Копирайтингтің типтері мен түрлерін шатастырып алмаған жөн. Копирайтинг түрлері – бұл контент ағымында кездесетін барлық құбылыстардың сипаттамасы. Ал типтері – мәтіннің мақсаты, міндеті, стиліне қарай бөлінетін тар ұғым. Бұл мақалада біз копирайтинг түрлері мен типтерін жекелай ажырататын боламыз. Жас және жаңа бастаушы авторлар үшін мәтін форматтарын білген жөн.
Копирайтингтің негізгі 4 типі
Баспаға арналған копирайтинг. Мұнда газет, журнал, брошюра беттерінде жарияланатын мәтіндік хабарламалар кіреді. Тіпті визит картасындағы ақпараттар да копирайтингтің осы типіне жатады.
Қоғамдық жарнамаға арналған копирайтинг. Бұл билборд, постер, қоғамдық көліктегі жарнамадағы мәтіндер. Мұны «Телефон сатылады» немесе «Пәтер жалға беріледі» деген жарнамамен шатастырып алмаған жөн.
Бұл тип алдыңғыға ұқсас. Бірақ мұнда ақпарат легі шектелген аумақта, барынша қысқартылған түрде беріледі.
Веб-копирайтинг. Бұл типке желіде жарияланатын барлық мәтіндерді жатқызуға болады. Әрине, жеке парақшадағы адамдардың ойы немесе өзге де посттардың веб-копирайтингке қатысы жоқ. Сіз түрлі компаниялар парақшасында көретін мәтіндер, ақпараттар осы категорияға жатады. Батыс елдерінде веб-копирайтинг «веб-райтинг» деп те аталады. Бірақ бізде бұл термин ақпараттық мақаламен байланыстырылады.
БАҚ-тағы копирайтинг немесе үндеулер. Копирайтингтің бұл типіне жарнамалық бейнероликтердің сценарийі, анонсты мәтіндер, спичрайтинг, сұхбаттарды жазу, құттықтау сөздер жатады. Контент жасаудың мұндай форматы қымбат және тәжірибесі мол авторларды қажет етеді.
Копирайтингтің негізгі түрлері
Сатылатын немесе маркетингтік копирайтинг. Бұл – ақпараттық мақаладан кейінгі танымал контент. Аты айтып тұрғандай мәтіннің мақсаты сату немесе қызмет/тауар түрін таныстыру. Копирайтингтің бұл түріне мыналар енеді:
- Сатылатын мәтін;
- Промо-мәтін;
- Жарнамалық мақала;
- Әлеуметтік желідегі сатылатын пост;
- Жекелей немесе тауарлар категориясының сипаттамасы.
Сата алатын копирайтер тауар/қызмет түріне қалай қызықтыру керектігін ғана білмейді. Ол клиенттің сенуі үшін не істеу керектігін түсінеді. Автор аудиторияның мәселесі мен қажеттілігіне еніп, зерттейді.
Креативті копирайтер. «Coca-Cola» жарнамасындағы әнді білесіз бе? Иә, бұл креативті копирайтердің жұмысы. Креативті автордың міндеттеріне мыналар енеді:
- Слогандар, жарнамалық ұрандар;
- Жарнамалық әндер;
- Жарнамалық бейнероликтер;
- Көзге бірден түсетін атаулар мен тақырыпшалар.
Креативті копирайтердің қабілеті – қысқа әрі шағын сөздер арқылы идеяны жеткізу. Копирайтингтің бұл түрі жарнамалық агенттік жұмысымен тікелей байланысты.
SEO-копирайтинг. Қазіргі уақыта SEO-копирайтер жұмысын LSI-копирайтер алмастыруда. Іздеудің арнайы алгоритмінің арқасында арнайы «қисық» сөздердің қажеттілігі жойылды. LSI-мәтіндер «Яндекс», «Google» платформаларында мәтіннің статистикасын биікке көтере алады. Бірақ әзірге тәжірибелі LSI-авторлар саны аз.
Техникалық копирайтинг. Контенттің техникалық бағыттарының барлығы да копирайтингтің бұл түрімен тығыз байланысты:
- Ғылыми мақалалар;
- FAQ және талдамалар;
- Түрлі құрылғыларға шолу жасау;
- Техникалық мінездеме жасау және т.б.
Техникалық контент иелеріне ақпараттық контентке қарағанда көбірек ақы төленеді. Себебі арнайы техникалық білімді қажет етеді.
Дайындаған: Назархан Уән