Миллионер
Бекзат Төлегенов: Қой шаруашылығын Қазақстанда қалай дамытуға болады?
Бекзат Төлегеновтың мал шаруашылығы бизнесі
Бекзат Төлегенов – Ақмола облысы Уәлиханов ауылының тұрғыны. 24 жаста. Жастар шетелге кетуді армандап жүргенде, ол әлдеқашан өз кәсібін бастап кеткен. Balbal.kz сайты Бекзат Төлегеновтің hommes.kz сайтына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынады.
Қой шаруашылығына бет бұру себебі
Мен Ақмола облысы Уәлиханов ауылында туып-өстім. Онда ата-анамның жеке шаруашылығы болатын, яғни ірі қара мал өсірді. Оларға қарап, мен де мал шаруашылығымен айналысуға шешім қабылдадым.
«Болашақ» мектебін бітірген соң С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне түстім. Ветеринар мамандығын таңдадым. Тіпті студент кезімнен ЖОО-ны тәмамдағаннан кейін ауылға қайтып, ата-анамның ізін жалғастыратынымды білетінмін.
Бұл салада жұмыс істеуге университет қабырғасындағы алынған білім үлкен көмегін тигізді. Мендегі фундамент осы жерден қаланды десем дұрыс болатын шығар.
Шаруашылық пен ауылдық өмірдің ерекшелігі
Біз далалық аймақта тұратындықтан, жемшөптердің түрлері өте көп. Өзіңіз де білетін боларсыз, қойлар өздеріне керекті іздеп жүріп жегенге бейімделген. Сондықтан таңдауым қойларға түсті. Қазіргі таңда жергілікті қазақ тұқымды түрлерін өсіріп, баптаймын.
Қазір сіздегі мал саны қанша? Оларды көбейту үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?
Әзірген мендегі мал саны айтарлықтай көп емес. Бірақ болашақта оны көбейту үшін жұмыс істеймін, бұл – менің басты мақсатым. Жазда жайылымға жіберемін. Сондай-ақ жем-шөп дайындайтын арнайы техникаларымыз бар. Ал қойларға жауапты, тәжірибелі, өз ісін жетік меңгерген шопандар қарайды. Негізі сапалы жемшөп қана еттің сапасына тікелей әсер етеді.
Сіз тек ет өндірісімен айналысасыз ба, ал тері ше?
Иә, ет өндіремін. Ал шыны керек, жүнге мүлдем сұраныс жоқ.
Қой шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін кеңестер
Негізі мал шаруашылығымен айналыспас бұрын, сізге қажетті өнімді бере алатын, ерекше қасиеттері бар бірнеше түрін іріктеп алған жөн. Мәселен, мен еділбаев және гемпшир тұқымдастарын алуды жоспарлап жүрмін. Гемпшир қойлары ірі және етті болады. Осы екі тұқымды будандастыру кезінде біз еділбай қойларының құйрық майын азайтамыз. Себебі ол жалпы массаның 12-20%-ын алады. Ал құйрық май нарықта сұранысқа ие емес.
Жаңа сапалы етті қалай таңдауға болады?
Әрине, ең жақсы ет ‐ жас қойдың еті. Алайда қой етінің сапасындағы басты айырмашылық оның тұқымына, жасына, жынысына, тамақтану жағдайына байланысты.
Мал шаруашылығымен айналысатындар жиі тап болатын мәселе
Қазіргі кездегі негізгі проблема – қой етін сату төменгі деңгейде. Сонымен бірге бұл салаға мемлекет көп көңіл бөлсе екен деймін.
Осы саладағы шығын мөлшері
Шығын негізі қойлардың аналық мал басын, қажетті техниканы сатып алуға кетеді. Себебі жемді уақытылы дайындау – бұл ең маңызды элемент.
Мал дәрігері ретінде аурудың алдын алу үшін қандай да бір жұмыстар жүргізесіз бе?
Әрине, ондай жұмыстарды жиі өткіземін. Мысалы, бруцеллезаны анықтау үшін қан аламын, вакцинация, дегильминтизация сияқты процестер жүргіземін.
Болашаққа жоспар
Жұмыс көп, бірақ алдағы 5 жылда мал басының санын мыңға, яғни 10 есеге дейін көбейткім келеді. Тағы өз ауылымды табиғи және бағасы да қымбат емес етпен қамтамасыз етсем деймін.