Компас

Филиппиндер: Арал-мемлекетке саяхат жасағыңыз келсе

Филиппиндер Республикасына саяхат

Филиппиндер – Азияның оңтүстік-шығысындағы 7 000-нан астам аралдан тұратын мемлекет. Аралдар арасындағы байланыс жақсы дамыған. Сонымен қатар туристерге демалыс үшін тиімді орындардың бірі. Balbal.kz Филиппиндер Республикасына саяхат кезінде қажетті кеңестерді назарыңызға ұсынады.

Қатынас құралдары

Филиппиндерде су, әуе және автомобиль көліктері бар. Сондықтан саяхат барысында орын ауыстыру аса үлкен қиындық туғызбайды. Мұнда үлкен және шағын паром компаниялары бар. Алайда шағын компаниялардың паромы алыс жерлерде орналасқан. Бұл саяхат үшін тиімсіздеу болуы мүмкін. Бұдан бөлек катерлер мен шағын моторлы қайықтар да бар. Мұндай қатынас құралдарымен кішігірім аумақтарды аралауға болады. Үлкен паромға билет құны 400 песоны құрайды. Сонымен қоса айлақ салығын да төлейсіз.

Егер автомобильмен саяхаттауды жөн деп санасаңыз, мотоциклден бастап қаларалық автобусқа дейін таңдауға болады. Мұнда жергілікті халық мотоциклді жиі қолданады. Жалға алу құны да көп емес. Әр шақырым үшін 7 песо төлейсіз. Мотоциклден бөлек, «Джипни» деп аталатын америкалық джип пен микроавтобустың қосындысы бар. Мұндай көлік түрімен қаланы аралау құны 8 песоға тең. Автобустың көмегімен бір аралдан екінші аралға бара аласыз.

Аралдарда әуежайлар өте көп. Ең үлкендері Манила және Себу қалаларына орналасқан. Олар мемлекетішілік және халықаралық рейстерге арналған.

Жаңбырлы кезең

Филиппиндер Республикасында демалыс маусымы желтоқсанда басталады. Ал мамыр және қараша аралығында жаңбырлы кезең болады. Тамызда тайфундар жиілей түседі.

Мұндағы «Лусон» аралы қауіпті болып табылады. Оның солтүстік бөлігі тайфун аймағына енеді. Ал оңтүстігінде ауа-райы демалыс үшін қолайлы.

Филиппиндердегі белгілі аралдар

Боракай

Арал туристер арасында сұранысқа ие. Шағын аралды жаяу аралауға да болады. Ал жағажайы таза әрі көрініс те әдемі. Түнгі клубтар мен демалыс аймақтары, спорт алаңқайлары туристердің тиімді демалысын қамтамасыз етеді. Танымал жағажайы – White Beach.

Лусон

Көпшілігі Филиппиндер Республикасын дәл осы аралдан бастап аралау керек деп есетейді. Аралдағы Манила қаласына тоқтап, испандықтар салған «Интрамурос» кварталын көруге болады. Сонымен қатар Лусонда  «Багио» шипажайы орналасқан. Бұлардан бөлек Банахоа, Тааль және Майон жанартауларын да тамашалай аласыз.

Палаван

Палаван өзінің орманы, керемет табиғаты мен ұлттық паркі арқылы танымал.

Себу

Аралда түрлі қонақ үйлер бар. Үлкендігі бойынша екінші орынды алады. Себуде архитектура ескерткіштері көп. Ал Бантаян аралы демалыс үшін ыңғайлы болып табылады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!