Копирайтинг

Нейрокопирайтинг – адамға әсер етудің төте жолы

Нейрокопирайтинг дегеніміз

«Нейрокопирайтинг» термині ақпарат әлемінде соңғы уақытта кеңінен қолданыс тауып келеді. Ол жайлы кітаптар мен мақалалар жазылды, тренингтер бағдарламасына да енгізілді. Нейрокопирайтинг деген не? Оның біздің жұмысымызға қандай пайдасы бар?

Нейрокопирайтинг – бұл — …

Нейрокопирайтинг – бұл академиалық түзету мен психолингвистиканы біріктіріп мәтін жазу әдісі. Оны «психокопирайтинг» деп те атауға болады. Терминнің авторы – Наталья Майорова. Ол «Сөз негізі» (Основа Слова) мәтін жазу мектебінің негізін салушы және бірнеше онлайн курстардың авторы.

Жалпы айтқанда, нейрокопирайтинг ақпаратты дәл жеткізетін сөздер паттерннің, яғни шаблондар жинағы. Мысалы, паттерн ретінде «байқау» сөзін алуға болады. «Шашыңыздың «Pantene»-мен жақсара түскенін байқадыңыз ба?». Шаштың жақсаруы – нақты дәлел. Сұрақ сіздің оны байқау немесе байқамауыңызда.

Нейрокопирайтингтің нейролингвистикадан айырмашылығы

НЛБ – бұл психотерапия мақсатында жұмыс істейтін техникалар мен үлгілердің жиынтығы. Ал нейрокопирайтинг – тиімді мәтін жазуға арналған паттерндер топтамасы. Паттерндер НЛБ-ның метаүлгісінен алынған.

Мысалы, «тиімді мәтін» деген қандай? «Тиімді» деген сөзді алмастырып көрейік. «Онның 9-ы сатылым алып келетін мәтін» десек анық әрі дәл болады.

Адам ойлаған нәрсені айтпайды деп елестетіп көрейік. Мысалы:

-Қаламды қай жерден алдың?

-Анау жерден.

Түсінген секілдіміз. Бірақ бұл өзара түсіністіктің көрсеткіші емес. Әңгімелесуші адам сіздің айтқаныңызды өзінше түсінеді. Нәтижесінде сөйлеушінің айтқанын мүлде түсінбейді.

Мәтін жазу барысында сіз өзіңізге сұрақ қоясыз және максималды түрде дәл жауап бересіз.

Сонымен нейрокопирайтинг қалаған нәрсені емес, оқитын дүние жазу дегенді білдіреді. Яғни сауатты құрылған мәтін арқылы оқырманның ойына әсер ету.

Нейрокопирайтер болу үшін не қажет?

Кез келген оқырман автордан өзіне жақын және түсінікті нәрсені естігісі келеді. Мәтін оның қалауы мен құндылықтарын ашып, жаңаша етіп көрсетуі керек. Бұл үшін не қажет?

  • Сіз оқырмандар жағына өтесіз. Мақсатты аудиторияның қалауы, қарсылықтары, қорқынышы мен сенімсіздіктерін анықтауыңыз қажет;
  • Шешім қабылдау кезіндегі сана-сезімнің өзгеруін бақылау, таңдау параметрлерін анықтау;
  • Бәсекелестердің мүмкін ұсыныстары, қажеттіліктер мен орын алған жағдайды зерттеу негізінде әрекет ету;
  • Сөз арқылы әрекетті орындауға жігерлендіру.

Сөз – құрал. Оның қызметтері бар. Құралды қолданушылардың барлығы оның максималды мүмкіндігін пайдалана бермейді. Бұл мүмкіндік – аудиторияға әсер ету.

Нейрокопирайтингтің мәні

Бұл стратегияның мәні – сөзіңіз бағытталған адамға қарай икемделу. Автор сұхбаттасушыны зерттеп, нәтижесінде осы адамға айналады. Нейрокопирайтер аудитория қалауын ұсынады. Тек осылай ғана ол сенімділікке ие болады. Ал пайдаланушы клиентке айналады. Мұндай мәтінді қабылдау оқырманға жеңіл. Себебі мәтін шынайы жазылады. Бұл таза психолингвистикалық, сонымен бірге сатылатын мәтін болып табылады.

Нейрокопирайтингтің артықшылықтары

Нейрокопирайтинг жарнамаға қарағанда тартымды. Себебі сатылым ешқандай қысымсыз, өз еркімен жүреді. Sео-копирайтингпен салыстырғанда ол шынымен сатуға мүмкіндік береді. Sео-копирайтингтің уақыт өте келе стратегиясы өзгеруде. Ал тиімділігі мен байланыс деңгейі төмендеу үстінде.

Нейрокопирайтинг ұзақ уақыттық дамудан кейін енді ғана өзінің гүлдейтін уақытына жетті. Y, Z деп аталатын жаңа буынның сана-сезімі өзгеру үстінде. Алдағы 5-10 жылдың ішінде олар ақылды және сатып алуға қабілетті аудиторияға айналады. Ал нейрокопирайтинг осындай буынға арналған сатылатын мәтін болып табылады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!