Аз ақшамен бәріміздің саяхаттағымыз келеді. Алайда қай елдерге аз ақшамен баруға болатындығын біле бермейміз. Демалыс уақыты келсе, барлығын ұмытып, ұмытылмас демалысты аңсаймыз. Бірі БАӘ таңдаса, енді бірі Еуропа елдеріне саяхаттап жатады. Бірақ баға мен күнделікті қыдыруға кететін қаражат салыстырмалы түрде көп болары сөзсіз. Balbal.kz мотивациялық сайты 2 ересек адамға 2 апта көлемінде минималды қаражатпен саяхаттауға болатын мемлекеттер тізімін дайындады.
Беларусь
Тізім басында Беларусь мемлекеті тұр. Тіл және виза жағынан ешкімде мәселе болмайтыны сөзсіз. Көгілдір көлдер мен ормандар, зәулім сарайлар ертегі әлемінде жүргендей сезім қалдырады. Бұл мемлекетте сіз Мирск сарайына саяхат жасап, Нарочиден балық аулай аласыз. Бұл мемлекетте демалу үшін орта есеппен $75 қажет. Соның ішінде, $30 тұрғын үйге, $30 тамақтануға және $15 қыдыру мен көңіл көтеруге кетеді.
Молдава
Екінші – Молдова мемлекеті. Бұл елде өміріңіздегі ұмытылмас демалысыңызды өткізе аласыз. Уақыт бұл қалада асықпай өтетін секілді. Демалыс барысында сіз тарихқа толы сарайлар мен жартасты монастырьларды аралай аласыз. Тойымды плацинда мен вертутидің дәмін татып, отбасылық жекежайлардан дәмді шарап іше аласыз. Демалыс бюджеті $70 құрайды. Оның $25 тұрғын үйге, $25 тамақтануға, транспорт және көңіл көтеруге $20 жеткілікті.
Армения
Арзан мемлекеттер тізімінде Армения мемлекеті де бар. Бұл елге қай мезгілде барсаңыз да, уақытыңызды босқа өткізбейсіз. Қыз мезгілінде Цахкадзор шипажайында шаңғы және сноубордпен сырғанай аласыз. Татеву тауына көтеріліп, өзіңізге ұмытпастай әсер қалдыра аласыз. Сонымен қатар биік тауларды тамашалай аласыз. Демалыс бюджеті $77 құрайды. Оның $33 тұрғын үйге немесе қонақ үйге, $26 тамақтануға, $18көңіл көтеруге және транспортқа.
Грузия
Тізіміміздегі келесі ел – Грузия. Бұл жақта сіз керемет табиғатты тамашалап, Сванетидің таңқалаларлық пейзажын көре аласыз. Дәмді хинкали мен хачапуриден дәм татып, үй шарабын ішуге мүмкіндік бар. Бұл мемлекетте демалу үшін $75қажет. Оның $26 тұрғын үйге, $29 тамақтануға, $20 көңіл көтеруге жұмсай аласыз.
Әзірбайжан
Әзірбайжан мемлекетінде де демалысыңызды қызықты әрі көп қаражат жұмсамай өткізуге болады. «Отты мұнаралар» мен отқа табынушылардың ғибадатханасы – Атешгях, Янардаг тауы мен 360 Bar Hilton Baku мейрамханасы сізді таңқалдырмай қоймайды. Кілем мұражайы алдында суретке түсіп, Гобустан жартасындағы ребустарды шешіп, уақытыңызды қызықты өткізе аласыз. Демалыс бюджеті $85 құрайды. Тұрғын үйге $35, тамақтануға $32, көңіл көтеру мен транспортқа $18 жеткілікті.
Марокко
Шығыс ертегісіне тап болғыңыз келсе, Марокко мемлекетіне саяхаттаңыз. Бұл елде байлық банкте емес, ескі мединалардағы базарларда және Сахара құмы мен Атлант мұхитының жағалауында сақталады. Бұнда сіз Дадес шатқалын аралап, Шефшауэнді тамашалай аласыз және шөл даладағы сафариге саяхаттауыңызға болады. Саяхат бюджеті $87 құрайды. Оның $32 тұрғын үйге, $28 тамақтануға, $27 көңіл көтеруге жұмсай аласыз.
Дайындаған: Назархан Уән