Копирайтинг

Рудольф Флеш. Қысқа әрі нұсқа жазу

Рудольф Флеш ережелері қандай?

Рудольф Флэш – (1911 –1986) америкалық жазушы, ағылшын тілінің сарапшы маманы және қарапайым америкалық ағылшын тілінің жақтаушысы. Ол ағылшын тілінде күрделі лексикалар мен техникалық терминдерді қолдануды жөн көрмеді. Рудольф Флэш «Джонни неге оқи алмайды?» кітабымен танымал. Жалпы, 10-нан аса еңбектері жарық көрген.

Рудольф Флэш биографиясы

Рудольф Фрэнц Флэш Аустриядағы Вена қаласында дүниеге келген. Ұлты – еврей. Ол Аустриядағы университетті бітіріп, заң саласының докторы болып шығады. Нацистік шабуыл, антисемитизмнен құтылу үшін АҚШ-қа қашып кетті. Америкада Флеш Колумбия университетінің аспирантурасына түсіп, кітапхана ісінің философия докторы атанды. Кейін жұбайы Элизабет Терпеннингті кездестірді. Олардың бес қызы және бір ұлы дүниеге келді: Анн, Уго, Джиллиан, Катрина, Абигайл және Джанет. Флеш өмірінің көп бөлігін әйелі және балаларымен бірге Нью-Йорктағы Парома Доббс – Вестчестер округінің оңтүстігіндегі ауылда өткізді.

Ғылымдағы жетістігі

Оқуын аяқтап шыққан соң 1955 жылы ол өзінің ең әйгілі «Неге Джонни оқи алмайды?» кітабын шығарды. Автор сол кездегі көрнекілік бойынша оқытудың тәжірибесін сынға алды, оны көбінесе «Қосарлы айту әдісі» деп атайтын. Флэштің ойынша, бұл әдістің кемшілігі – теорияға сүйенбей қинап жаттату болды. Сондықтан белгісіз сөзге тап болғанда оқушы шешімін таппайды деп есептеді. Жаңа әдіс әрі мәселенің шешімі ретінде Флеш акустика әдісін ұсынады. Балаларға оқуды үйретуді, ережелерді қолдана отырып сөздерді тексеріп, үйретуге шақырады. Кітап доктор Сеусске «Шляпадағы мысық» шығармасын жазуға шабыт берді (1957).

Кітаптары

Флэш ағылшын тілінде сөйлеу жөніндегі кеңесші және жазушы-мұғалім ретінде танылды. Ол нақты әрі тиімді қарым-қатынас, байланыс орнату тақырыбында көптеген кітаптар шығарды:

«Айқын ойлау өнері» (1951). Рудольф зерттеулердің деректерін біріктіріп, адамдарға осы идеяларды өмірде қалай қолдануға болатынын көрсетті. Психология мен білім саласындағы нәтижелерін жариялаған.

«Жеңілдетілген ағылшын тілінде» (1983) Флеш көптеген ауызекі және бейресми сөздердің қолданылуын жақтады.

«Қарапайым ағылшын тілін қалай жазуға болады: Заңгерлер мен тұтынушыларға арналған кітап» (1979).  Федерациялық Сауда комиссиясының төрағасы Михаил Перчук алғы сөзге жазудың ережелері мен нормалары туралы нұсқаулықты берген екен. Кітапты соған жауап ретінде жазған.

«Флэш афоризмдері»

Рудольф Флэштің пікірінше, егер қажет болса, кез-келген адам жаза алады.

Егер мәтінде тақырыптан ауытқитын ақпараттар болмаса, онда ол жақсы мәтін дейді. Оның ең үлкен жетістігі –  «Флеш афоризмдері». Бұл ережелер мәтінді түсінікті әрі қызықты етеді.

Флэш осы афоризмдеріне сәйкес жеті ережені ұсынады:

  1. Жарамды қысқартуларды қолданыңыз.
  2. Сабақтас құрмалас сөйлемдерден қашық болыңыз.
  3. «Мен», «біз», «олар» және «сіз» есімдіктерін қолданыңыз.
  4. Заттанған кейбір ұғымдарға сілтеме жасай отырып, сөзді қайталаңыз немесе тиісті есімдікті қолданыңыз. Көркемдеу тәсілдері мен түрлі-түсті ауыстыруды іздемеңіз.
  5. Қарапайым жай сөйлемдерді қолданыңыз.
  6. Бір параграф тек бір мәселені қамту керек.
  7. Оқырман түсінетін тілде жазыңыз.

Дайындаған: Қырмызы Скендиров

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!