Миллионер

goPuff: Студенттер табысты кәсіпті қалай ашты

goPuff - америкалық тағам жеткізу қызметі

goPuff – америкалық тауар жеткізу қызметі. Кәсіп бастапқыда тек түнде, студенттер тапсырысын жеткізумен ғана шектелген. Уақыт өте компания Америкадағы ірі тасымлдау сервисіне айналды. Balbal.kz студенттер ашқан кәсіптің құрылу тарихы жайлы материалды назарыңызға ұсынады.

         Алғашқы тапсырыс

Компанияны Дрексель университетінің студенттері Якир Гола мен Рафаель Илишаев құрған. Кәсіпті алғаш рет 100 тауармен бастаған олар негізінен сусындар мен тіскебасарларды жеткізумен шұғылданған. Кейде тапсырысты жеткізу үшін сабақтан да қалған кездері болған. Ал мобильді қосымшаны украиналық командамен бірлесе отырып жасайды.

Якир мен Рафаель бірінші айда аптасына 7 күн, таңға 04:20-ға дейін тапсырыстарды тасымалдаумен болған. Алғашқы клиенттері Филадельфияның орталығындағы үш университеттің студенттері еді. Сонымен қатар мобильді қосымшаны таныстыру үшін кәсіпкерлер мұғалімдерді де сабақ алдында жарнама жасауға көндірген. Бұдан бөлек түрлі хабарламалар, компания белгісі бар оттықтар мен магниттер таратқан.

Қос кәсіпкер ескі жиһазды сатудан түскен $60 000 болашақ компанияларына салады. Өз идеяларын іске асыру үшін «M&M» және «Snickers» сататын жергілікті дистрибьюторлармен келісім жасау қажет болған.  Тіпті кейбірін көндіру үшін өздерінің клиенттік базасы бар екенін де айтқан.

Пайда және табыс

Бизнес шығынсыздық нүктесіне алғашқы бес айдан кейін жеткен. Филадельфиядағы жеткізу қызметінен түскен табыс арқылы Якир мен Рафаель студенттер ең көп шоғырланған Бостон мен Вашингтонда кәсіптерін ашуды қолға алады. Табыс мөлшері 2015-2016 жылдары 1 000 %-ды құрады.

Кәсіптің дамуы

Бүгінгі таңда платформа 3 200 тауарды ұсынады. АҚШ бойынша 200-ден аса қойма жұмыс істейді. Жеткізу қызметінің құны $1.95, егер тапсырыс бағасы $49-дан көп болса, жеткізу тегін. «goPuff» қырыққа жуық жеткізушілермен келісім жасасқан. Сонымен қатар Филадельфиядағы ең ірі балмұздақ сататын компанияға айналып отыр.

Сервистегі тауралардың басым бөлігі миллениалдарға арналған. Ал клиентпен байланысты жақсарту үшін күнделікті қызықты видеоконтент ұсынылады.

Платформа арқылы ең көп сатылатын тауарлардың қатарында жануарларға арналған азық, су, үтік, таблеткалар, балалар майлығы, жуғыш заттар, тіс щеткасы, орамалдар мен пинг-понг добы бар.

         Жеткізу кезіндегі мәселелер

Компания тапсырысты 30 минуттың ішінде жеткізуі қажет. Дегенмен жүргізушілер мен қаладағы кептеліске байланысты уақытылы жеткізе алмай жатады. Келесі мәселе – алкогольдік ішімдіктер. Америкада сыра, шарап және өзге ішімдік түрлерін сатуға арналған лицензияны алуға ұзақ уақыт қажет. Дегенмен қазір «goPuff» нарықтағы ішімдік түрлерінің жартысынан көбін саудалай алады.

         Инвесторлар бағасы

2020 жылы компания құны $3,9 миллиардты құраған. 2021 жылдың басында $1,15 миллиард инвестиция құйылып, оның бағасы бірден екі есеге көтерілді. 2021 жылдың наурыз айындағы есеп бойынша, инвесторлар сервисті $8,9 миллиардқа бағалаған.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!