Миллионер

IT-индустриясындағы ең қымбат келісімшарттар

IT-индустриясындағы жаңалықтардан хабардар болыңыз

IT-индустриясындағы жаңалықтар әлемді өзгертуші негізгі факторға айналды. Ондағы өзгерістер мен келісімдер заман ағымын да өзгертетін қауқарға ие. Себебі ХХІ ғасыр тікелей ІТ-индустриясына тәуелді. Қолымыздағы гаджеттер мен түрлі инновациялық технологиялар осы саланың жемісі болып табылады. Balbal.kz мотивациялық сайты IT-индустриясындағы ең қымбат келісімшарттар тізімін назарларыңызға ұсынады.

«Microsoft» және «aQuantive» – 6,3 миллард доллар

Бұған дейін тарихтағы ең қымбат келісімшарт 1 миллиард долларды құраған. Бес жыл бойына дәл осы тарихи келісім ең қымбат келісімшарт болып саналды.

«Microsoft» пен «Skype» – 8,5 миллиард доллар

Қаржы тұрғысынан бұл келісім екі жақ үшін де тиімді болған. 8,5 миллиард доллар арқылы олар қазіргі уақыттағы ең көп сұранысқа ие платформаның иегері атанды. Алайда бұл жоба соңына дейін жетілдірілмеді. Ал Microsoft өз жұмысын жарнама арқылы жалғастырды.

«Google» және «Motorola Mobility» – 12,5 миллиард доллар

2011 жылы «Google» платформасы «Motorola Mobility» компаниясын 12,5 миллиард долларға сатып алды. Ал үш жылдан соң бұл кәсіпорын 2,9 миллиард долларға қайта сатылды. Бұл «Google» үшін тиімсіз келісімшарт болды.

«Symantec» және «Veritas» – 13,5 миллиард доллар

Бұл келісімшарт танымал емес. «Symantec» компаниясы «Veritas»-ты 13,5 миллиардқа сатып алған. 2005 жыл үшін бұл өте үлкен сомма болды. Бірақ ол өзін толығымен ақтай алды. Бұл «Symantec»-тің сауда нарығындағы орнын бекітті.

«HP» және «EDS» – 13,9 миллард доллар

«НР» «EDS» атты ескі технологиялық компаниясын сатып алуға 13,9 миллиард доллар жұмсаған. Бұл компанияның  1962 жылы негізі қаланған.

«Facebook» және «WhatsApp» – 16 миллиард доллар

Бұл келісімді көпшілігі дұрыс деп санамайды. Себебі мессенджер өз нарығында алдыға шыға алмай отыр.

«Microsoft» және «Linkedin» – 26 миллиард доллар

Бұл «Microsoft» тарихындағы ең үлкен келісімшарт болды. Себебі «Linkedin» халыққа өз тауарын өткізу және олардың қалауын білуге арналған ең үлкен әлеуметтік желі болып табылады.

«Softbank» және «ARM» – 32 миллиард доллар

Жапон компаниясының бұл келісімшарты нарық сұралымын өтеу үшін жасалған. Өйткені олардың есебінше ІоТ чиптері уақыт өте келе барлық үйге қажетті құралға айналады.

«Avago Technologies» және «Broadcom» – 37 миллиард доллар

2015 жылы жасалған келісімшарт негізінде жылдық айналымы 15 миллиард долларды құрайтын «Broadcom Limited» құрылымының негізі қаланды.

«Dell» және «EMC» – 67 миллиард доллар

Екі компания арасындағы бұл келісімшарт тарихтағы ең қымбаты атанды. Бұл келісімшарттың нәтижесінде «Dell» сауда нарығында жаңа деңгейге көтерілуі қажет болған. Өйткені компания қызмет көрсету саласында үлкен тәжірибеге ие және ақпаратты басқару мен сақтауда көп көмегін тигізеді деп есептелген еді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!