Glovo – кез-келген тауарды жеткізетін курьерлік қызмет түрі, онлайн бизнес. Бұл мобильді қосымша арқылы тауар сатылады және жеткізіледі. О баста ресторан тамағын жеткізумен аты танылды. Glovo әлемнің 23 еліндегі 178 қалада жұмыс істейді.
Glovo тарихы
Испан брендіне айналған Глово 2015 жылы Барселонада пайда болды. Негізін салған – Оскар Пьер және Саша Мишо.
Оскар Пьер АҚШ-тағы Джорджия мемлекеттік технологиялар институтында оқыды. Студенттік шағында екі онлайн компания құрды. Біріншісі – Zikkomo.com Малавидегі 30 балаға арналған қайырымдылық платформасы. Екіншісі – жергілікті қолөнер бизнесін дамытуға арналған LoveItLocal.es веб-сайты.
2012 жылы оқуды бітіргеннен кейін Пьер Тулузада аэродинамика инженері болып жұмыс істейді.
Демалыс күндері Сан-Францискоға барғанда Postmates концепциясын көрген. Postmates – тауар жеткізуші курьерлер желісін басқаратын америкалық логистикалық компания. Осыны көріп Саша Мишо есімді испандық технологиялық кәсіпкермен бірге Гловоны ашқысы келеді.
Глово деген испанның Globo сөзінен шыққан. «Шар» деген мағынаны білдіреді.
2015 жылы Пьер өз компаниясына 340 миллион доллар жинауға көмектесті.
Оскар қандай қиындықтарға тап болды
Еуропадағы венчурлық капиталисттердің көбісі Гловомен серіктестік орнатудан бас тартты. 118 қордың барлығы оларды қайтарып жіберген. Олардың бәсекелестері мықты болды. Инвесторлар Гловоның Uber Eats немесе Deliveroo-мен тең келе алатынына сенбеді.
Оскардың айтуынша, олардың Барселонадан болғаны қиындық туғызды. Өйткені сіз тек Испанияда жұмыс істеген кезде Лондон немесе Франциядағы венчурлық капиталистерге қол жеткізе алмайсыз. Испан экожүйесі ол нәрсеге тиімсіз. Компания дағдарысты бастан кешірді.
Жапондық Rakuten-нің қаржыландыруы
Барселонаға қатысы бар инвесторлар Гловоны қаржыландырудан бас тартпады. Rakuten жапондық электронды коммерциялық компания 2014 жылы Viber мессенджерін сатып алды. 2016 жылдан бастап әлемдегі ең әйгілі клубтардың бірі – «Барселона» футбол клубының жейделеріне демеушілік жасап келеді.
Ракутен олардың бәсекелестері Uber-ді де қаржыландырған. Енді оларға курьерлік қызмет керек болып, Гловоны таңдады.
Кейін Spotify Lakestar инвестор $150 миллион қаржы құйып, Гловоның жалпы қаржыландыруы $340 миллионға жетті.
Бүгінгі таңда Глово МакДональдс фастфуд мейрамханасымен серіктестік орнатқан.. Компанияның кірісі 2018 жылы 81 миллион еуроны құрады.
Ол Еуропа елдері, АҚШ, Латын Америкасы, Батыс Африкасы, Қазақстанды қамтиды.
Қалай тапсырыс беруге болады?
Глово Қазақстанның үш қаласында ғана жұмыс істейді: Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент. Тапсырыс беру үшін glovoapp.com сайтына тіркелесіз.
- Профильде «Төлем әдістерін басқару» бөлімін ашып, картаны жалғаңыз.
- Негізгі экранға өтіп, жеткізу мекенжайын енгізіңіз.
Егер сізде жарнамалық код болса, тапсырыс бермес бұрын соны жалғаңыз.
Енді сізде 3 нұсқа бар:
- Мейрамханадан немесе дүкеннен жеткізілімге тапсырыс беру: Кез келген санаттағы серіктестердің бірін таңдай аласыз.
- Бір затты беріп жіберу: Өзіңіздің мен жеткізілу керек жердің мекенжайын көрсетіңіз.
- Сізге қажет нәрсені көрсетіңіз, кез келген затқа тапсырыс бересіз. Глово курьерлері сізге өздері сатып алып, әкеліп береді.
Қызмет бағасы жеткізу қашықтығына байланысты. Алайда ол сіздің тауарыңыздың 30%-нан аспайды. Асқан жағдайда курьер сізге хабарласып, ескертеді.
Одан бөлек онда Glovo Prime атты бөлім болады. Glovo Prime – бұл кейбір мекемелерден және арнайы акциялардан тегін жеткізілім алу мүмкіндігі. Бағдарламаға жазылу және барлық артықшылықтарға қол жеткізу үшін Glovo Prime интерфейсіндегі профильге кіріп, «Жазылу және төлеу» түймесін басу керек. Жазылым сіз оны жойғанша автоматты түрде ай сайын жаңарып отырады.
Гловода жұмыс істеу
Глово жастардың көпшілігін жұмыспен қамтып отыр. Икемді жұмыс кестесі бойынша курьер болып, қай жерге барып қай тапсырысты қабылдайтыныңызды өзіңіз шешесіз. Басты талап –бос уақыт, жеке көлік және смартфон. Велосипед немесе қоғамдық көлікпен де жүруге болады. Курьер боп жұмыс істеу үшін сайтқа тіркеліп, түйіндемені толтыру керек.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова