Миллионер

Майкл Блумберг: табысқа жету үшін еңбек ет

Bloоmberg компаниясы жайлы естіп пе едіңіз?

Bloomberg – әлемдік нарық, акциялардың бағасы, қаржы тақырыбына сараптама жасайтын, жекелеген немесе үлкен компанияларға қаржылық ақпарат беретін агенттік. Balbal.kz сайты материал дайындап, назарыңызға ұсынады

 

                                       Майкл Блумбергтің балалық шағы

Майкл Рубенс Блумберг 1942 жылы 14-ші ақпанда дүниеге келген. Әкесі – Генри Блумберг. Анасы – Шарлотта Рубенс Блумберг. Массачусетс штатында тұрады. Кейін Бостонға отбасымен бірге көшіп кетеді. Мектепті бітіргеннен кейін Джонс Хопкинс университетіне оқуға түседі. Инженер мамандығы бойынша білім алады. Ал 1964 жылы Гарвард университетінде бизнес бағытында білімін жетілдіреді. Маркетинг, бухгалтерлік есеп, қаржы және менеджмент салаларынан дәріс алады.

Bloomberg компаниясы

Әлемдік нарық, акциялардың бағасы, қаржы тақырыбына сараптама жасайтын, жекелеген немесе үлкен компанияларға қаржылық ақпарат беретін агенттік. Bloomberg terminal – агенттіктің ең басты өнімі. Әлемдік кәсіптегі өзгерістерді тікелей осы құрылғы арқылы білуге болады. Майкл Блумберг компанияны 1981 жылы құрды. Компанияның ең алғашқы тұтынушысы – Merryl Linch инвестициялық банкі болды. Банк пен агенттік арасындағы келісімнің қалай жүзеге асырылғаны көпшілік арасында аңыз ретінде тараған. Майкл жеке өзі банкке барып, компанияның бизнес-жоспарын таныстырады. Жобаның үтір-нүктесіне дейін түсіндіріп, сынама нұсқасын қолданып көруге ұсыныс білдіреді. Компанияның алғашқы терминалы осы банкте орнатылды. Merryl Linch-ке құрылғы қатты ұнайды және осындай 20 терминалға тапсырыс береді. Агенттік бірінші тұтынушысын ғана емес, алғашқы инвесторында осылай табады.

Bloomberg компаниясының жұмыс істеу ерекшелігі

Бұл жерде жүйе басқаша. Кім қанша терминал сатса, сонша табыс алады. Қызметкерлер үшін бұл үлкен мотивация. Bloomberg жүйесі таза табыстың емес, көлемнің артуына жұмыс жасайды. Журнал, телевидение, радио болсын жалпы табысына емес, қаншалықты компания өніміне айнала алатындығына басты назар аударады.

Жеке өмірі

Майкл Блумберг Сюзан Браунмен 33 жасында үйленеді. Бірақ көп ұзамай екеуі ажырасып кетеді. Эмма және Джоржина есімді қыздары бар. Дәл қазіргі уақытта Майкл Диана Тэйлормен азаматтық некеде тұрады.

     

    Майкл Блумбергтен кеңес

    «Миға қонымсыз идеялардың өзі кейде сәтті болып шығады. Бірақ ойыңа алған істі шын ниетіңмен қаламасаң – бос әурешілік»

    «Қандай идея айтсаңыз да оны соңына дейін жеткізуіңіз керек. Еңбегіңіз нәтижелі болуы үшін одан сайын жігерлене түсесіз. Менің жұмысыма деген махаббатым қашан да жоғары тұрады. Көп еңбек еттім. Еңбектің арқасында табысты болдым. Өз қызметін жақсы көрмейтін адамдарды аяймын. Оларға жұмыстары ұнамайды. Өмірлері бақытсыздықпен өтуде»

    Тег
    Көбірек көру

    Оқи отырыңыз

    Close

    Тегін бизнес консалтинг

    Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!