Копирайтерлерге берілген тапсырманы мүлтіксіз орындау маңызды. Олар жылдар бойы тез әрі оңай жазу әдістерін іздестіреді. Бірақ кәсібилік қателіктер арқылы қалыптасады. Егер сіз копирайтер болсаңыз, сізді қатерліктерге жеткізбей жұмысты жеңілдететін ең жақсы кеңестерді жинастырдық.
Мәтін жазбас бұрын материалдарды оқу
Алдымен клиенттен қажетті ақпаратты жинап алыңыз. Бірақ кейде бұл жеткіліксіз болып жатады. Тапсырыс беруші тақырып бойынша маман болмағандықтан аз мәлімет ұсынуы мүмкін.
Қажетті ақпаратты қайдан табуға болады?
Бұл жазып отырған аудиторияға және мақсатыңызға байланысты. Егер сізге бірінші жақтан қажеттіліктерді көріп, зерделеу керек болса, тақырыптық форумдар көмектеседі.
Лайфхак: форумдарда қажетті тақырыптар болмаса, оларға тіркеліп, өзіңіз форум ұйымдастырыңыз.
Сонымен қатар сіздің хабарламаңыздың табиғи естілетініне көз жеткізіңіз. Мысалы, аң аулауға арналған құлаққапты немесе құлаққапты сатып алғану жайында мәтін жазасыз делік. Ендеше аңшылар қандай мәселелерге тап болатынын және олар қандай нұсқаларды көбірек ұнататындығын білу маңызды. Демек өзіңізді жаңадан келген аңшы ретінде таныстырасыз. Таңдау кезінде қиындықтар туралы шағымданып, кеңес сұраңыз. Егер форум танымал болса, сіз көп ұзамай өзіңізге қажетті ақпарат аласыз.
Дұрыс ақпаратты алудың тағы бір керемет нұсқасы – бұл блогерлер.
Мысалы, спортшылар. Блогтарын көре отырып, сіз оның құрсақ бұлшық еттерін нығайтуға немесе бицепс пен трицепске арналған жаттығуларды таңдауға кеңес бере алатындығын бірден түсінесіз. Мұндай мамандар спорттық тамақтану сияқты бір тақырыпта ондаған видео түсіре алады.
Материалды зерттегеннен кейін де мәтін жазалмадыңыз ба?
Ыдыстарды жуып келіңіз
Копирайтерлер үлкен көлемдегі материалдарды күректеп алып, бірде-бір сөз жаза алмай қалатын кездері болады. Мұндай жағдайда үй шаруасымен айналысып, серуендеп келген жақсы. Жинақталған мәліметтер ойыңыздан босап, қиял қосылады.
Маңызды сәт: сізге не сәйкес келетінін анықтап алыңыз.
Бір авторға саябақта серуендеу керек, екіншісіне контрастты душ қажет, үшіншісі үй тірліктерін атқару ойларын босатады. Нақты ұсыныс жоқ, барлығы адамның жеке өзіне байланысты.
Басқа адамдардың шешімін қайталауға қорықпаңыз
Сіз елеңдететін тақырып, ерекше трюк, қызықты метафора көрдіңіз бе? Жазба жазып, қайталап көріңіз. Көрермендердің ықыласына бөленген мақаланы таптыңыз ба? Ұқсас нәрсені жазыңыз, бірақ тақырыпты кеңейтіңіз немесе керісінше оны тарылтыңыз. Басқа копирайтердің стилі ұнады ма? Оның элементтерін өзіңізге қосыңыз. Әріптестеріңіз көрген жақсы фишкаларды алыңыз және жетілдіріңіз.
Маңызды сәт: қызықты әзірлемелер сақталатын жұмыс папкасын жасаңыз.
Барлығын есте сақтауға тырыспаңыз: тіпті ең керемет идеялар да ұмытылады. Сондықтан бірден жазып,түртіп алыңыз. Алдағы уақытта шабытыңыз оянғанда сізге алтын сандықтай қуантатыны анық.
Жазғаннан кейін бірден өңдемеңіз
Бұлыңғыр көздерімен копирайтер кейде тіпті өрескел қателіктерді де байқамайды. Жібермес бұрын мәтіннен демалып, қайтадан оқып шығыңыз. Өңдеуді аяқтадыңыз ба? Жіберуге асықпаңыз. Мүмкін сіз мәтінге жаңа көзқараспен қарап, кейін тағы өзгертерсіз.
Маңызды сәт: әрдайым мәтіннен демалатын уақытты, жұмыс уақытына қосып қойыңыз. Мысалы, мәтінді жазуға 2 күн кетсе, оған тағы 1 күнді мәтіннен демалатын уақыт ретінде қосыңыз. Бұл сізге форс-мажор жағдайында пайдалы болады. Мысалы, компьютер кенеттен бұзылса, 1 күн жөндеуге кетеді.
Спам хаттарға шолу жасаңыз
Біріншіден, бұл қызықты. Екіншіден, бұл ерекше тақырыптар мен мәтінмен қамтылған хаттар бар. Оларды қарап шығыңыз және біз жоғарыда айтқан қызықты идеялар туралы жұмыс файлына салып қойыңыз.
Саладағы адаммен нәтиже бөлісу
Әріптесіңізбен жұмыс мәселелерін талқылап, көмек сұраңыз. Сіз осындай әріптесіңізді ВКонтакте немесе Facebook-тен копирайтинг топтарында таба аласыз.
Жақсы дос сізге жаңа деңгейге көтерілуге көмектеседі:
- Ол қажет болған жағдайда сіздің мәтіндеріңізге сын айта алады. Ал егер сіз мәтіннен шаршаған болса, ол сіз байқамаған қателеріңізді көріп, түзей алады.
- Сіз бір-біріңізбен қызықты оқиғалар мен қажет сілтемелермен бөлісе аласыздар. Тәжірибе алмасу кәсіби өсуіңізді айтарлықтай жылдамдатады.
- Егер сіз өзіңіздің жеке блогыңызды бастауға немесе кітап жазуға мақсат қойсаңыз, алдымен әріптестеріңізбен бір келісімге тұрыңыз. Мысалы әр аптаның соңында өзіңіздің жетістіктеріңізбен, алған сабақтарыңызбен бөлісіп отыру. Көптеген адамдар үшін бұл мотивация. Себебі әріптесіне барып, бір апта ішінде ештеңе жасамадым деп айтуды ұят санайды.
Достармен жұмыс істеу кезінде өзара түсіністік пен тең қарым-қатынас маңызды екенін ұмытпаңыз. Алуға ғана емес, беруге де дайын болғаныңыз абзал.
Клиенттерге қызмет көрсету
Қызметтер аясын кеңейтуден қорықпаңыз.
Тәжірибелі, мықты автор мәтінді жіберуге немесе тапсырыс алудан бас тартатын жағдайлар жиі кездеседі. Бұндай іске «Мен әлі ондай бағытта жазбадым. Нәтижесіз болып шықса ше?» деген ой кедергі жасап тұрады.
Жазып көріңіз, материалдарды оқып, тәжірибе жинаңыз. Қызметтеріңіздің тізімі неғұрлым ұзақ болса, маман ретінде соғұрлым құнды боласыз.
Тек мәтінмен шектеліп қалмаңыз. Салаға байланысты бағыттарды да қараңыз: SEO-оңтайландыру, контекстік жарнама, SMM, электрондық пошта маркетингі сияқты. Дизайн, макет негіздерін білу де артық етпейді. Қазір орыс тілінде ондаған тегін курстар, пайдалы кітаптар да бар.
Тарифтерді көтеру
Ұзақ уақыт бойы бір бағамен жұмыс атқарған болсаңыз, тарифті көтерсеңіз болады.
Бір жағынан, көбірек ақша тапқымыз келеді. Екінші жағынан копирайтерлерді «Клиенттер мені тастап кетеді», «Мен неге мұндай бағаны ұсынғанымды түсіндіре алмаймын» деген ойлар тежейді. Осындай жағдайда екі нәрсені түсіну керек:
- Жоғары баға жақсы клиенттерді қорқытып қана қоймай, оларды тарта алатын қасиеті бар. Көптеген адамдар «қымбат баға деген сапаны білдіреді» деген қағиданы басшылыққа алады.
- Неғұрлым аз төлем алсаңыз, соғұрлым аз тырысасыз. «Егер маған аз ақша төлесе, мен неге тырысуым керек?» деген ой мазалай бастайды. Төмен жалақы өз жұмысын жақсы орындауға деген ұмтылысты жояды.
Егер сізге тарифті көтеру қиын болса
Жаңа кітап оқып, курстардан өтіңіз. Өз мамандығыңызды жетілдіріңіз. Сіздің деңгейіңіз көтерілсе, демек, қызметтердің бағасын көтеруге болады. Сонда сізді жоғарыда атап өткен ойлар мазаламайтын болады.
Деңгейіңізді көтеріңіз
Бұл тек жұмыс сапасы туралы ғана емес, клиенттердің де сапасы мензейді. Қызықтырған компанияға жүгінуден қорықпаңыз. Ірі клиенттермен жұмыс атқарудан бас тартпаңыз. Көптеген авторлар жылдар бойы бір жерде қимылсыз отырады. Себебі тұтынушыларды өздері үшін «тым салмақты» деп санайды.
Егер сіз тұтынушыдан қорқатын болсаңыз, клиентті футболка мен үй шалбарын киіп, балалармен ойнайтындығын елестетіп көріңіз. Оның баласы болмаса да, елестетіп көріңіз. Шынымен жұмыс істейтін әдіс. Сіз үшін тапсырыс берушінің ауырлық дәрежесі күрт төмендейтінін байқайсыз.
Тұтынушыны шамадан тыс «сараптамамен» мазаламаңыз
Кейбір копирайтерлерге редакторға немесе клиентке өз ойын/
идеясын түсіндіру қиын. Бұл былайша көрініс табуы мүмкін: «Сіз сұраған мәтін сізге қажет емес. Мынандай мәтінге тапсырыс берген дұрыс болар еді. Сіз бұл саланы мүлдем түсінбейтін сияқтысыз. Ал мен сізден көп білемін. Себебі менің бес жылдық тәжірибем, сертификаттарым бар. Мен негізі нарықтағы ең жақсы мамандардың бірімін. Айтқанымдағыдай етіп жазайық». Осылайша, копирайтер тапсырыс берушінің сөзін жоққа шығарып, дегенін істеуге тырасады. Бұл көбінесе сізбен әрі қарай жұмыс атқаруға бас тартуға себеп болады.
Сол үшін алдымен мына кеңестерді ескеріңіз:
- Жұмыстың мақсатын нақтылаңыз, клиентті дұрыс түсінгеніңізге және шыбыннан піл жасап отырмағаныңызға көз жеткізіңіз.
- Егер тапсырманы әлі де өңдеу керек болса, дәлелдерді жинақтап, маман ретінде қарапайым түрде түсіндіріңіз. Себебі сіздің кейбір сөздеріңіз тапсырыс берушіге түсініксіз болуы мүмкін. Сіздің тоныңыз жұмсақ және құрметті болуы керек, дәлелдерді де мұқият таңдаңыз.
- Нақты ұсыныс жасаңыз. Неліктен мәтінді өзгерту қажет екенін ғана емес, оны қалай жасау керектігін де түсіндіріңіз. Сонымен бірге клиентке соңғы сөзді қалдыруды ұмытпаңыз: ультиматум қоймаңыз, шешімді тапсырыс беруші қабылдайтынын түсінейік.
Клиентті ұстап алмаңыз
Егер тұтынушы сізге жұмыс қажет екенін түсінсе, ол бағаны төмендете бастайды. Уақытты да қысқарта алады. Манипуляция сынды жұмыс көлемін қосымша шығынсыз-ақ арттыруға көндіреді.
Жоқ деп айтуға өзіңізді үйретіңіз. Сізге Джим Кэмптің «Алдымен жоқ де» деген кітабынан бастауға болады.
Facebook желісіне тіркеліңіз
Тек facebook емес, басқа да желілерді пайдаңызға жаратыңыз. Кейбір копирайтерлер өздерінің профильдерін инстаграмда да жақсы жарнамалайды. Өзіңізді танытыңыз. Әлеуметтік желілердегі профильдік топтарға кіріңіз, хабарлама жазыңыз, пікір қалдырыңыз. Бұл жаңа клиенттерді табуды жеңілдетеді.
Жауап бермей жатып сабырға келіңіз
Егер клиент сізге жағымсыз нәрсе жазса, алдымен сабырға келіңіз. Содан кейін жауап беріңіз. Ашуланған жағдайда сіз олармен жұмыс істегіңіз келмейтіндей етіп жауап беруіңіз мүмкін. Бұл маман ретіндегі дәрежеңізді төмендуі ықтимал. Сонымен қатар тұтынушы әлеуметтік желіге нашар қарым-қатынас танытты деген ақпарат таратуы мүмкін.
Сол себепті қарапайым төмендегі екі қадамға жүгініңіз:
1 қадам. Көзіңізді жұмып, терең дем алыңыз. 10-ға дейін санаңыз. Ашуыңыз басылмаса, тағы да санап, терең тыныс алыңыз.
2 қадам. Word-тан құжат ашыңыз. Сол құжатқа клиентке неге ашулы екеніңізді жазыңыз. Құжатты жойыңыз.
Бұл әдістер тым қарапайым көрінсе де ашулы сәттерде зор көмегін тигізе алады. Клиент сізді емес, мәтініңізді сынға алғанын ұмытпаңыз. Ал мәтінді жетілдіріп өзгертуге келсе, онда мәселе шешілді деген сөз.
Жұмыс күнін рәсімдеңіз
Бұл кеңес, әсіресе, кеңсесі жоқ адамдарға қатысты. Мысалы, кеңседе үстінен қарап отыратын бастығың, өзге де жұмысшылар отырады. Ал үйде сізді ешкім бақылап отыра алмайды. Сондықтан адам психологиялық тұрғыдан да бос себептермен жұмыстарын кейінге шегеріп отырады. Бір үстелде жұмыс істеу, түскі ас ішу және кино көру қиын. Ал мәтіндер дайындау және клиентпен сөйлесу кезінде басқа нәрсеге ауланбай қалу да қиын. Сондықтан өзіңізді басқару үшін белгілі бір ритуал ұйымдастыру қажет.
Ритуал өте қарапайым және ұзақ болмағаны жөн. Ноутбукты үстелге қойыңыз, сүтпен бір шыны кофе ішіңіз немесе тек жұмысыңызбен байланысты басқа нәрсе жасаңыз.
Мысалы:
- жұмысты ұйымдастыратын фондық әуен қосу;
- Эфир майларын, иіс майшамдарын қолданыңыз.
- шабыттандыратын сурет немесе фотосурет қою. Монитордың бұрышына желімделген еске салғыштар, үстелге кәсіби оқулықтар немесе сөздіктер жинақтарын қоюға болады.
- «кеңсе киімінің коды» жақсы жұмыс істейді. Бұл дегеніміз кеңсеге жарайтын жейде киіп, жұмысты бастауға кірісіңіз.
Барлығын бірден жасауға тырыспаңыз
Сізден мәтін құрастыру сұралды ма? Стикерге немесе дәптерге жазып, тыныш жұмыс істеңіз. «Сүтке барып келу», «мақаланы тексеру», «анама қоңырау шалу» деген пунктерді жазбаңыз. Кішкентай нәрселерге сізді алаңдатуға жол бермеңіз. Тапсырмаларды біртіндеп шешіңіз.
Бұл тәсілдің үш артықшылығы бар:
- Сізге ондаған кішкентай мәселелерді шешу үшін үлкен бір тапсырманы тастаудың қажеті жоқ. Өнімділігіңіз бірден артады.
- Сіз маңызды ісіңізді ұмытпайсыз. Егер сіз жазуды бастамасаңыз, онда кез келген ұсақ-түйек елеңдетіп отырады.
- Сіз басыңыздағы ойлардан тазарып қаласыз. Бір уақытта ондаған тапсырманы есте сақтамай жұмыс істеу оңайырақ.
Бес минуттық ережені қолданыңыз
Егер сіз жұмысты бастамас үшін барлық ыдыстарды жууға дайын болсаңыз, үйді ретке келтіріп, әлеуметтік желілердегі үш ай бұрын жазған хабарламаларды ашсаңыз, бұл кеңес сізге көмегін тигізері анық.
Өзіңізге: «Мен қазір 5 минутқа таймер орнатамын. Осы уақыт ішінде мен тек жұмыс істейтін боламын. Егер мен демалғым келсе, мен жұмысты тоқтамын» деп айтыңыз.
Бес минут ұзақ емес. Сондықтан психологиялық тұрғыдан өзіңізді «мәміле жасауға» көндіру өте оңай болады. Көбінесе, 5 минуттан кейін адамдар өздерінің жұмысын жалғастырып кетеді. Себебі процесс қызықтырып, адамның белсенділігі оянады.
Бақаны бірінші жұтып қойыңыз
Бұл жұмысқа кірісе алмағандар үшін тағы бір ұтымды кеңес. Кейінге ең жағымсыз нәрселерді қалдырмаңыз, керісінше оларды жұмыс күнінің басында жоспарлаңыз. Сізге ұнамайтын мәселелерді тез арада шешу психологиялық тұрғыдан ыңғайлы. Сонда сіз қиынын істеп тастап, қалған жоспарыңызды үлкен ынтымен, уайымсыз орындай аласыз.
Көзіңіздің жағдайын ұмытпаңыз
Ең оңтайлы кесте: 25-30 минуттық жұмыс, содан кейін 5 минут компьютерден алыстап көзіңізді демалтыңыз. Егер көзіңіз қатты қышыса, дәрігерге баруды ұмытпаңыз. Ол сізге көз тамшыларын жазып береді.
Күніне кемінде екі рет көзге қысқа жаттығу жасасаңыз жақсы болар еді. Ең қарапайым жаттығулардан бастай аласыз: 30 секунд қатарынан жылдам жыпылықтаңыз, жақын орналасқан объектілерден алыс нысандарға және керісінше қарап, көзіңізді жұмыңыз. Содан кейін оларды мүмкіндігінше кең етіп ашыңыз. Анда-санда көзіңді жұмып отыруға уақыт бөліңіз.
Егер көзге арналған жаттығуларды жасауды ұмытып кетсеңіз, оны күнделікті істер тізіміне енгізіңіз.
Биологиялық сағатыңызға сай күніңізді жоспарлаңыз
Бұл қарапайым кеңес сізге көп уақытты үнемді және әлдеқайда жемісті қолдануға көмектеседі. Шаршаңқы сезінетін сағаттарда күнделікті жұмыстарды атқарыңыз: клиенттердің хаттарына жауап беріңіз, мәтіндеріңізді өңдеңіз. Өнімділіктің шыңын сезінетін уақытқа шабыт қажет ететін күрделі тапсырмаларды орындаңыз.
Жақсы жұмыс істейтіндігіңізді білу үшін бірнеше күн таңертеңнен кешке дейін өзіңіздің сезіміңізді бақылаңыз.
Жұмыс уақытында ғана жауап беріңіз
Клиентті демалыс күндері де, таңғы үште аяқ-асты шығарып алуға болатындығына көнбеңіз.
Егер сіз пошта, скайп және әлеуметтік желілердегі хабарламаларды үнемі тексеріп отыру әдеті бар болса, жауап алмағаннан кейін клиент ренжіп қаладаы деп қорықсаңыз, бірден жұмыс уақытыңызды көрсетіңіз. Сондай-ақ әр жаңа клиентпен сөйлесу кезінде қай уақытта байланыста екеніңізді және қай уақытта жауап күтпеу керектігін ескертіңіз. Осындай қарапайым әдіспен сізге «фрилансер әрдайым жұмыс істейді» стандартты қондырғысынан арылу оңайырақ болады.
Жұмыс күнін аяқтаңыз
Жұмыстың мәңгілікке созылуына жол бермеңіз.
Біз жұмыс күнінің басталу рәсімі туралы сөйлестік. Бірақ бітіру рәсімі де соншалықты маңызды екенің ұмытпаңыз. Егер сіз тәулік бойы жұмыс істеу туралы ойласаңыз, сіз шамадан тыс энергия мен эмоционалды күйзеліске тап болуыңыз мүмкін.
Жұмыс күнінің аяқталу рәсімі сіз үшін қарапайым және жағымды болуы керек. Ауарайы рұқсат етсе, серуендеуге болады немесе шай ішуге, кино көруге, отбасыңызбен уақыт өткізуге болады.
Дайындаған: Гүлжанат Амангелдыева