Миллионер
Дональд Трамптың қанатты сөздері
Balbal.kz порталы Америка Құрама Штаттарының президенті, бизнесмен, саясаткер Дональд Трамптың нақыл сөздерін оқырман қауымға ұсынады.
- Ағысқа қарсы жүзгенде ғана ең биік жетістікке жетесіз.
- Табысқа жету жолындағы ең басты кезең – өз ісіңді жақсы білу және жақсы көру. Бұл көп мәселені шешуге көмектеседі.
- Көпшілік маған ойынқұмар адам сияқтысың дейді, бірақ мен өмірі құмар ойынына жолап көрмегенмін. Ойынқұмар казинода ойын автоматтарының қасынан шықпайды. Ал мен сол автоматтардың иесі болғанды қалаймын.
- Мен іскерлік келісімге оңай қол жеткіземін. Тігінен айту – менің стилім. Мен үнемі алдыма үлкен мақсат қойып, тәуекелге барамын. Қалағаныма қол жеткізгенше тынбаймын. Кейде ойымдағыдан аз жетістікке жетемін. Ал басым бөлігінде өз қалауыма қол жеткіземін.
- Мен әрқашан қол беріп амандасамын және солай амандасқанды жақсы көремін. Қол беріп амандасуды ұнатпай саясаткер болу мүмкін емес.
- Жақсы идеяны ойлап тауып, оны іске асырмағаннан артық қылмыс жоқ
- Ешқашан еңбек демалысын алмаңдар. Егер жұмыс ләззат сыйламаса, демек өздеріңе керек емес жерде жұмыс істеп жүрсіңдер.
- Егер сенің бастығың нашар адам болса, онда оны жұмыстан шығарып жібер. Басқа жұмыс тауып ал.
- Егер менікі дұрыс болмаса, ешқашан кешірім сұрауға арланбаймын.
- Егер сіз жұмыс уақытыңызды келесі демалысқа қанша сағат және минут қалды деп есептеумен өткізсеңіз, онда сіз ешқашан миллиардер бола алмайсыз.