Миллионер

Айдын Рахымбаев: Үздік құрылыс компаниясының тарихы

«BI-Group» компаниясының негізін салушы Айдын Рахымбаевтің жетістікке жету жолымен таныс болыңыздар

Айдын Рахымбаев – қазақстандық кәсіпкер, «BI-Group» құрылыс компаниясының негізін салушы. Кәсіпкерлік жолын студенттік жылдары бастаған. Назарыңызға Айдын Рахымбаевтың «Forbes.kz» сайтына берген сұхбатынан үзінді ұсынамыз.

Алғашқы команда

Айдын және оның достары бизнеспен студент кездерінде айналысып бастаған. Олар Целиноград инженер-құрылыс институтында білім алған. Айналымдағы алғашқы капитал шәкіртақы болды. «Староста болғандықтан, мен шәкіртақыны үш-төрт күн ертерек алуға келісім алдым. Барлық қаржыны қосқанда $500 көлемінде болатын. Өзгелер шәкіртақысын күтіп жүргенде, біз ақшаны айналымға жіберіп, уақытылы қайтарып та үлгеретінбіз. Сатылымға көбіне джинсы, сапалы шәй мен өзгде нәрселерді алып келдік», — деп еске алады Айдын Рахымбаев. Уақыт өте келе олар нағыз бизнес әлеміне аяқ басады.

Студенттік уақытта жиналған қаржыға бидай, ұн, жанармай трейдингімен айналысатын компания құрады. Өнімді ауыл шаруашылық тауарларына айырбастап, Орал, Сібір, Қиыр Шығысқа жөнелтіп отырған.

Алғашқы дағдарыс

Айдын Рахымбаев:

Командамыз үшін нағыз сынақ 1990-жылдардағы дағдарыс болды. «Қаралы бейсенбінің» (сол уақытта осылай аталған) бірінде біздің жинаған және айналымдағы қаржымыз бірден 4 есеге құнсызданды. Мұның себебі – 1998 жылы Ресейде орын алған рубльдің девальвация. Ал қалған қаржы жанымдағы достарымның жеке қаржысы еді. Осылайша 25 жасымда мен және командам барлығынан айырылып қалдық. Сонымен қатар айналымға салу үшін алған қарызымыз да бар еді. Қарыздың үстемесі әрбір кешіктірілген күн үшін 1% құрады. Барлығы бұл сынаққа шыдамады. Біртіндеп түрлі сылтау айтып командадан кетіп жатты. Дағдарыстан соң командамыз екі есеге қысқарды. Бұлар уақытпен тексерілген нағыз достар еді.

Кәсіпкердің айтуы бойынша барлық шешімді олар бірге қабылдаған. Таңертең туындаған мәселелерді талқылап, түстен кейін әркім өз міндетіне кіріседі. «Сол кезде командада болғандармен әлі біргеміз. Достармен кәсіп ашуға болмайды деген пікір бізге қатысты емес. Ортақ бизнес ашу қарым-қатынасты тек жақсарта түседі», — дейді ол.

Жаңа өзгерістер

Трейдингпен шұғылдана отырып, олар құрылыспен де айналысқан. 1998 жылы Айдын және оның командасы құрылыс компаниясын ашады. Ал 2001 жылы құрылыс тобы «BI-Group» болып қайта құрылады. Компанияның нағыз дамуы 2003 жылы болды. Бұл кезде олар үш тұрғын үй комплексінің құрылысын аяқтайды. Қызметкерлер саны 1 000 адамға жетеді.

2007 жылы компания 20 тұрғын үй комплексін салады. Құрылыстың жалпы көлемі 600 мың шаршы метрден асып жығылды. Пайызбен айтатын болсақ, бұл сол уақыттағы Астанадағы жылжымайтын мүліктер нарығының 18% құрайды.

Алғашқы миллион

Айдын Рахымбаев алғашқы миллионына 28 жасында қол жеткізеді. Холдингтің жылдық айналымы жарты миллиард долларды құрағанымен, компанияның шетелде бірде-бір яхтасы мен жылжымайтын мүлкі жоқ. «Біз – командамыз. Бізге жекелей байлыққа қол жеткізу маңызды емес. Алдыға қойған мақсатымызды орындасақ болғаны.

Сенім дағдарысы

2007 жылы компания штаты 4 000 қызметкерді құраса, 2008 жылы олардың саны 980-ге дейін қысқарды. «Біздің алдымызды таңдау тұрды: не компания шығындар кесірінен құриды, не болмаса қысқару. Бірде алдымызға 8 адамнан тұратын бөлім келді. Ал оларға 4 адамға дейін қысқару керек болған. Олар түрлі жобаларды ұсына бастады. Мысалы, кезектесіп жұмыс істеу. Тек командада қалуды қалады. Бұл бізді таңқалдырды әрі қуандық. Адамдар шешімді өздері қабылдады», — деп еске алады кәсіпкер.

Дағдарыстан шығу үшін олар нарықтың өзге де салаларына көшеді. Осылайша қазіргі уақыттағы Қазақстандағы ірі жол компаниясына иелік етіп отыр.

«Құрылыс – маған рахат алып келетін нәрсе. Меніңше, өзіңе ұнайтын жұмыспен айналысқан дұрыс. Бұл міндетті түрде клиенттер бағалауына ие болады», — деп аяқтады Айдын Рахымбаев.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!