Шарм әл-Шейх Египеттің оңтүстігіндегі Қызыл теңіздің жағасында, Синай түбегінде орналасқан. Осман мемлекеті кезінде танымалдыққа ие болған, ол уақытта бұл жерді Офира деп атаған. Кейін 1970 жылдары ауа райының жайлылығы, табиғатының байлығына байланысты тез дами бастады.
Ауа райы
Шарм әл-Шейхте жылдық жауын-шашын мөлшері өте төмен. Қаңтар-ақпан айларында түнгі температура + 15°-қа дейін төмендейді. Ал күндізгі уақытта күн +25°- тан жоғары болады. Жазда температура + 45° немесе одан да жоғары көтеріледі. Түнде + 30°- ты құрайды.
Теңіз суының температурасы қыста да + 20°- тан төмендемейді, жазда + 28°- қа дейін көтеріледі.
Қонақүйлер
Қалада 200-ге жуық әртүрлі деңгейдегі және бағасы жағынан айырмашылығы бар қонақ үй жұмыс істейді. Ең арзан қонақ үйдегі бөлменің бір тәулікке бағасы, шамамен, 26 доллар яғни 8000 теңге. Бұл бағаға сізді қонақ үй автобусы тегін тасымалдайды және таңғы ас, бассейн, тегін көлік тұрағы кіреді. Ал ең қымбаты – Four Seasons Resort қонақ үйі. Қонақ үйдегі бөлменің бір тәулікке бағасы шамамен 140 мың теңгені құрайды. Бұл қонақ үй біріншіден 5 жұлдызды, ішінде тегін швециялық таңғы ас, желдеткіш, бассейн және басқа да қызмет түрі бар.
Су асты әлемі
Шарм әл-Шейх – су астында жүзетін спортшылар үшін таптырмас орын. Таза, жылы және бай, көптеген маржан рифін кездестіресіз. Қыста да, жазда да жүзуге жақсы жағдай жасалған. Туристер үшін флора мен фаунаның басқа түрлерімен ерекшеленетін Рас-Мохаммед ұлттық саябағына экскурсиялар ұйымдастырылады.
Демалыс орындары
Қалада түнде мүлде басқа өмір басталады. Қала түнгі клубтарымен, ойынханаларымен танымал. Халықтың жақсы көретін жері – Променад Наама-Бейге серуендейтін жол. Әртүрлі дүкен мен шағын дәмханаларды кездестіресіз.
Бару құны
Қазіргі таңда Шарм әл-Шейх шипажайына Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалаларынан апаратын туроператорлар бар. Олардың көмегімен арзан әрі сенімді авиабилет сатып алуға болады. Бір бағыттық билетке шамамен 200 мың теңге кетеді. Егер сіз бірден дәл осы авиакомпаниямен келісіп екі жаққа да билет алсаңыз, 700 мың теңгеңіз кетеді.
Жергілікті тағамдары
Мейрамханаларда тек араб елінің асханасын емес, Жапония және Еуропа асханаларын да кездестіре аласыз. Сіз бұл жерден қымбат мейрамханаларды ғана емес, басқа да фаст-фуд сататын бағасы қолжетімді жерде тамақтана аласыз. Арзан әрі тойымды тамақтанатын жерді іздесеңіз, онда мұндай мейрамханалардың орта бағасы шамамен 4000-6000 теңгені құрайды.
Дайындаған: Гаухар Бердібек
Тег: