Миллионер

Клиентпен сөйлесу: 7 түрлі клиенттің тілін табу

Клиентпен сөйлесе білу керек

Клиентпен жұмыс істеу сіздің кәсібіңіздің басты табысы. Жеке дүкен немесе сауда үйлерін аралауға келген қонақ пен клиентпен орнатылған дұрыс қарым-қатынас табыс кепілі. Бірақ жұмыс барысында түрлі адамдармен кездесуге тура келеді. Олардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеу қажет. Назарыңызға клиент түрі мен жұмыс істеу әдістерін ұсынамыз.

«Таңдай алмай тұрмын»

Клиент өзіне не керек екендігін біледі. Ол баға мен тауар сапасын салыстыру үстінде болады. Осындай сәтте оған көмек көрсеткен дұрыс. Алдымен қандай ұсынысты қажет етіп тұрғандығын анықтаңыз. Әр тауардың бағасы мен сапасына анықтама беріңіз. Оған қысқа мерзімге арналған тиімді ұсыныс білдіріңіз. Сіздің ұсынысыңызға ие болу үшін қандай әрекеттерді істеу керектігін айтып беріңіз.

«Мен жай аралап жүрмін»

Клиентке ешнәрсе керек емес. Егер таңдай бастаса, қажеттілік бар дегенді білдіреді. Онымен әңгіме бастаңыз. Оның қажеттілігін толығымен біліп алыңыз. Қызықты ұсыныстар білдіріңіз (несие, бөліп төлеу, жеңілдік). Онымен байланыс жасау арқылы тауарды алмаған кездің өзінде кейінірек ұсыныс білдіріп көріңіз.

«Мен бәрін білемін»

Ешкімге сенім білдірмейтін, қырсық клиенттер сізді тыңдамауы да мүмкін. Бұл адамды бірінші тыңдап алыңыз. Фактілер келтіру арқылы сөзіңізді дәлелді етіңіз. Ұсыныс білдіру үшін қажетті ақпаратты жинаңыз.

«Қалыңыз қалай?»

Мұндай клиенттер бірінші сіздің жағдайыңызды сұрайды. Олармен тіл табысу оңай. Өз ұсынысыңызды тез қабылдатуға мүмкіндік бар. Бірнеше дерек айтып, қызығушылығын оятыңыз. Оған сұрақ қою арқылы қажетті ақпарат алыңыз. Әңгіме тақырыбынан ауытқымауға тырысыңыз. Клиент сөзін бөлуден қорықпаңыз. Бірақ оны көңілді екпінмен жасаңыз.

«Мұны алдымен келістіріп алуым керек»

Бұл көбіне ірі компаниялар мен корпорациялардың өкілдері айтады. Ол тауарды алмас бұрын бірнеше басшысын келістіруі тиіс. Сізбен бір ғана жауапты адам сөйлесуі қажет. Тапсырыс берушінің нақты қалауын біліп алыңыз. Көп жұмыскерлер тауарға қызығушылық танытса, басшының келісуі де жылдам өтеді.

«Өзім білемін»

Әдетте мұндай клиенттер әңгімеге жақын емес. Талапшыл, сұраққа сұрақпен жауап береді. Ол үшін сұрақтың бірнеше түрін қойыңыз. Ашық және жабық сұрақтар оның жауап бермеске амал қалдырмайды.Әр тауардың артықшылығын айтып, таныстырыңыз. Оған ойлануға уақыт беруді ұмытпаңыз.

«Жеңілдік бола ма?»

Сізден жеңілдік алғысы келетін клиент. Барлық бәсекелестердің бағасын біліңіз. «Сізде қымбат» десе, немен салыстырғанын біліп алыңыз. Содан соң тауар артықшылығын айтыңыз. Бағаның неліктен қымбат немесе арзан екенін толығымен айтып беріңіз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!