Тақырып таңдауға бірнеше минутыңызды жұмсағаныңыз жөн. Жақсы тақырып материалыңыздың көп қаралым жинап, үлкен назарға ілігуіне тікелей әсер етеді. Бұл маркетинг пен жарнама заңдарының бірінші қағидасы.
Интернет ақпараттық хаосқа толы қазандыққа айналған қазіргі кезеңде аудиторияны назарын аудару оңайға соқпасы анық.
Ал егер сіз материалыңызға сәтті атау бере білсеңіз, бірден оқырманды тарта аласыз.
Тақырып жазу кезінде өзіңізге 7 сұрақ қойыңыз
Сіздің тақырыбыңыз аудиторияны пайда табуға шақырып тұр ма?
Оқырмандарға өніміңіздің немесе қызметіңіздің арқасында алатын пайдасын нақты көрсететін атауды таңдаңыз.
Келесі атауларды өзіңіз салыстырып көріңіз:
— Графикалық дизайн құралдары мен техникасы.
— Дизайн жасауды жетілдіріңіз: графикалық дизайнның негізгі құралдары мен әдістерін қолдануға арналған нұсқаулық.
Бірінші тақырып оқырманға мақаланың мазмұны туралы айтады. Екінші атау мақаланы оқығаннан кейін оқырман алатын пайданы сипаттайды.
Тақырыбыңызда оның өзектілігі мен құндылығын көрсететін нақты мәліметтер бар ма?
Тақырыптағы нақты мәліметтер, мысалы, нақты сандар мазмұнға қосымша назар аудартады. Сандар Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабының мысалынан көруге болатын ақпаратты құрылымдайды. Бұл кітаптың атауын сансыз елестетіп көріңіз – «Жасампаз жандардың дағдылары». Бұл тақырып нанымсыз естіліп тұр ғой, солай емес пе?
Мұндай тақырыптар миға ақпаратты рет-ретімен орналастыруға да көмектеседі. Мысалы, Терри Орбачтың «Мінсіз некеге 6 қадам» кітабының атауына назар аударыңыз. Тағы бір мысал – Дамир Халиловтың «SMM-маманның 100 негізгі қағидасы» мақаласы (біздің ойымызша, автор санды дөңгелектеу арқылы алынатын нәтижені де жалпыландырып жіберген. Егер автор 100-дің орнына 97 не 102 қағида десе, тақырып адамды сендіре түсер еді.
Сонымен қатар сандар оқырманға белгілі бір уақытты немесе мақсатқа жету кестесін ұсыну арқылы мазмұнды өзекті ете алады. Сізге авторлар Джей Конрад Левинсон мен Эл Лаутенслагер қолданған «30 күндік партизандық маркетинг» кітабының атауы қалай? Бірақ «21 күнде 21 келіге арықтаңыз М.Вайнардтың детокс диетасы» деген тақырып одан да жақсы естіледі. Бұл кітаптың атауы оқырманға қанша келі артық салмақтан арылатынын және қай кезеңде екенін дәл көрсетеді. Диета және салмақты түзетудің басқа әдістері туралы кітаптарды сатып алушылар сипатталған әдістерді қолданудың нақты нәтижелерін білгісі келеді.
Сізді кімдер оқиды?
Өз клиенттеріңізді тақырып арқылы шақырыңыз. Бұл сіздің материалдарыңызды ерекшелендіреді. Оқырмандарыңызды тікелей атау немесе олардың негізгі сипаттамаларын көрсету арқылы анықтауға болады. Бұл неғұрлым айқын болса, соғұрлым жақсы.
Си Джей Хайденнің «Клиенттерді тарту: кәсіпкерлер мен коуч-кеңесшілерге арналған 28 күндік маркетинг курсы» кітабы аудиторияны айқындап тұр. Немесе «Жалғызбасты аналарға күн-көріс қамы жайлы кеңестер кітабында Патрис Карст да осы әдісті қолданады.
Шэрон Мейзелдің «Күткен кезде не күту керек?» деген кітабы да өз атауымен оқырманды қызықтырып тұр.
Сіздің тақырыбыңыз контент жоспарыңызға сай ма?
Тақырып мәселені шешудің қолданылатын әдісін тікелей көрсетуі керек. Мәселен, «Табиғи әдістермен қатерлі ісіктің алдын алу».
Сіз тақырыбыңызбен көзі ашық оқырманның қызығушылығын оятуға тырысасыз ба?
Метафоралар. Олар атауларды түсінікті және есте қаларлық етеді. Олар оқырманның жадында қалатын суреттерді жасайды.
Метафора – мағынаны беру, сөзді бейнелі қолдану деген сөз.
Метафоралық тақырыптардың мысалдары: Евгений Гришковецтің «Мен итті қалай жедім» (жеген жоқ!), Бруно Ясенскийдің «Мен Парижді өртеймін!» (метафора) және т.б. Метафоралық тақырыпты ойлап табу өте оңай. Бірақ оны ойлап табу ғана емес, оны мәтінде пайдалана білу әлдеқайда маңызды.
Егер сіз тақырыптағы ілмек сөздерді мәтінде қолданбасаңыз, сіз келесі жолы оқырмандарыңызды жоғалтасыз.
Сондай-ақ тақырыпта аллитерацияны (яғни бір әріптен басталатын екі сөз) қолдануыңызға болады.
Сіздің тақырыбыңыз аудиториямен диалогқа түсе ме?
Кітаптың немесе мақаланың атауына қарапайым және түсінікті сөздермен нақты дүние ұсыныңыз. Ең жақсы тақырыптар қарапайым адамдардың күнделікті диалогтарына тән аңғал түсініктегі сөздер. Келесі мысалдарға назар аударыңыз: Дэвид Алленнің «Бастаған істі қалай аяқтауға болады».
«Темекі тастаудың жеңіл жолы» деген Аллен Карраның кітабы да жақсы мысал.
Тақырыбыңыз қаншалықты қысқа?
Айқын шындықты айтыңыз: қысқаша тақырыптар аудиторияның назарын аударады. Есіңізде болсын, тақырыпта аз сөз қолдансаңыз, олардың әрқайсысы оқырман есінде қалады.
Жазушы Малколм Гладуэлл қысқа тақырыптардың танымал шебері. Мысалы, оның «Данышпандар мен аутсайдерлер» (ағылш. The Outliers) кітабының тақырыбы – қысқа әрі нұсқа.
Дайындаған: Дидар Сұлтанбекқызы