақтау қиын. Сол үшін ол кітаптың соңына ғылыми жұмыстың негізгі терминдерінің, формулаларының, және т.б. ақпараттың арнайы индексін қоя бастады. Осы арқылы оқырман концентрация қоя алады.
Кітаптан максимумды алу
Ғалым кітаптарды максималды білім алу үшін қолданды. Ал өзі қажетсіз деп санайтын беттерді жыртып тастайтын. Әрине сізге оны жыртудың қажеті жоқ. Бірақ кітапты оқып болған соң, кітаптың ең маңызды ойларын қойын дәптерге жазыңыз.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова