ӘлеуметБіліп жүр

Шыңғыс Мұқан және бала тәрбиесіне арналған 7 ереже

Шыңғыс Мұқанның "Тәрбие" кітабындағы негізгі идеялар

Шыңғыс Мұқан – «Мазмұндама» қоғамдық қорының жетекшісі, журналист. Оның «Оқуға тиіс 10 кітап» жобасы аясында «Тәрбие» аударма кітабы жарық көрген. Бұл басылымда бала тәрбиесіне қатысты әлемдік бестселлерден үзінділер мен мысалдар келтіріледі.

Жетістікке жеткің келсе

«Ойларыңа абай бол – олар сөзге айналады, сөздеріңе абай бол – олар іске айналады, істеріңе абай бол, олар әдетке айналады, әдеттеріңе абай бол – олар мінезге айналады, мінезіңе абай бол – ол сенің тағдырыңа әсер етеді».

Америкалық бизнесмен, жазушы әрі спикер Шон Ковидың ойларын қазақ тілінде  осылай түйіндеген Шыңғыс Мұқан бұл әдіс жастарға өзінше шешім қабылдауды үйретеді дейді. Сондай-ақ  жастар тәрбиесіне арналған бірнеше ережені де ұсынған. Осы ережелер негізінде, жастардың өзіне деген сенімділігі арта түседі дейді. Мысалы,

  • Проактивті болу,
  • Түпкі мақсатты елестете отырып, қимылдарды нақтылау;
  • Басымдылықтарды дұрыс бағалай білу;
  • «Менің ұтқаным – сенің ұтқаның» қағидасына сай ойлау;
  • Өзгелермен өзара пайдалы ынтымақтастықты орнату;

Шонның бұл еңбегін, яки осы 7 дағдысын бірқатар атақты спортшылар жоғары бағалаған. Шыңғыс Мұқан олардың қатарында суға жүзуден 23 рет олимпиада чемпионы атанған Майкл Флепс пен америкалық футболдағы үздік ойыншы Стив Янг бар екенін жазады.

Егер әлдебір істе шынайы жетістікке жеткің келсе, алдымен пайдалы әдетті бойыңа сіңір. Тек содан кейін ғана тиісті дағдыларды меңгеруің қажет.

Тайм-менеджмент және оның пайдасы

Альберт Энштейн «Өмір дегеніміз велосипед тебу тәрізді. Тепе-теңдікті сақтау үшін үздіксіз қозғалуың керек» деген. Егер болашағыңызды әлі нақты айқындамаған болсаңыз, Энштейннің сөзін негізге алыңыз. Алға кішігірім мақсат  қоюдан бастаңыз. Әлдебір шаруаны апта ішінде немесе ай көлемінде орындаймын деп өзіңізге уәде беріңіз. Соған бар күшіңізді салыңыз және әдетке айналдырыңыз. Журналист осы секілді мысалдарды келтіре отырып, жастарға тайм-менеджментті үйренуді кеңес етеді.

Жастар арасында алынған сауалнама

Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қалалық  филиалы интернаттан кейінгі балалардың тұрмыстық әлеуметтік жағдайын қолға алған еді.  Олар тәрбие мәселесін де таса қалдырған жоқ. Астана бойыша интернатты тәмамдаған 18-29 жас аралығындағы 238 жетім бар. Солардың 64-і әлеуметтік сауалнамаға қатыстырылған. Нәтижесінде  жастарға әлеуметтік көмекпен қоса, психологиялық, танымдық та қолдаулар  керек екендігі анықталды.

Аталмыш «Тәрбие» кітабының осындай жастарға берері мол. Өмірін жақсы жағынан өзгерткісі келген жанға үлкен көмек. Жоғарыда айтылған дағдыларды басшылыққа алса, үлкен жетістіктерге жетеді. Ол үшін тиісті әдеттерді меңгеруге күш салыңыз дейді автор. Өйткені өміріңіз өз қолыңызда.

Дайындаған: Гүлжан Абайқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!