Құпия аралдар қайда екенін білесіз бе? Әр мемлекетте туристер білмейтін, жасырын жатқан бір орын бар. Ол бақша, өзен, көл тіпті арал болуы мүмкін. Balbal.kz мотивациялық сайты назарларыңызға 7 құпия аралдың тізімін ұсынады.
Лошинь
Бұл арал – Хорватияға тиесілі архипелагтың бір бөлігі. Туристер танымал мемлекеттерге барып демалғанды, көңіл-көтергенді жақсы көреді. Бірақ бұл үлкен қателік. Лошинь аралы Австрия- Венгрия императорларының сүйікті орны болған. Мұнда билеушілер өздеріне арнап зәулім сарайларды да салдыратын. Арал тарихи ғимараттарамен ғана емес, қолайлы климатымен, таза ауасымен және жағажайларымен де танымал. Мұнда шалфей, лаванда және қарағай ағаштарының иісі аңқып тұрады.
Китира
Бұл Греция аймағында орналасқан, туристер сирек келетін орын. Китира Ион аралдарының құрамына кіреді. Осы жерде Грецияның барлық үш теңізі тоғысады. Аңыз бойынша, Афродита құдайы осы жерде дүниеге келген. Гомер, Аристотель, Глюк, Георгий Иванов – бұл атақты тұлғалардың барлығы осы аралға өз шығармаларын арнады. Бұл жерге демалуға келгендер үш теңіздің суына шомылып, ыстық күнде серуендеп, көрікті орындарға барады: ежелгі астана, бекініс, 7-ғасырдағы фрескалары бар үңгір.
Борнхольм
Дания мемлекетіне тиесілі арал. Балтық теңізінде Польшаның солтүстігінде орналасқан. Сіз Копенгогеннен жарты сағатта жете аласыз. Ол өзінің тағамдарымен танымал. Аспазшылар оларды жергілікті көкөністерден дайындайды. Негізгі тағам түрі – жабайы шөптері мен жидектері бар ысталған балық. Суға түсуге болмайды, себебі жылы емес. Бірақ туристерді таулары, жартастары, құздары мен теңіздері қызықтыруы мүмкін. Мұнда ортағасырлық шіркеулерді, бекініс қалдықтарын көруге болады.
Сенья
Аумағы жағынан екінші орынды иеленетін арал. Ол Норвегияның барлық кереметін біріктіреді. Таулар, фьордтар, ормандар, сарқырамалар, ақ құмы бар жағажайларды кездестіруге болады. Туристер бұл аралға солтүстік шұғыланы көруге келеді. Сеньяны «Солтүстіктің Інжу-маржаны» деп атайды.
Ре аралы
Бұл арал Ла-Рошель қаласымен үш шақырымдық көпір арқылы байланысады. Бұл жердің адамдары велосипед көмегімен қозғалыста жүреді.Көліктерді сирек кездестіресіз. Аралда қайнаған тіршілік жоқ, тек таза ауа, жылы климат және қонақжайлылық, 19-ғасырдан келе жатқан көрікті жерлер бар.
Ла-Маддалена
Бонифачо бұғазында 62 аралдан тұратын архипелаг жасырынған. Олардың ішіндегі ең танымалы – Ла-Маддалена – Италияның маржаны. Әскери базалар жабылғаннан кейін бұл жер толықтай халық пен туристердің иелігіне өтті. Мұнда қызғылт түсті жағажайда дем алып, шығанақтың жылы суларында жүзуге болады. Жергілікті табиғаттың сұлулығын тамашалап, тамсануға болады.
Сиес
Бұл аралды жергілікті тұрғындар Галисия Сейшель деп айтайды. Ақ құмды жағажайлары, мұхиттың таза және мөлдір сулары бар. Фауна мен флораны сақтау үшін мемлекет қатаң заңдар орнатқан. Адамдар арнайы жолдармен ғана жүре алады.